А әріпі
А дегенім атаң,
Ақ тілекті батаң.
Ақыл сөзін тындап,
Ардақтай біл ботам.
Өмірзақ Ақтоты, 9 жас
Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Изенді ауылы
Ана тілі
Ана тілім жүрегім
Ақ сүтпенен бойымызға дарыған,
Алпыс екі тамырыма тараған.
Қанмен келген қасиетті алып күш,
Тіршілікке нәрін беріп дамыған.
Ана тілде айттым алғаш сөзімді,
Таныдым да айналамды өзімді.
Бабалардың ерлігін де үлгі етіп
Өз тілімде үйреністім төзімді.
Сыйлап өтер, жырлап ана тіл
Әр сөзінен балы тамған бала тіл.
Азияның жүрегінде орны бар
Қазақ тілі ғажап тілі, дара тіл!
Әлімбатыр Айша, 9 жас
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, "Күреңбел қазақ орта мектебі" КММ
Ең бақытты немере!
Мен ең бақытты, ең сүйікті, ең ерке немеремін. Себебі, менің екі атам, екі әжем де бар. Ата мен әже үшін немеренің орны бөлек. Мені кішкентай кезімнен барынша еркелетіп, мейрамдар бар махаббатқа бөлеп өсірді. Туған күн, жаңа жыл, басқа да мейрамдар кезінде үнемі сыйлықтар әкеліп әлі күнге дейін қуантып отырады.
Менің нағашы атам мен әжемнің есімі «Қыз Жібек пен Төлеген» иә, дәл кинодағы есімдер. Нағашы атам мен әжем бар өмірін мектепке арнаған. Әжем бастауыш сыныптың ұстазы болса, атам аға лейтенант дәрежесімен алғашқы әскери дайындықтан дәріс беріп, кейін мектеп директоры болған, шалғай ауылдағы екі мектептің негізін қалаған. Білім саласына сіңірген еңбегі зор. Көптеген алғыс хаттар мен грамоталарға ие болған, «Оқу ісінің озаты» деген төсбелгінің иесі. Қазіргі таңда зейнеткерлік демалыста. Жазғы демалыстарда атама ауылға қыдырып барамын. Нағашы атам өте білімді, бос уақытында көп кітаптар оқиды. Сонымен қатар нағашы атамның ақындық өнері де бар. Кез-келген қонақтықтарда өз тілегін бір шумақ өлеңмен бастайды. Мағанда арнап бірнеше өлеңдер шығарған. Атам ауылдан келген кезде қуанып қарсы алып аламыз.
№46 ЖОББМ мектебінің 4 «Д» сынып оқушысы Уразай Сұлтан
Сынып жетекшісі: Жансауле Кәкімжанқызы
Менің қарындастарым
Мен үйдің үлкенімін. Менің бірге туған екі сүйкімді қарындастарым бар. Оларды қатты жақсы көремін. Үлкен қарындасымның аты – Наргиза. Ол №46 мектептің 1 «В» сыныбында оқиды. Мектепке бірге барып, бірге қайтамыз. Ал кіші қарындасымның есімі – Марьям. Ол әлі кішкентай. Ол сондай сүйкімді әрі тәтті. Мен сабаққа немесе үйірмеге кетсем, оны қатты сағынамын. Оның қылықтары есіме түсіп, үйге қарай асығамын.
№46 ЖОББ мектебінің 4 «Д» сынып оқушысы Уразай Сұлтан
Сынып жетекшісі: Жансауле Кәкімжанқызы
Мен бақытты баламын
Бақытты болуға әр адам лайықты және әр адамның өзін бақытты қылу өзінің қолында деп санаймын. Мен өзімді бақытты балалар қатарына жатқызамын. Өйткені менің толық отбасым және туысқандарым бар. Ата-анам менің барлық жағдайымды жасап отыр. Менің ең сүйікті ісім ол – футбол. Әкем мені футболға қатыстырып, күнде тренировкаға апарып, үлкен қалаларда өтетін жарыстарда қолдау көрсетіп отырады. Әкем мен анам әрбір демалысымызды, жексенбі күндерімізді көңілді жақсы өтуіне көп көңіл бөліп отырады. Жазғы демалымызды теңіздің жағасында өткізбекпіз, ата-анама ризашылығым шексіз. Бірақ әр нәрсені қанағат тұту керек, қанағат болған жерде бақыт табылады.
Менің мектептегі жетістіктерім сынып жетекшімнің арқасы, олардың бәрін таңдап тырысып жүрген менің де үлесім бар. Ата-анам әрбір жетістігімді, шеберлігімді қолдап, қуанып жүреді. Ата-ананың бақыты ол – балалары, ал бала отбасымен бақытты. Менің отбасымда әкем, анам, үлкен ағам және сүйкімді қарындасым бар. Мен ең бақытты баламын.
Мен бақытты баламын,
Әрқашанда көңілді.
Әр адамның бақыты,
Отбасының түгелі.
№46 ЖОББ мектебінің 4 «Д» сынып оқушысы Жаулыбай Аркен
Сынып жетекшісі: Жансауле Кәкімжанқызы
Көктем
Жатыр дүние қарбалас буынып бір,
Жатырқады көктем күн суынып бұл.
Бұтақтары теңселіп қара ағаштар,
Жапырақтар жауынға жуынып тұр.
Маужырасын табиғат есінесін,
Жапырақтар жайқалып көсілесің.
Тамшы қаққан баладай тіліменен,
Көктен күтіп талдар тұр несібесін.
Бұл дүние бөленген баққа не бір,
Мұндай күнде мейлі ғой шаттан, егіл.
Жауынменен жуынып тазаруда,
Дымқыл күнде дамылдап жатқан өмір.
Қызылорда қаласының Мұрагер мектебінің 9 «А» сынып оқушысы Сандыбай Піржан
Ұстаз – ұлағатты есім
Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі деп Ыбырай Алтынсаринның сөзімен бастағым келіп отыр.
Дүниедегі мамандық аталының төресі- ұстаздық. Ұстаз барлық мамандықты тәрбиелейтін, оқытып, үйрететін абзал жан. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалымда, ел қорғаған батыр да, бал тамған ақын да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көл күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарғада бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
№46 ЖОББ мектебінің 4 «Д» сынып оқушысы Ұзақбаева Аружан
Сынып жетекшісі: Жансауле Кәкімжанқызы
Туған тілім – айбыным
Тіл – біздің басты байлығымыз. Ол бізге ана сүтімен еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің өз мақтанышы. Сонымен бірге атадан мұра болып келе жатқан құндылық. Әрбір адам өз ана тілін қастерлеп қана қоймай, қорғап, көзінің қарашығындай сақтай білуі тиіс. Ана тілі мен үшін басты құндылықтарының бірі. Тілді біз баға жетпес байлық ретінде санауымыз керек. Себебі, тіл басты құндылық, ерекше мұра және ел байлығы.
Алматы облысы, Талғар ауданы, Туғанбай ауылы
№30 жалпы білім беретін мектептің 4 «Ә» сынып оқушысы Умаржан Күмісай
Шаттық
Шаттық шеңбері
Ақыл жастан, Асыл тастан
Шығады деп дарынды,
Халық айтса, халық сөзі
Әрқашанда нанымды.
Сол өнердің жолын қуған
Бөбектердің атынан
Сәлем сізге жалынды!
Кенжегулова Майра
Қарағанды қаласы «Балапан» бөбекжай КМҚК
Туған тілім – айбыным
Қазақ тілі - менің ана тілім. Әр елдің басты байлығы - тіл. Біздің елімізде ана тілін құрметтеуге барлық жағдай жасалған. «Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді» дегендей, менің бойымды, ойымды өсірген - қазақ тілі. Тілі бар адам бақытты адам. Қазақстан көп ұлтты мемлекет, елімізде Тіл туралы заң бар. Қазақстанда тіліміздің мәртебесі көтеріліп келеді. Елімізде үш тілді білуге мүмкіндіктер бар. Үш тілді оқып-үйрену өте маңызды деп есептеймін. Көп тілді білген адам білімді, жан-жақты болады. Болашақ біздің қолымызда. Ендеше, Қазақстанның тағдырын, болашағын ойлайтын болсақ, қазақ тілін жоғары көтеріп, бағалап, құрметтеп жүрейік.
Алматы облысы, Талғар ауданы, Туғанбай ауылы
№30 жалпы білім беретін мектептің 4 «Ә» сынып оқушысы Раис Мирас
Туған тілім – айбыным
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі - әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдіретті. Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріліп қалыптасады. Ана сүтімен бойға енген қасиеттер туған тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталу керек. Айналада адамдарға, өзінің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуден басталады. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы.
Ана тілім
Ана тілім, бал тілім,
Өзің барда шалқыдым.
Өз тілімде ән шырқап,
Тербетіліп балқыдым.
Алматы облысы Талғар ауданы Туғанбай ауылы
№30 жалпы білім беретін мектептің 4 «Ә» сынып оқушысы Кахарман Жамиға