2020 Наурыз Балалар бақшасы

Көктем мезгілі

             Маған көктем мезгілі ұнайды. Себебі, күн жылынып, құстар ұшып келеді. Ал құстардың сайрағаны өте әдемі және көктем мезгілінде ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі  тойланады. Сол мейрамда қазақтың ұлттық тағамдары дайындалып, ұлттық киімдеріміз киіліп, ән-күй шашылып, ұлттық ойындарымыз ойналады. Осы мереке маған қатты ұнайды.

№46 ЖОББМ мектебінің 4 «Д» сынып оқушысы Зинолла Нұрайым
Сынып жетекшісі: Жансауле Кәкімжанқызы

Апатайым
Шуағын шашқан біздерге,
Апатайым жет жүзге.
Қуантып мен жүремін,
Күлсін деп сізді әр кезде.
 
Жан атам
Ардақтысың жан атам,
Немереңмін сіз баққан.
Ақыл айтып біздерге,
Мектепке мені апарған.

Балқыбек Жібек, 7 жас
№ 152 мектеп-гимназиясының 2«М» сынып оқушысы

Кітаппен дос болайық!

             Сыныбымызда «Кітаппен дос болайық!» атты тәрбие сағаты өтті . «Кім тапқыр» ойынымен басталды.
Бір сандық бар өзгеше,
Қолыңа алып жүресің.
Ішің  алып  ақтарсаң, 
Өмір сырын білесің
             Жалқау, салақ  оқушының  қолына  түскен  кітап  мұны көрінісі  қойылды. Апайымыз біздің  назарымызды  нақыл сөздерге аударып, кітаптың өмірдегі маңызын айтты. Адам ақыл-ойының, мінез-құлқының қалыптасып, білімінің арта беруіне қызмет етіп, адамгершілікке баулиды. Кітап туралы мақал-мәтелдер айтылып, жұмбақтар жасырылды.                                       

Орал қаласы,  №46 ЖОББМ, 3 «д» сынып оқушысы Ибатулла Тоғжан

Аташым
Асыл  менің   аташым,
Қамқоршымсың, данасың. 
Бар жақсыны сыйлаған,
Біз үшін сен панасың.
 
Мезгілдер
Қыс келді балақай,
Қар атысып ойнайық.
Көктем келді балақай,
Гүлдер теріп алайық.
Жаз келді балақай,
Жемістерді асайық.
Күз келді балақац,
Мектепке жол тартайық.

Жанель Көшербай

Мен бақытты баламын

            Мен толыққанды отбасында дүниеге келдім. Сүйікті ата-әжем, әке-анам, бауырларым бар. Қазақстандай кең байтақ елім бар. Заманауи жабдықталған, сәулетті мектепте, зиялы мұғалімдерден білім, тәрбие аламын, болашағым айқын.

Мен бақытты баламын.
Әрқашанда көңілді,
Әр адамның бақыты
Отбасының тірегі.
Әкем менің қуаныш,
Анам менің жұбаныш,
Атам менің көңілді,
Әжем менің ақылды,
Мен бақытты баламын!

№46 ЖОББ мектебінің 4 «Д» сынып оқушысы Байжан Жасмин
Сынып жетекшісі: Жансауле Кәкімжанқызы

Айнымас досы бар адам – ең бақытты адам

            Адамдар бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады. Достық – өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Достыққа адал болу, көмектесу және оны қадірлей білуден адамның жақсы қасиеті көрінеді.
Мен де өзімнің бірінші сыныптан бастап досым Нұркерей туралы айтқым келеді. Нұркерей сынып үздігі. Сыныпта өтетін шараларға белсене қатысады. Жақында өткен «Тәуелсіздік – тұғырым» атты мәнерлеп оқу сайысында көзге түсіп І орын алды. Мәнерлеп оқығанда алдына жан салмайды. Сабақтан тыс каратэ үйірмесіне де қатысады. Қалада өткен сайыста І орын алып, Алматы қаласына жарысқа кетті. Мен кейде досымнан осының барлығына қалай үлгересің деп сұраймын. Сонда досым уақытыңды тиімді пайдалансаң, бәріне де үлгеруге болады деп күлімдеп жауап берді.
Бейімдеп мінезімді мінезіне,
Ұқсағым келіп тұрар бір өзіңе.
Ай нұрлы, шуақ жүзді асыл досым,
Өзіңді балап жүрем күн көзіне.
Жақында өткен «Ұлы дала ұрпақтары» республикалық байқауы көркем сөз оқудан жүлделі І орын алды.

Орал қаласының №46 ЖОББМ 3 «д» сынып оқушысы Жаулыбай Аркен

Менің атам

            Мен өзімнің атам туралы айтқым келеді. Атамның аты-жөні Сарқұлов Оразай. Атам өте ақкөңіл, мейірімді жан. Халыққа адал қызмет еткен адам. Адамдарды баратын жеріне жеткізіп отырады, жүргізуші. Бүгінде №12 мектепте балалар автобусының жүргізушісі. Өз өмірін адамдарды үйлеріне, отбасына аман-есен жетуіне арнаған атамды мен қатты жақсы көремін. Атама зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін.

Орал қаласының №46ЖОББМ 3 «д» сынып оқушысы Уразай Сұлтан

«Абай – дана, Абай – дара қазақта!»

           Жақында  қазағымыздың      ұлы  ақыны   Абай атамыздың 175 жылдығына орай «Абай-дана,Абай-дара, қазақта!» атты ашық тәрбие сағатын өткіздік. Онда ұлы ақынымыздың өмірі мен шығармашылығымен таныстық. Абай Құнанбаевтың өміріне байланысты қызықты деректерді білдік.
           Ұстазымыз Жұмабаева Гүлзат апайдың нұсқауымен Абай атамыздың бірнеше өлеңдері мен оған сәйкес берілген суреттерден жауап табуға тырысып, топтық жұмысты қызықты өткіздік. Барлық балалар Абай атамыздың шығармаларын айнытпай таба білді. Абай  атамыздың «Көзімнің қарасы» әнін әуендете шырқадық. Осы тәрбие сағатындағы алған әсерімізді «Фишбоун»  әдісімен тарқаттық. Тәрбие сағатын Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі бес асыл істі алақанның бес саусағына жазып тақтаға ілдік.
           Қорытындысында Абай Құнанбаев атамыз бен Мұхтар Әуезов   атамыздың арасындағы терең байланысты мына өлең жолдарымен шегелеп кеттік.
                                 Абайды Абай еткен Мұхтар ғана,
                                 Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана,
                                Қазақтың қос арысы, қос данасы
                                  Қалайша бас имессің оған, сірә

Баққожа Аяжан 
Алматы  облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек  ауылы
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінің 5 «А» сынып оқушысы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмабаева Гүлзат Иманғожақызы 

Сүйікті сіңілім

           Менің сіңілімнің есімі Айсұлу. Жасы төртте. Ол қазіргі уақытта №47 «Бәйтерек» балабақшасында тәрбиеленуде. Сіңілімнің басты ерекшелігі қазақ тілімен қоса орыс тілінде де жақсы сөйлейді. Ол өзінің тәтті қылығымен, тапқырлығымен әрдайым таң қалдырады. Осындай сіңілімнің барына қуанамын.

№46 ЖОББ мектебінің 4 «Д» сынып оқушысы Хамеш Амина
Сынып жетекшісі: Жансауле Кәкімжанқызы