Микро көкөніс – бұл тамаққа қолданылатын көкөністер мен жасыл дақылдардың өскіні. Мұндай өсімдіктердің максималды биіктігі 4 см болады. Оларды өсіру өте оңай. Ол үлкен алқапты, егістікті жинау мен сақтауды қажет етпейді. Бар болғаны жайлы терезенің алды, тұқым, топырақ пен контейнер қажет.
Отаны Өткен ғасырдың соңында Калифорния мейрамханаларында дайын тағамдарды безендіру үшін микро көкөністер қолданыла басталды. Бірте-бірте таралып, мұхитты асып бізге жетті. Ғалымдар көкөністің біздің ағзамызға өте пайдалы екенін айтады. Қазіргі таңда көкөніс өсіру үлкен бизнеске айналып отыр. Ендеше неге бізге де үй жағдайында өсіріп көрмеске?
Айырмашылығы йырмашылығы Микро көкөністердің әдеттегі көкөністерден қандай айырмашылығы бар? Жас өсімдіктерде биологиялық белсенді заттардың мөлшері көп болады. Тіпті әдеттегі көкөністер мен жемістерге қарағанда әлдеқайда көбірек болады. Сонымен қатар, кез-келген өсімдік тағамдарын сақтау кезінде оның пайдалы қасиеттерінің бір бөлігі, ал микро көкөністер әрдайым құнды элементтерді сақтай отырып, балғын күйінде тұтынылады. Олардың көпшілігі айқын антиоксидантты әсерге ие. Ас қорыту жүйесіне өте пайдалы.
Түрлері Екпе-шиырмақ, кориандр, райхан, шалғам, дайкон, қырыққабаттың барлық түрлері (брокколи, кольраби, қызыл қырыққабат), руккола, қызылша, амарант, күнбағыс, бұршақ, астық тұқымдастар. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері және дәмдері бар.