Жастарымыз

   жастар   Соңғы 20-25 жылдарда балаларға «Қойшы әйтеуір осылар еркін болсын, басқалардан кем болмасын. Ешнәрседен махрұм қалмасын, ешкімнен қысым көрмесін, қиыншылық көрмесін» деп менмендікке, мейірімсіздікке, бейнетсіз келген байлыққа итермеленді. Бар мүмкіндігінше мейіріммен жетілген бұл балаларға ақша керек болса ақша, машина керек болса машина, не қаласа сол берілді. Балалар рахаттыққа, жеңілдікке, ақшаға, молшылыққа үйренді. Сол себепті оларда құрметтеу, мейірімділік ету, қорғау, көмектесу деген сезімдері дамымады. Өйткені жас кезінен бері алуға әдеттенген, беруге үйренбегенді. Тек қана артықшылық сезімі, тәкаппарлық, үлкендерді елемеу, кәрілерді, әлсіздерді келемеждеу... сияқты біздің ұрпақтың кешіре алмайтын мінез түрлері пайда болды. Олардың тест емтиханындай жетістікке жеткен тағы басқа бір нәрсе бар. Ол, ұрандармен өмір сүру, ұрандармен сөйлеу... Құйма ілімдермен жетілген бұл балалар жылыжайда жасанды тыңайтқыштармен, гармондармен өскен жеміс іспеттес, түссіз, дәмсіз, иіссіз қалды... 

      Демек бұл жастарға ақша да, сәнділік те, жоғары білім де, әртүрлі мүмкіндіктер берілді, бірақ жақсы көру, кұрметтеу, әдептілік, басқалардың жағдайын ойлау, көмектесу, ынтымақтасу сезімдері берілмеді. Оларға осындай үлкен бір менмендікті сыйлаған отбасылар, қазір өз балалары тарапынан шеттелу трагедиясына тап болуда.