2020 Маусым Балалар бақшасы

Ұлы дала
Ұлы дала жерімнен,
Қыран ұшқан көгімнен.
Елім менің қарайды
Болашаққа сеніммен.

Берікқали Инабат, 9 жас, Ақтөбе қаласы

Бақыт
Аққудайын жүземіз біз,
Айдынында бақыттың.
Күндей шалқып күлеміз біз,
Шалқарында шаттықтың.
Бақыт берген, шаттық берген,
Нұрсұлтан біздің атамыз.
Саясында ойнап күліп,
Бар қызыққа батамыз

Шакиева Дильназ, 12 жас, Қызылорда қаласы

Хаски

            Сібірлік Хаски тұқымының иттері бір қарағанда ғашық бола алады. Олардың қимылдары мен көзқарастарында жабайы, таза табиғаттың әсемдігі және шексіз қарлы шөлді жерлердің әсемдігі сезіледі. Бұл тұқым Сібірде пайда болған және чукчи тайпалары оны әртүрлі мақсаттарда кеңінен қолданған. Алайда, мәселе мұнымен шектелмеді - бұл жануарлар Чукчидің сенімді достары, үй жануары болды. Олар бірге ұйықтап, бірге тұрды.

Нұрмаш Назгүл, 10 жас, Қызылорда қаласы

Көктем 
Көктем келді, бүршік атты тал, ағаш,
Көктем келді жылғалардан су ақты.
Көктем келді, құстар келді алыстан
Барлығы да көктем нұрын сезініп
Тамаша ғой көктем, жаңбыр жауар көктен.
Құстар дағы əн қосып, әнге салар бір-бірден.

Баймурат Ақдидар, 12 жас, Өскемен қаласы

Астана
Астана – жер жаннаты керемет,
Ортасы жақсылық һәм береке.
Тату-тәтті қазағымның қатынасы әр ұлтпен,
Қарсы алар қонағын бешбармақ, қымыз, етімен.
Қазақстаным – ар-ожданым, салт дәстүрін сақтаған.
Жау қолына елімізді батырларым сатпаған.
Көзге түскен, көрініс тапқан, мұраға толы елімнің,
Негізін қалап, бастап тұрған қала – ол Астана!

Темірлан Аяна, 11 жас, Тараз қаласы

Анашым

            Анамды мақтан етемін!!! Менің анам-мұғалім. Ол көп оқиды, жаттайды. Себебі, мамандығы – қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі. Анама қарап, мен де қызықты кітаптар мен журналдарды оқығанды жақсы көремін. Оқыған - смартфон қызықтағаннан да жақсы. Бұл –анамның ақылы. Ол кісінің жетекшілік ететін сыныбы бар. Олар қазір 9-сыныпта оқиды. Шетінен тәртіпті балалар. Мектептегі үлгілі сынып. Осының бәрі менің анамның еңбегі. Анашым ән салғанды жақсы көреді. Өнерлі. Мен анамды мақтан етемін, өте жақсы көремін.

Сарсенбеков Ақылбек, 14 жас, Алматы облысы, Шелек ауылы

Махамбет батыр
Қазақтардың жерінде,
Жасқұс деген төрінде,
Махамбет батыр тұрған-ды,
Күйші, ақын, шешен де.
Жауларының қолынан қаза тапқан,
Махамбет қарашаны қолдаған жан.
 
Өтемістің екінші баласы боп,
Халқықтың үмітінің отын жаққан.
Бала кезде мұсылманша білім алған,
Үйреніп жүріп басқалардан кем қалмаған.
 
Өскенде өмірдегі орнын тауып,
Өлеңдерін қітапқа тізіп жазған.
Заңға қарсы айыптармен ұсталыпты,
Абақтыда екі жылдай қамалыпты.
Бір күні түрмеден қашып шығып,
Артынша таза жолмен ақталыпты.
Жәңгір ханның әрекеті бұрыс болды.
Халықтан үлкен көтеріліс туды.
Жәңгір ханның істеріне мезі болып,
Махамбеттің жүрегі кекке толды.

Темірлан Аяна, 11 жас, Тараз қаласы

Қиял
Әркімнің қиялы әртүрлі,
Менің бар қиялым біртүрлі.
Аспаннан тәттілер жауады,
Керемет, алуан, сан түрлі.
Қиялдап армандап, күлемін.
Шоколад жолдармен жүремін.
Армандап тағы да келемін.
Барлығын қиялдай беремін.

Амандық Айым, 10 жас
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Аралтоғай ауылы