Ғарыш және құс жолы

/upd/2016/0608/14653719355757cd1fd0fca1.67310260.jpg

Осыдан жүз жылдай бұрын-ақ әлем жалғыз құс жолы галактикасынан ғана тұрады деп есептелетін. Кейін 100 миллиардттан аса галактикалардың бар екені анықталды.
Жалғыз Құс жолының өзінде ғана күн сияқты 100 миллардттан астам жұлдыздар бар. Яғни күн галактиканың ішінде қалыңдығы 1 мм, көлденеңі 80 м және ұзындығы 10 км жағалаудағы құмның жалғыз бір данасындай ғана. Көзімізге өте үлкен болып көрінетін жеріміз болса күннен 1 млн есе кіші.
100 км/сағ жылдамдықпен жүретін көлікпен күнге 170 жылда жетуге болады екен. Ал құс жолының ішінде күнге ең жақын жұздыз Альфаға сол көлікпен 37 400 000 жылда жетуге болады. Енді қалған жұлдыздардың арақашықтығын ойлап көріңіз?
“Құс жолы” деп жаз күндері түнгі көкжиектен бастау алатын, газ бен тозаң тұмандықтарынан және құрамына жер мен күн жүйесі енетін, шамамен екі жүз триллионға жуық планета және жұздыздардан тұратын галактиканы айтады.
Құсы жолы галактикасының диаметрі 100 мың жарық жылынан астам, ал оның қалыңдығы 1000 жарық жылы шамасындай болып келеді. (1 жарық жылы – 10 триллион км) Галактиканың массасы күн массасынан 100 миллиард есе артық. Күн жүйесі сияқты мыңдаған жұлдыздар шоғырынан тұрады. Ғарышта галактикадан миллиондаған жарық жылдары ұзақтықта осы сияқты миллиондаған галактикалар бар. Бұлардың барлығы бірінші қабат аспанда.
Элементтердегі электрон және нейтондар қалай айналып жүретін болса, барлық денелер де ғарышта солай айнала қозғалып жүреді. Мысалыға, күн 100 км/с жылдамдықпен галактика центрін айнала қозғала отырып, өз осі бойынша 240 км/с жылдамдықпен айналуда. Бұдан басқа Вега жұлдызына да 18 км жылдамдықпен жақындауда. Күн, галактикадағы барлық жұлдыздар және планеталар да осылай қозғалыс халінде.