Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанда аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады.Қазір біздің мемлекетіміз еркін ғана емес, сонымен қатар демократиялық мемлекет болып табылады. Тарихымызда алғаш рет, демократиялық негізде Президент сайланды. Конституция қабылданды. Жаңа мемлекеттік рәміздеріміз бар: елтаңба, әнұран және ту. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып қабылданды. Әрине, басында қиын болды, бірақ Қазақстан Республикасының алғашқы президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көмегімен біз бәрін жеңіп, тек алға қарай жүрдік. Халық өз президентін жақсы көреді және оған сенім артады.Тәуелсіздік жылдарында үлкен жетістіктерге қол жеткіздік: жаңа мемлекет құрылды, экономикамыз дамыды және адамдардың өмір сүру деңгейі жоғарылады. Елімізде тұратын әр ұлт, өз тілінде сөйлеуге, мәдениеті мен дәстүрін дамытуға мүмкіндік алды. Бірқатар халықаралық ұйымдардың мүшесі болып қабылдандық. EXPO – 2017 көрмесін өткізу арқылы, бүкіл әлемге танымал болдық.