2020 Шілде Балалар бақшасы

Ұстаз
Аяулы менің ұстазым,
Білімменен нәр берген.
Үйреткенсіз тәлімді
Орындаймын сөз берем.

Амандық Айқын, 8 жас
Ақтөбе облысы, Аралтоғай ауылы

Қиял
Әркімнің қиялы әртүрлі,
Менің бар қиялым біртүрлі
Аспаннан тәттілер жауады,
Керемет алуан сан түрлі.
Қиялдап армандап , күлемін.
Шоколад жолдармен жүремін.
Армандап тағы да келемін
Барлығын қиялдай беремін.

Амандық Айым, 10 жас, Ақтөбе облысы, Аралтоғай ауылы

Тәлімі мол шаралар

            Біздің мектебімізде дәстүрлі түрде әр пән бойынша апталық өтеді. Соңғы рет жаратылыстану пәні бойынша өткен апталыққа қызық толы тапсырмаларымен ерекшеленді. Сонымен қатар ашық сабақтар, кездесу кештері, әр түрлі жарыстар болды. Оқушылар химия пәнінен түрлі эксперименттер жасады. «От отхода, к доходу» шарасы ерекше қызығушылығымызды тудырды. Керексіз, пайдасыз нәрселерден өмірге қажет, пайдалы заттар жасау қажет етеді. Оқушылар ұшқыр қиялымен небір дүниелерді көрсетті. Бұл апталық Алғыс айту күнімен сәйкес келгендіктен, жақын жандарға алғысымызды білдірдік. Тапсырмаларын Апталық аясында дәрігермен кездесу өткізіп, сұрақтарымызды қойдық. Вирусты аурулардан сақтану жолдары, жеке бас тазалығы жөнінде тұщымды ой айтты.

Гүлсая Кәрімбай, Ақтөбе облысы, 8-класс оқушысы

Жаз келді
Қуанамыз балаша біз,
Құстар сайрап, күн нұрынан нәр аламыз.
Асыр салып, мәз-мейрам боп,
Суға түсіп шаттана шомыламыз.

Әбдікерімова Жансая 9 жас 
Жетісай қаласы

Тәуелсіздік таңы атты
Тәуелсіздік  таңы атты,
Әлемге нұрын таратты.
Көк туымыз желбіреп,
Соқты, жүрек елжіреп.
Айдарынан жел ескен,
Бар дүниемен теңескен.
Мақтан етем елімді,
Достық, бірлік үні екен.
Кең далама қарасам,
Арман қуып бел асам.
Қуат алып өзіңнен,
Жыр жаздым шын көңілден.
Атар таңым арайлы
Әлем бізге қарайды.
Жаса, Елім мәңгілік
Атсын алдан таң күліп.

Исатай Нұркерей, Орал қаласы, 3 «д» сынып оқушысы

Анашым
Жүрегі оның әрқашанда махаббат.
Сезімі оның тұнып тұрған шапағат,
Қимастықтан қоштасып ем жан ана,
Ренжісең кешіргейсің мені ана.
Алтынмен аптармын,
Күміспен қаптармын.
Бірақ та анамды
Ешкімге сатпаймын.

Береке Ақбота, 10 жас, Баян-Өлгей аймағы

Балалық шақ

            Бақытты балалық шақ – ең әдемі әрі есте қаларлықтай кезеңнің бірі. Адам өміріндегі ештеңеге айырбастай алмайтын айшықты ғажап уақыт. Мағжан атамыз айтпақшы, «Балалық шағы- патшаның тағы, ала алмасоны бағалап» - демекші, расымен, балалық дәурен патшаның тағы секілді құрметті.
Менің балалық шағым керемет өтуде. Оған ата-анамның тигізер үлесі зор. Сол үшін, ешкімді болмаған аяулы сәттерді сыйлағаны үшін ата-анама алғыс айтамын. Еліміздегі бейбітшілік, мамыражай күнде бақытты болуымыздың басты себебі деп есептеймін. Асыр салып ойнап, шат-шадыман күйде жүргенімізге тәуелсіз елде тұрып жатқанымызың а өз септігі бар. Әрбір бала ашық аспан астында, күннің нұрына, ата-ананың мейіріміне бөленіп жүруге әбден лайықты.
Балалықтың бал дәмін татып, әдемі әлемнің кейіпкері болу да бір бақыт деп ойлаймын. Бал ғұмырымды одан әрі де әсемдеуге тырысамын.

Мирамбек Айым, 8 жас, Ақтөбе облысы, Аралтоғай ауылы

Астана
Астанам – бас қалам,
Үйлері көкпен  таласқан
Қарасаң көзің тоймайды,
Бәйтерегі нұр шашқан.

Балжан Жасубиева

Өнерді құрметтеу - парыз

             Халқымыз қай заманда да өнерді алдыңғы орынға қойып, қастерлеген. Сегіз қырлы, бір сырлы өнер иелерін сыйлап, «Өнер алды – қызыл тіл» деп бағалаймыз. Өнер адамдарын ардақтап, олардың қабілеттері мен дарындарын ұрпаққа үлгі етіп отыратын халқымыз «Жаныңда жүр жақсы адам» деп көкірегі ояу, рухы биік, жүрегі таза тұлғаларды қашанда қолдап, мерейін арттырып отыруға игі ықпал етеді. Маңымыздағы аз сөйлеп, көп жұмыс атқаратын, жанындағы адамдарға өз өнерімен дәстүрлі мәдениетімізді дәріптеп жүрген, мәдениет қайраткері —Балтабай Ыбырайов дәл осындай жақсы адам.Көктөбе 1 ауылының тұрғыны ауданымыздың белгілі азаматы Балтабай Ыбраевтың өмірбаяны, шығармашылығы мен өнері КЕЛЕШЕК ұрпаққа үлгі боларлық.
             Қазақ өнерінің айтулы тұлғаларының бірі ретінде қазақ мәдениетіне үлес қосып қана қоймай, шетелдерге ұлттық ойындарымызды, аспаптарымызды таныстырды, насихаттады. Сабырлы мінез, сырбаз қалпынан, қарапайымдылығынан айнымайтын, адамгершілігі мол, жүрген ортасына сыйлы, мейірімді де қайырымды азамат. Үлкенді-үлкендей, кішіні-кішілей сыйлай білетін қарапайым жан. Балтабай Ыбырайұлының жасап жүрген игі істерінің ұлт болашағы үшін тәрбиелік маңызы зор. Бір жылдың ішінде АҚШ, Францияға, Түркия мемлекеттеріне қазақ өнерінің айтулы тұлғаларының бірі ретінде сапар шегіп, қазақтың мәдениетін, өнерін паш етіп қайтқан.
             Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында белгіленген алтыншы басымдықта «Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар, ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз»- делінген. Сонымен қатар «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының Жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі. Балтабай Ыбрайұлының «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жасаған жұмыстары елдің өркендеуіне қосқан үлесі деп білемін.
Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс.
             Олай болса, Балтабай Ыбыраевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына да қосқан үлесі ұшаң-теңіз.

Назерке Худайбергенова, Рахат ауылдық округі №1 орта мектебінің 11 сынып оқушысы
Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы