Матиматикадағы ең күрделі есептерді меңгеріп, университет профессорларын таң қалдырған Жакоб Барнеттің (Jacob Barnett) IQ-ы 170 болып, Алберт Енштейннен де жоғары болғаны хабарланды. Америкада өмір сүретін Барнет есептеуді, алгебраны, геометрия және тригонометрияны бір аптада өзі үйреніп алған.
Бүкіл әлемнің назарын өзіне қаратқан Джейк, үлкен мәлімдемесінде: «Алберт Эйнштейннің “арнайы салыстырмалылық теориясын” дамытып, өзімнің “арнайы салыстырмалылық теориямды” дайындап жатырмын» деген. Баласының не жайлы айтып жатқаның түсінбеген және оның шындыққа қаншалықты жанасатынын білгісі келген анасы, Принстон университетінің жанындағы Advanced Study институтына видеосын жібереді. Институтта қызмет атқаратын атақты профессорлардан Скот Тримейн, Джейктің теориясының шынайылығынан әсерленгенін айтады. Джейктің отбасына электрондық поштамен «Физика пәніне деген қызығушылығынан әсерлендім. Оның жасаған теориясы, астрофизика және теориялық физикадағы ең қиын проблемаларды қамтыған. Бұны шешкен адам Нобель сыйлығына ие бола алады» деген.
«Отбасыммен математика жайлы сөйлескенімізде маған таңғалып қарайтын» деген Джейк, екі жасына дейін сөйлей алмапты. Бір жасқа толмай «аспергер синдромы» деп диагноз қойылған Джейк, үш жасында 5 мың сүрет құрастыру ойынын (пазл) бітірген. Елінің жол картасын зерттеген Джейк, бүкіл автожолдарды жаттап алған және көліктердің нөмірлерін жаттан айтып бере алады екен.
Сегіз жасында мектепті бітірген Джейк, кейін Индиана университеті-Пурду университеті Индианаполиста жоғарғы астрофизика бөліміне түсті. Джейк оқитын топтағы студенттердің ең жасы болуына қарамай сабақтардан кейін группаластарына сағаттап сабақ беруде.