2020 ақпан Балалар бақшасы

16 желтоқсан
Бейбіт күн, бейбіт өмір сыйлап кеткен,
Ата-баба рухтарын сыйлап өтем.
Ешкімде ештеңеде ұмытылмас,
Қазақстан тәуелсіз ата-мекен.

                        Бауыржанқызы Аяжан, 8 жас
                        Талдықорған қаласы

Күз
Төрт мезгілім тамаша!
Көз тоймайды қараса.
Күз айларым осылар
Қыркүйек, қазан, қараша.
Сарғайып жасыл жапырақ,
Мұңайып жерге түседі.
Жеміс-жидек албырап,
Бақшамызда піседі.
Самал желмен әндетіп,
Тербелер егін бесігі
Күз айында ашылар,
Алғашқы білім есігі.

                        Шопан Насихат
                        Ақтау қаласы

Күз
Күзім келді сарғайып,
Алтын күзім әдемі.
Жапырақтар боялып,
Табиғатты өзгертті.
 
Жапырағым алтын түс,
Қызығамыз соларға.
Қарап-қарап қоймаймыз,
Әсемдікке таң қалып.
 
Күзгі жерге қараймын,
Алтын кілем жайғандай.
Күздің ғажап айлары –
Қыркүйек, қазан, қараша.
 
Күзім келді күркіреп,
Жаңбыр жауды сіркіреп.
Күзгі ағаш албырап,
Жаңбырдан соң дамылдап.
                           Бергенұлы Рахман
                           О. Жұмабеков атындағы 4 «ә» сынып оқушысы
                           Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы

Жаңа жыл
Келді міне Жаңа жыл
Жаңа арман, жаңа жыр.
Барлық бала шаттанып,
Би билейді қуанып.
Неткен әсем қыс деген
Құлпырды ғой айнала.
Аппақ дала, қаламыз
Жаңарды ой-санамыз.
                          Аманбек Нұргүл
                          Қызылорда қаласы №112 орта мектеп 3 «Б» сынып оқушысы

Туған тілім – айбыным
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі - әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдіретті. Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріліп қалыптасады. Ана сүтімен бойға енген қасиеттер туған тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталу керек. Айналада адамдарға, өзінің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуден басталады. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы.
"Ана тілім"
Ана тілім, бал тілім,
Өзің барда шалқыдым.
Өз тілімде ән шырқап,
Тербетіліп балқыдым.
                           Какарман Жамиға
                           Алматы облысы, Талғар ауданы, Туғанбай ауылы, 4 "Ә" сынып оқушысы

Қыс
Қыстан кейін алмасып,
Көктем мезгілі келеді.
Бәйшешегім жарқырап,
Шыға келді сарғайып.

Күз
Қыркүйек, Қазан, Қараша,
Күз айы келді тамаша.
Барлық жерде алтын түс,
Жарқырайды алтын күз.
                           Махмұджан Сарвиноз
                           Алматы қаласы №155 мектептің 3 «ә» сынып оқушысы

Туған тілім – айбыным
Тіл – біздің басты байлығымыз. Ол бізге ана сүтімен еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің өз мақтанышы. Сонымен бірге атадан мұра болып келе жатқан құндылық. Әрбір адам өз ана тілін қастерлеп қана қоймай, қорғап, көзінің қарашығындай сақтай білуі тиіс. Ана тілі мен үшін басты құндылықтарының бірі. Тілді біз баға жетпес байлық ретінде санауымыз керек. Себебі, тіл басты құндылық, ерекше мұра және ел байлығы.
                          Умаржан Күмісай. 4 "Ә" сынып
                          Алматы облысы, Талғар ауданы, Туғанбай ауылы, 4 "Ә" сынып оқушысы

Шаттық шеңбері
Ақыл жастан, Асыл тастан
Шығады деп дарынды,
Халық айтса, халық сөзі
Әрқашанда нанымды.
Сол өнердің жолын қуған
Бөбектердің атынан
Сәлем сізге жалынды!
                          Кенжегулова Майра
                          Қарағанды қаласы "Балапан" бөбекжай КМҚК
 
Құндылық
Əр адам құндылық деген сөзді естіген кезде ойына құнды заттар, құнды ақпараттар келуі мүмкін. Негізінде адам өзін парасатты, инабатты, мейірімді адаммын деп ойлайды. Бұларда құндылыққа жатады. Əр ана үшін өзінің баласы құнды болып саналады. Құндылықтың түрлері өте көп. Мысалы: отбасылық құндылық,материалдық құндылық, рухани құндылық, тарихи құндылық, өмірлік құндылық, мəдени құндылық т.б
                          Асетова Дария, 12 жас
                          Атырау қаласы

Жас натуралистер стансасына саяхат!

Сәлем достар! Менің есімім Зарина, Ақтөбе қаласы, Бауыржан Момышұлы атындағы №62 қазақ орта мектебінің 4 «ә» сынып оқушысымын. Біздің сынып оқушылары күзгі демалыста қалалық жас натуралистер стансасының тірі бұрыш жануарларына саяхат жасадық. Стансадағы түрлі жануарлар мені қызықтырмай қоймады. Әр жануардың өзіндік сұлулығы мен сүйкімділігі ерекше әсер берді. Құстар мен жануарлардың түрлі дыбыстары бейне бір зообақта жүргендей болдым. Тауыс құсы бізді құшағын жайып қарсы алды, өте сұлу екен. Аппақ, көгілдір, қоңыр түсті әдемі көгершіндер бізді айнала аспанда қалықтап ұшты, тіпті ұшып келіп алақанымыздан жем жегенде керемет қуандым.  Әп-әдемі, жұп-жұмсақ, сүйкімді көжектер бізден еш үрікпей, қасымызға жүгіріп келгенін көрсеңіздер. Сол күнгі ерекше сезімімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.  Мен енді жас натуралистер стансасының «Жас орнитолог» үйірмесіне қатысамын.
                       

 Саршина Зарина
                         Ақтөбе қаласы,
                         Қалалық жас натуралистер стансасы

Туған тілім – айбыным

Қазақ тілі - менің ана тілім. Әр елдің басты байлығы - тіл. Біздің елімізде ана тілін құрметтеуге барлық жағдай жасалған. "Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді" дегендей, менің бойымды, ойымды өсірген - қазақ тілі. Тілі бар адам бақытты адам. Қазақстан көп ұлтты мемлекет, елімізде Тіл туралы заң бар. Қазақстанда тіліміздің мәртебесі көтеріліп келеді. Елімізде үш тілді білуге мүмкіндіктер бар. Үш тілді оқып-үйрену өте маңызды деп есептеймін. Көп тілді білген адам білімді, жан-жақты болады. Болашақ біздің қолымызда. Ендеше, Қазақстанның тағдырын, болашағын ойлайтын болсақ, қазақ тілін жоғары көтеріп, бағалап, құрметтеп жүрейік.

Раис Мирас.
Алматы облысы, Талғар ауданы, Туғанбай ауылы
№30 жалпы білім беретін мектептің
4 "Ә" сынып оқушысы

 Итбалықтың мекені

Ерте, ерте, ертеде «Орман» деген мекенде барлық аңдар бірге өмір сүріпті. Итбалықтарда орманда басқа аңдармен бірге тұрыпты. Бір күні аң патшасы арыстан барлық аңдарды жинап бір – бірімен дос болуды бұйырыпты. Күндер жылжып өте беріпті. Бір күні қорбаңдаған итбалық бүлдірген теріп жүріп абайсызда түлкінің інін бұзып кетіпті. Бұны түлкі дереу арыстанға барып , итбалық менің күшіктерімді өлтірмекші болып інімді бұзды, онысымен қоймай, менің күшім көп, патша болуға мен лайықпын деп жүр дейді. Қаһарланған арыстан дереу итбалықты шақыруды бұйырады. Арыстанның қаһарынан қорыққан итбалық қашып теңізге түсіп кетеді. Арыстаннан қорыққан итбалық содан бері теңізде өмір сүретін болыпты.

Ноғай Еркебұлан, 10 жас
Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Өрнек ауылы
Алғабас шағын орталықты орта мектебінің 4 «А» сынып оқушысы