Қыстың ызғарлы, суық түндерінің бірі еді. Анасы жатқан жерінен баласына дауыстап, су сұрады. Әлі бала кезіндегі Баязид Бистами дереу орнынан тұрып су ыдысына қарай ұмтылды. Алайда ыдыста су қаламағандықтан далаға шығып, құдықтан су алып ыдысты толтырды. Суықтан сол сәтте-ақ бетіне мұз қата бастаған ыдыстағы суды үйге алып кіргенінде анасының қайта ұйықтап қалғанын көрді. Оятуға қимады. Сол қалпында күтіп тұрды. Сәлден соң анасы оянып "су, су" деп ыңылдады. Ал Баязид қолындағы ыдысымен күтіп тұрған еді. Суықтың әсерінен қолдары тоңып, саусақтары ыдысқа жабысып қалған еді. Бұл халін көрген анасы: «Балам ыдысты неге жерге қоймағансың, неге қолыңда ұстап тұрсың?» деді. Баязид Бистами «Анашым, оянған кезіңізде суды дереу бере алу үшін, қолымда ұстап күтіп тұрмын» деді. Бұдан кейін анасы «Йа Раббым! Мен баламнан разымын. Сен де разы бол!» деп шын көңілден дұға етті. Бәлкім анасының осы дұғасының себебімен Аллаһу та’ала оған әулиеліктің өте жоғары дәрежелеріне қауышуды ихсан етті.