Қараңғы түн, сар дала,
Көрінбейді айнала.
Боран соғып тұр борап,
Жолды басқан құр сорап.
Астымдағы жануар.
Құлағын қайшыландырып,
Зорға борт-борт желеді.
Ызғарлы жел долданып,
Екі иінінен демалып.
Ішін тартып осқырып,
Кейде қатты ысқырып,
Аңдай ұлып бір мезгіл,
Екі санын шапақтап,
Біресе сақ-сақ күледі.
Боранын тәңір ашпады,
Жол білінбей бастады,
Көрінген бір жарық жоқ,
Босаңсиды Қаракөк...
Сар далада адасып,
Суық кебін жамылып.
Қаларын кім білген...
Қасым Айғожа, 10 жас
Ақтау қаласы