Жыл мезгілдері
Алтын күзім келді,
Алтын түске боялып.
Жатыр далам сарғайып.
Жаңа жылым кеп қалды,
Аппақ ұлпа қарымен.
Келеді сосын көктемде ,
Бəйшешек атып бүршігін.
Гүлдерім шығып болса егер,
Жайдарлы жазым келеді
Барлық бала шаттанып,
Той тойлауға кіріспек.
Жыл мезгілдің бəрі де,
Солай келер алмасып
Шөкенова Жұлдызай, 8 жас
Ақтөбе қаласы, Əйтеке би ауданы, Аралтоғай ауылы
Менің қарындасым
Қарындасым менің,
Қамқоршымсың менің
Кіп-кішкентай болсаң да,
Жақсы көремін сені
Шүкен Нұргелді, 8 жас
Ақтөбе қаласы, Əйтеке би ауданы, Аралтоғай ауылы
Әке
Асқар тауым əкем
Сені жақсы көрем.
Əрқашанда əкем,
Қамқоршымсың сен.
Көмектесіп маған,
Еркелетіп жүресің,
Сенің орның мен үшін
Көк тіреген төбесі,
Тауданда биіксіз.
Əрқашанда күлімдеп
Жүрші ортамда мəңгі.
Шөкенова Жұлдызай
Ұстазым менің
Ұстазым менің Мағрифа апай,
Бізге білім үйреткен.
Ардақтаймыз біз оны,
Бізге бәрін үйреткен
Құттықтаймыз біз сізді
Алдағы мерекеңізбен
Отбасымен әрқашан
Аман-есен жүрсе екен.
Бағдат Айдос, 7 жас
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Алтықарасу мектеп-балабақшасы
Туған жер
Мәңгілік ел Туған жерім,
Кіндік қаным тамған жер,
Қазақстаным, сенен асқан бар ма ел.
Кең далада бірлігіміз жарасып,
Бейбітшілік басымызға қонған жер,
Жаса елім, жүрегі кең қазағым,
Көк аспанда қалықтай бер, мәңгі ел.
Нұртаза Ерасыл
Жезқазған қаласы, Қабден Шыңғысов атындағы №5 мектеп
Тәрбие тал бесіктен
Педагог болғандықтан ба, өз басым бала тәрбиесіне бей-жай қарай алмаймын. Бес жасар қызым – Айза балабақшаға барғалы оның қаншалықты дамығанын, нені үйренгенін, білгенін жіті бақылап отырамын. Баланың өз әлемі бар, ол – ересектердікінен өзгеше. Оған тек бала көзімен қарау керек. Ал кейде баламен ересек адам секілді тең дәрежеде сөйлесуің қажет. Кеше Айзаны балабақшадан алып қайтқанда, оның көңіл күйі ерекше көтеріңкі екенін байқадым. Қызым күндегіден өзгеше. Өзіне деген сенімі артып, әп сәтте есейіп кеткендей ме?
Айзаны ақырын сөзге тарта бастадым:
- Айзатай, бүгін көңіл күйің жақсы сияқты. Соған қарағанда бақшада бір
қызық болған-ау шамасы.
- Қайдан біліп қойдың, анашым? Біз бүгін бақшада неше түрлі әдемі заттар
жасадық. Мені апайым мақтады. Білесің бе не үшін?
- Иә, не үшін мақтады?
- Себебі менің киізім бәрінікінен әдемі шықты және мен бәрінен бірінші
бітірдім.
- Киіз?! Қайдағы киіз? – деп, мен таңданысымды жасыра алмадым.
Алматының төріндегі балабақшада қайдағы киіз деп тұрмын ішімнен.
- Ой, анашым, соны да білмейсің бе? Оны жүннен жасайды ғой. Жүнге
былай су себесің, орайсың, сосын ашсаң, киіз болады. Ал жүнді қойдың үстінен
қиып алады.
- Солай ма? Мұның бәрін қайдан біліп алғансың?
- Айгүл апай айтты. Апай бізге қалай жасауды көрсетті. Сосын біз
жасадық. Мен бәрінен бірінші бітірдім.
- Сосын киізді не істедіңдер?
- Киіздің бетіне гүл жабыстырдық. Гүлді де жүннен жасадық.
- Мәссаған! Онда сендер текемет жасапсыңдар ғой.
- Иә, текемет жасадық. Киізден тағы үй жасауға болады. Кәдімгі киіз үй!
- Керемет екен. Текеметтерің қайда, көруге бола ма?
- Әрине, болады! Оларды біз балабақшаның көрмесіне қоямыз.
- Жақсы екен.
- Анашым, үйде киіз жасасам бола ма?
- Болады. Тек бізде жүн жоқ қой.
- Онда біз оны ауылға барғанда әжемнен сұрайық!
- Сұрайық, балапаным!
Енді қуаныш менің де көңілімді кернеді. Ата салтымыздан ажырап,
шұбарланған.
- Болады. Тек бізде жүн жоқ қой.
- Онда біз оны ауылға барғанда әжемнен сұрайық!
- Сұрайық, балапаным!
Енді қуаныш менің де көңілімді кернеді. Ата салтымыздан ажырап,
шұбарланған тілімізді бүтіндей алмай жүргенде, бүлдіршіндерімізге түп қазығымызды танытуға ұмтылу – қандай игі бастама. Жалаң сөзбен
жаттатпай, қолдарына нағыз жүнді ұстатып, оның қасиетін сезіндіру санаға
сіңіп, өмірлік дағдыға айналары сөзсіз. «Ел болатын ел екенбіз, болашағымыз бар
екен. Тәубә, Тәубә!» деп, Жаратқанға шүкіршілік еттім.
Шынар Манапқызы Алматы қаласы Медеу ауданы
№116 бөбекжай-балабақшасының ата-анасы
Табиғат
Табиғатты құрметтейік балалар,
Қоқыс тастап ластамайық ауаны.
Зиян келер табиғатқа бір күні
Сондықтанда ойлан досым.
Табиғат қой адамдардың мекені
Табиғатты ластамайық сол себепті!
Айтбек Айнара, 10 жас
Алматы қаласы
Ұстаз – ұлағатты есім
Мектептің басты жүрегі – ұстаз! Шәкірттеріне білім-тәрбие беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан ол әрқашан қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Мен Балпейсова Еркежан Айбекқызы Ақтөбе қаласындағы №19 орта мектептің 2"Ә" класында окимын. Маған әліппені алғаш ұстатып, оқушы атанғанымызбен құттықтағын, класс жетекшім- Кубашева Сима Курмангазиевна өте ақылды, ұлағатты ұстаз, біздің екінші анамыз. Әрқашан барлық оқушыларды тек алға қарай тартады. Апайдың айтқанын орындап,ренжітпеуге тырысамыз. Өйткені, ұстазым соған лайықты жан. Аяулы ұстазымыздың бізге артқан сенімі мен үмітін ақтаймыз!
Балпейсова Еркежан, 7 жас
Ақтөбе қаласы
Нұр-Сұлтан – арманның астанасы!
Мереке ауылдық кітапханасында 5 шілде кітапхана қызметкері Мусабаева Ақнұрдың ұйымдастыруымен 6 шілде – «Астана Күні» мерекесіне орай «Нұр-Сұлтан – арманның астанасы!» тақырыбында Мереке ауылдық мектебінің лагерьге баратын оқушылардың қатысуымен танымдық сағаты өтті. Жас ұрпаққа ақиқатқа айналған арман қала Астананың кешегісі мен бүгінгісі жайлы сыр шертіп, экран арқылы Астананың сәулетті жерлерімен таныстыруды, олардың бойында Астанаға деген құрмет, сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыра отырып, оларды адамгершілікке, Отанымызды қадірлеуге баулуды, ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеуді мақсат еткен іс-шараны кітапханашы Мусабаева Ақнұрдың жүргізді. – Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліміз жаңа – ХХІ ғасырға қадам басар тұста ел астанасын Алатау баурайынан Сарыарқа өңіріне көшіруі тарихи оқиға болғаны анық. Қазір бұл шешімнің өміршеңдігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Есіл бойына көшіп-қонғаны, Астананың онан кейінгі дамуы, Елбасының осы орайдағы ерлікке толы ересен еңбегі, 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Әлем қаласы» атағы берілгені, Астананың «Бейбітшілік қаласы» болып әлемге танылғаны жөнінде жан-жақты айтып берді. Астана күн санап көркейіп келе жатқан болашақтың қаласы екенін қуанышпен жеткізді. Іс-шара барысында Астана туралы өлеңдер оқылып, кітапханашы «Біздің елордамыз Нұр-Сұлтан» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.
Мусабаева Ақнұр
Қостанай облысы, Наурызым ауданы, Мереке ауылдық кітапханасы
Ұстаз – ұлағатты есім
Қасиетті сөз! Алғаш өмірдің қыр-сырын білуге, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық. Ұстаз – біздің екінші анамыз. Әсіресе, сынып жетекшінің орны ерекше. Сынып жетекші ол тек білім теңізінде жүзетін кеменің капитаны ғана емес, ол оқушының танометрі іспетті. Әр оқушының мінез-құлқын жетік меңгерген, әр ата-ананың тілін дәл табатын ұлы тұлға. Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім нәрін себеді, адамды өмір сүруге тәрбиелейді. Менің алғашқы ұстазым – Кубашева Сима Құрманғазиева. Біз үшін
оның орны ерекше. Ұзақ жылдар бойы оқушыларын білім нәрімен сусындатып келген білікті ұстаз. Ол Ақтөбе қаласының №19 орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарып, табысты еңбек етіп келеді. Ол кісі өз ісінің шебері. Себебі, бізге қиын кезеңдерде қол ұшын созудан шаршаған емес. Ол кісі – алтыннан да бағалы ойларын, ақыл-кеңесін беруге әрдайым дайын жүреді.
Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға деп шығармамды аяқтағым келеді.
Балпейсова Еркежан Айбекқызы 7 жас
Ақтөбе қаласы №19 орта мектеп 2 «ә» сынып оқушысы