Табиғатта маймылдың көптеген түрлері бар. Кейбіреуінің атауы ерекше әрі күлкілі. Мысалға тұмсықты маймыл немесе кахау деп аталатын түрін алсақ, «proboscis» грек тілінен аударғанда «тұмсық» дегенді білдіреді. Оның тұмсығы пілдің тұмсығындай үлкен болмаса да, тамақтану кезінде әжептеуір кедергі келтіретіндіктен олар ұстап тұруға мәжбүр.
Сипаттамасы
Аталықтары тұмсықтарымен ерекшеленеді. Мұрындары қиярға ұқсайды, ұзындығы 10 сантиметрге жетеді. Ашуланғанда мұрны ұлғайып қызарады. Ал аналықтар мен балалары таңқы мұрынды келеді. Тұмсықты маймылдың құйрығының ұзындығы денесінің ұзындығымен бірдей яғни 70-75 см, орташа салмағы 20 кг. Ал аналықтардың денесі 60-65 см, орташа салмағы 10 кг. Ересек маймылдың түсі қызыл қоңыр, сарғыш қоңыр болады. Аталықтары сонымен қатар аналықтарынан арқасындағы қоңыр түсті жалмен де ерекшеленеді.
Тіршілігі
Борнео аралы орманды алқабымен көз тартатын жер. Тропикалық ормандарында жануарлар әлемінің таңғажайып өкілдері мекендейді. Тұмсықты маймылдар да кездеседі. Жалпы маймылдың бұл түрі Малайзияда, жағалаулар мен аңғарларда тіршілік етеді. Мангр мен диптерокарп ормандары олардың сүйікті жерлері болып табылады.
Өмір салты
Сырттан қарғанда маймылдар толық, икемсіз болып көрінеді, бірақ қолдарымен тербеліп бұтақтан-бұтаққа тамаша секіреді, кейде тіпті адамдар сияқты екі аяғымен жүреді. Өзеннен 15 м қашықтықтан ары жылжымай, алдын-ала таңдалған ағаштарда ұйықтайды.
Қорегі
Жас жапырақтар мен жемістер, оларды іздеу үшін күніне екі шақырымға дейін жүреді. Ғалымдардың зерттеуінше, олар өсімдіктердің 47-ге жуық түрін тұтынады. Оның 30-ы жапырақ, ал 17-сі өскіндер, гүлдер мен жемістер. Қорек үшін арасында бәсекелестік жоқ, өйткені барлығына қорегі жеткілікті.