2020 Тамыз Балалар бақшасы

Анажан
Анажан әлдилеп баласын,
Біз  үшін әрқашан дарасың.
Балалардың бақыты үшін күрескен,
Әлемдегі ең керемет анасың!
 
Тең келмейтін сом алтынсың қолдағы,
Бір өзіңсің біздің үйдің гүл бағы.
Жарық берер Алтын Күнсің көктегі,
Болып жүрсің жанымыздың қорғаны
 
Анашым, анашым, анашым,
Әжеме баласың, ал бізге анасың.
Аялап, әлпешпеп өсірген,
Қолдаушы періште, қамқоршы панасың!

Бағдат Айдос, 8 жас, Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Алтықарасу мектеп-балабақшасы

Салауатты өмір салты

            «Денсаулық – зор байлық» деп бекер айтылмаған сөздер. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны маңызды. Сондықтан денсаулығымызға көп көңіл бөліп, салауатты өмір салтын ұстануымыз керек.
            Салауатты өмір сүру үшін біздер ең бастысы – дұрыс тамақтанып және спортпен айналысуымыз қажет. Қазіргі кезде зиянды тамақтар өте көп, олардың бәрі денсаулығымызға қауіпті. Компьютердің, теледидардың алдында көп отыруға болмайды. Пайдалысы – көп уақытты таза ауада өткізіп, кітаптар оқуымыз керек.
            Деніміз сау болса, біз бақытты боламыз, әрқашан көңіл-күйіміз жақсы болады. Біздің болашағымыз, денсаулығымыз өз қолымызда. Сондықтан спортпен айналысып, таза ауада серуендеп, көп кітаптар оқиық.

№46 ЖОББ мектебінің 4 «Д» сынып оқушысы Ибатулла Тоғжан
Сынып жетекшісі: Жансауле Кәкімжанқызы

Жүректен жүрекке
Айналаңа махаббатпен қара,
Алға үмітпен қара,
Артқа ризашылықпен қара,
Аспанға иманмен қара,
Жауыңа сабырмен қара,
Жақынға сыйластықпен қара,
Досыңа мәңгілік қолпашыңдай қара,
Өмірге күлімсіреп қара!

Абылқасымқызы Дана, 11 жас, Алматы қаласы

Достар
Нанды баспа,
Ананың ойы балада,
Дәнді шашпа,
Баланың ойы далада.

Саяжан, 12 жас, Шымкент қаласы

Менің отбасым

            Менің отбасымда 4 адам бар. Әкем, анам, ағам және мен. Біз бір-бірімізбен өте тату тұрамыз. Мені ағам сабаққа апарып, әкеліп жүреді. Біз демалыста әжемізге барамыз. Менің туған күнім 23 сәуір. Менің туған күнімді бүкіл отбасымызбен, жақын туыстарымызбен атап өтеміз. Ата-анам әрдайым менің бар қалауымды орындайды. Біз бақытты отбасымыз!

№46 ЖОББМ мектебінің 4 «Д» сынып оқушысы Қуаныш Айкөркем
Сынып жетекшісі: Жансауле Кәкімжанқызы

Қорқыт атаның нақыл сөздері
Самай шашы ағарған баба көрікті,
Ақ сүтіне тойғызған ана көрікті.
Жаңашыр ағайын-туған көрікті,
Өнегелі бала көрікті.
Қыз ақылды ескермес,
Ана үлгісін көрмесе.
Ұл жарылқап ас бермес,
Ата үлгісін көрмесе.
Қыз анадан үйренбей, өнеге алмас,
Ұл атадан үйренбей, сапар шекпес.

Өмірзақ Ақтоты, 9 жас, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Изенді ауылы

Менің арманым

            Әрбір адамның өз армандары бар. Дәл сондай менің де арманым бар. Анам,әрқашан жақсы ойда болсаң, арманыңды қағазға немесе коллаж қылып түсірсең, тез орындалады, дейді.
            Мен қағазға өзімнің қалауымды анық жазып жүремін. Шынымен көптеген армандарым орындалып жатыр. Армандарың орындалу үшін әрекет ету керек. «Әрекет түбі берекет» деген сөз рас екен.
            Мысалы, менің көптеген әріптерді анық айта алмаймын. Сол арманымды орындау үшін жатар алдында және тұрғанда тілімді жаттықтырамын. Сондықтан барлық  адамзатқа айтарым, бір нәрсені үйренгіңіз келсе көп әрекеттеніңіз. Арман – ол адамның қалауы. Жаңа жыл қарсаңында барлықтарыңыздың қалауларыңыз орындалсын.

№46 ЖОББ мектебінің 4 «Д» сынып оқушысы Шарипова Тұмар
Сынып жетекшісі: Жансауле Кәкімжанқызы

ҚР Конституциясының 25 жылдығы

            Осы жылы Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл болады. Жалпы айтқанда, ҚР Конституциясы еліміздің Ата заңы болып келеді. 1995 жылы алған Конституция Қазақстаннын тәуелсіз ел болғаннан соң екінші Конституциясы болып табылады. Әр мемлекет заңдар жинағы бойынша өмір сүреді. Ол заңдарды халық қабылдайды, яғни, халық депутаттары. Заңсыз мемлекет – мемлекет болып саналмайды. Сол себепті, Ата заңы өміріміздегі барша салалармен тығыз байланысты.
            Адам баласы дүниеге келгеннен бастап белгілі бір заңдар бойынша өмір сүреді. Заңдарға бағынбаса немесе заңдарды бұзатын жағдайда шаралар өткізіледі. Егер халық заңсыз өмір сүретін болса ,белгілі «хаус» пайда болу қауіпі бар.
Баптарға бағынған адам өз патриотизмдігін көрсетеді деген ойдамын. Себебі, туған тілін, өзінің тарихи шығу тегін білуге арналған баптар жинағы бар. Яғни, баптар адамдардың патриотизмдік сезімін арттырады.
           Көптеген баптар адам бостандығына арналған. Мысалға, әр адамға өз денсаулығын сақтауға құқығы бар , діні, төлін тандауға құқығы бар және тағы басқалары. Елдерде Конституция тәуелсіз мелекет болғаннан соң пайда болады. Сол себепті Конституция осы замаңғы мемлекеттіліктің маңыздылығынын белгісі.
Қорытындылай келе: Конституция немесе Ата заңы – Мемлекеттің негізгі заңдар жинағы болып табылады.

М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған
мектеп-интернатының 8-класс оқушысы Гүлсая Кәрімбай

Шәкірт алғысы

           Ұстаз – ұлағатты сөз. Ұстаз – біздің екінші анамыз. Мектеп табалдырығын имене аттаған сәтімде мейірім шуағын төгіп, өз баласындай ішкі ойымды оқи білген алғашқы ұстазым мен үшін қадірлі, ардақты жан.
           Осындай жанның бірі Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектептін бастауыш сынып мұғалімі Ақсұлу Мұратқызы мен үшін ерекше жан. Апайымның ақ жарқындығы,әр нәрсеге байыппен қарайтындығы біз үшін өнеге. Ұстазымыз бізге білім берумен қатар тазалыққа, ұқыптылыққа, еңбекқор болуға, достыққа, отаншылдыққа тәрбиеледі. Білімге ұмтылудың, білімді болудың сан қырлы әдістерін бізге үйретуден жалыққан емес. Біз сыныптастарымызбен ұстазымызды құрметтейміз. Ақсұлу Мұратқызына алғысымыз шексіз. Шәкірттеріңізді білім нәрімен сусындатып, мейірім шуағын шаша беріңіз!

Танбай Мейрамбек, Орал қаласы, 4 «Ә» сынып оқушысы