Жаңа балықты қалай білуге болады?

/upd/2015/0824/144043681655db52505a4b05.31290256.jpg

»  Жаңа балықтан теңіз балдырының иісі шығып тұрады.
» Желбезектері жылтырап және қызыл болып тұрады.
» Қабыршақты балықтардың қабыршақтары денесіне жабысып тұрады.
» Ауызы әрең ашылады.
» Жаңа балықтың еті тығыз және бейімделгіш болып, саусақпен басқанда қайтадан орнына келеді.
» Кішкене балықтарды алақанға қойғанда басы мен құйрығы салбырап тұрса ол ескі балық болғаны. Жаңа балықтың көздері жанып тұрады, мөлдір және сыртқа шығыңқы болады.
» Жаңа балықтың терісі ылғал, жылтыр болады.
» Балық ескіргенде қылтықтары етінен оңай алынады.