2020 Қыркүйек Балалар бақшасы

Өтірік өлең
Көбелекпен дос болдым,
Содан бері оң жолым.
Көбелекте қанат жоқ,
Шешіп тастап жүр тонын.
Арыстанға жеткізді,
Сермеп қойып бір қолын.
Амандасты аң патша
Маған атты бір соғым.
Өрмекшіміз алжыды
Тағып білмей оң-солын.
Кездестірдім түлкіні
Еңіреніп жүр долым.
Жолбарыспен кездестім,
Қой сықылды тым момын.
Қыс қамына қамданып
Тоқып жатыр ол тоқым.
Аюым жүр орманда,
Жылдам теріп құр қоқым.
Сылаңданып билейді
Көл бетінде бір тотым.
Сөйлеудің хас шебері,
Қасқыр дейтін бір досым.
 Жалқау деген жануар
Тап береді ол тосын.
Жыртқыш болып алыпты
Жасақтайды бұл қосын.
Жұмыс бердім аралап,
Іске бәрі жарамақ.
Ай сайын ақша төледім
Ауадан – ақ санап ап.

Еңлік Жұмаш, Алматы қаласы

Армандар
Сабақтан соң үйге келіп ойландым мен,
Ойларыма қарап таңғалдым мен,
Бірде ақын, бірде батыр, бірде күйші,
Болам деген күндерім өтіпті кең.
Домбырамды қолға алып,
Ел, жұрттарды аралап, Халықтарға көрсетіп.
Қазақтардың өнерін
Жүріппін ғой ойымда,
Сауыт киген батырмын
Қолымда өткір қаруым.
Елімді мен қорғайтын,
Батыр болды мойымда.
Киіз үйде бар адам
Тыңдап отыр күйімді
Мағауия атама,
Теңгелген күйші болыппын

Біржан, 11 жас, Балқаш қаласы

Мен бақытты баламын

             Мен бақытты баламын. Себебі: менің денсаулығым бақытты , бір-бірімізбен ренжісіп қалсақ кері татуласамыз. Адамның ең бірінші бақыты денсаулық. Адамның дені сау болса барлығы да болады. Біреулер «мен де ана бала сияқты зат жоқ, әдемі киім жоқ, телефон жоқ» деп ренжиді. Оған өкпелемеу керек. Сенің ата-анаң бар, аман сау, денсаулығың жақсы болса одан асқан бақыт бола ма? Мен өзімді осы әлемде ең бақытты баламын деп сезінемін. Менде керектінің бәрі бар. Сабағымды беске оқимын, каратэден өзге қалаларға барып жүлделі орындар алып жүрмін. Міне, мен ең бақытты да мықты баламын!

№46 ЖОББ мектебінің 4 «Д» сынып оқушысы Исатай Нұркерей

Білім
Білімді ешкім жепкөр мес,
Білімді мен жақсы көрем,
Білім өте қызықты,
Білімсіз ақыл болмас.

Аманжол Жұлдыз, 9 жас, Шолаққорған

Балалық шақ

             Бақытты балалық шақ – ең әдемі әрі есте қаларлықтай кезеңнің бірі. Адам өміріндегі ештеңеге айырбастай алмайтын айшықты ғажап уақыт. Мағжан атамыз айтпақшы, «Балалық шағы – патшаның тағы, ала алмас оны бағалап» - демекші, расымен, балалық дәурен патшаның тағы секілді құрметті. Менің балалық шағым керемет өтуде. Оған ата-анамның тигізер үлесі зор. Сол үшін, ешкімді болмаған аяулы сәттерді сыйлағаны үшін ата-анама алғыс айтамын. Еліміздегі бейбітшілік, мамыражай күнде бақытты болуымыздың басты себебі деп есептеймін. Асыр салып ойнап, шат-шадыман күйде жүргенімізге тәуелсіз елде тұрып жатқанымызың а өз септігі бар. Әрбір бала ашық аспан астында, күннің нұрына, ата-ананың мейіріміне бөленіп жүруге әбден лайықты. Балалықтың бал дәмін татып, әдемі әлемнің кейіпкері болу да бір бақыт деп ойлаймын. Бал ғұмырымды одан әрі де әсемдеуге тырысамын.

Мирамбек Айым, 8 жас, Ақтөбе облысы, Аралтоғай ауылы

Жетістік жеңіске жетелейді

             Адам – қоғамның әлеуметтік бір мүшесі. Сондықтан ол әрдайым қоғаммен санаса өмір сүреді. Барлық адам жемісті ғұмыр кешуді армандайтыны рас. Бірақ тек еңбек етіп жүрген адамдарды жетістікке қол жеткізеді десек қателесеміз. Әрине, еңбек те жетістіктің бір бөлігі. Бірақ, жетістікке жету жолында еңбектің бір өзі аздық етеді. Сонда жетістік дегеніміз не? Адам баласы өмірінде нәтижелі еңбек етіп, мол тәжірибе жинап оны өзінен кейінгілерге қалдырып отыруға тиіс. Сонда ғана артында жарық ізі қалады. Ертеңіне ұмтыла білген адамға бақыт та үйір.
            Сонда жетістік – бақыттың қайнар көзі. Бұл көзді қаншалықты ашасың, соншалықты бақыт табасың. Демек, адамның бақыт рақатына бөленіп, шаттыққа орану жолдарының бірі – жетістік. Жетістікке жету жолында әр адамда сенім болуы қажет. Адам іштей өзіне сенсе, барлық нәрсені жеңе алады. Ұлы шешімнің бастамасы өзіңізге деген сенімділікте жатыр. Жетістікке жетем деген адам уақытқа мән беруі тиіс.
            Әр нәрсенің өз уақыты бар.  Кешке күннің батуы, таңертең күннің өз ұясына көтерілуі секілді. Темірді қызған кезде ұрмасаң, кеш қап қоясың. Бір істі кейінге қалдыру жетістікке әкелмеуі мүмкін. Жетістікке жеткісі келетін адам тәуекелге бара білуі керек. Жетістік баспалдақтарын саралап, өзінің еңбегіне шүбә келтірмей сенеді.
           Жетістікке жетудің тағы бір тармағы – құзіреттілік. Білім – математикадағы амалдарды білу. Ақыл – сол білгеніңді қолдана білу. Білімді қолдана алмасақ, оң нәтиже болмауы мүмкін. Ал қолдана алатын адамдарды – құзіреттілігі бар адамдар деп атаймыз. Жетістікке жету жолындағы келесі баспалдақ – тынымсыз еңбек. Тынбай еңбек еткен адамның оң нәтиже алары сөзсіз. Жетістікке жету жолында әрқашан тер төгіледі. Жетістікке жеткен кезде маңдай теріңнің жемісін көретін боласың. Жетістікке жету жолындағы ең маңызды әрекеттер – армандай білу және ертеңімізге мақсат қою. Маңыздысы – іштей сену және мақсатқа жету жолында тынбай еңбек ету. Өміріңді қалай өткізетінінді қағазға түсір де, іске көш!
           Сенің арманың – сенің бақытың. Ал бақытқа қол жеткізуің – жетістігің. Жетістік – талмас қанат, сарқылмас күш және қажымас қайратты талап етеді. Егер сен жоғарыда айтылған қағидалармен әрекет ететін болсаң жетістікке жетесің. Содан соң жетістік саған үйір болады. Еттің дәмін сезініп алған адам ет жегісі келе беретіні секілді. Қорықпа. Жаңашыл бол. Ертеңіңе ұмтыл. Арманда. Алдыңа мақсат қой. Тынымсыз еңбек ет. Жетістігің құтты болсын!

М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық
мектеп-интернаттың 9 «А» класс оқушысы Тыныштықбай Мубарак