Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

1 желтоқсан - Тұңғыш президент күні!

   1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні —  жыл сайын аталып өтетін еліміздегі мемлекеттік мейрам. Бұл күнді атап өту елбасы — Н.Ә.Назарбаевтың мемлекет алдындағы дүр жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған.

Тұңғыш президент күні – 2011 жылы 10 желтоқсанда қабылданған мемлекеттік мереке. Елміздің сындарлы сәттері, 1991 жылдың 1 желтоқсанында алғаш рет бүкілхалықтық сайлау жолымен – Егеменді Қазақстанның Президенті сайланды.

Бұл мереке – 1991-2011 жылдар аралығында тәуелсіздік атрихының алғашқы 20 жылдығындағы ҚР Тұңғыш Президентінің ерен еңбегіне құрмет ретінде енді.

Бұл сайлауга бүкіл халық қатысты. Н.Ә.Назарбаевтың жетекшілігімен Қазақстан тәуелсіз ел болды. Халық оған "Елбасы" деген құрметті атақ берді. Тұнғыш Президент күні, халықтың Елбасына деген сый-құрметі мен сенімін білдіреді.