2019 қараша Балалар бақшасы

Ұстазым
Ұстазым ақ арманым,
Үйреткен білім нәрін.
Өзіңмен мақтанамын,
Жадымда сақталған жыр-әнің.
Шуағың боп тараймын,
Мен бақытқа балаймын.
Өзіңе шын жүрекпен,
Арнай жүрем тәтті өлең.

Убайдуллина Жанерке, Ақтөбе қаласы,
№ 64 Ұ.Құлымбетов атындағы
орта мектептің 4 класс оқушысы

Мұқағали
Кешіп өтіп тіршіліктің тайғағын,
Қалқып іштің қара өлеңнің қаймағын.
Сөз кестесін тіктің қара өлеңмен
Алып қолға ақ қаламдай оймағын.
 Үйретуден ұрпаққа бас тартпаған,
Поэзия шыңына бір өзің ғой асқақтаған.
Халықтың сен едің ғой, Мұқағалиы
Жанына жаман қылық жасатпаған
Өлең деген ұлы өрісте өрлеген,
Жүрек дертін жылы сөзбен емдеген.
Сен едің ғой, Мұқағали, елім деп
От жүрегі елжіреген, терлеген.

Абенова Қауныш, 15 жас
Жаңаарқа ауданы, Тугускен ауылы

Күз
Найзағай күркіреп,
Жаңбырлар сіркіреп.
Жапырағы албырап,
Түседі дамылдап.

Бақтыбаева Айару, 8 жас
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы

Көктем
Көктем келді бүгін,
Күнім төкті нұрын.
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
Түрлі-түсті әйбат,
Гүлдер шықты жайнап.
Көктемде келер,
Құстар да жетер ән салып.
Көктер де шығар,
Көгілдір нұрға тамсанып.
Сулар да тасар,
Кетпесе екен деп тіле,
Мұхиттар көлге қарсы ағып.

Рыстанбек Орынкүл, 9 жас
Түркістан облысы, Шымкент қаласы

Қызықты өлең
Теріп едім алма,
Жеп едім алма.
Анам маған арнап,
Жасап еді алма.
Тойдым мен де оған,
Сыйлап едім саған.

Өмірзақ Ақтоты, 8 жас
Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Изенді ауылы

Сары күз
Күздің бітуіне санаулы күндер қалды. Желдің гуілдеген даусы мен жаңбырдың сыбдыры терезеден өтеді. Жер бетіндегі қара балшық аяғымызға жабысып, ажырамас емес. Сап-сары болған жапырақтар жер бетін жауып тастаған. Құстар қаз-қатар тізіліп, жылы жаққа ұшып жатыр. Қыстың қамын жаз ойла демекші, адамдар қыстың қамын ойлап, тірлігін жасауда. Міне, ертең–ақ күздің демалысында бітіріп, сабаққа ораламыз.

Ержанов Мақсат, 8 жас
БҚО, Орал қаласы

Жылдың төрт мезгілі
Күз бен қысты өткесін,
Жылдың көктем, жазы бар.
Естен шығып кетпесн,
Жыл мезгілін жазып ал.

Қабдел Ариман 9 жас
Зинеден ауыл

Анаға арнау
Айналайын ақ пейілді анашым,
Кең пейілді қорғанымсың, панасың
Мерекеңмен құттықтаймын өзіңді,
Тәлім берген жетелеген данасың.

Мадина
Талдықорған қаласы

Үш дос
Ертеде Ерік пен Берік деген достар болады. Оларды көре алмайтын Марат Берікті қызғаныпты. Оны байқап қалаған Ерік ренжіп қалып, анасына айтыпт:
- Анашым, Марат менің досым Берікті ойнауға шақырды. Мені шақырмады. Қатипа апайға айтынызшы. Маратқа ұрыссын! – десе, анасы:
- Балам ұят болады. Ол сенің досың емес пе? Маратқа өзің тиіскен жоқсың ба?
- Жо-жо-жоқ тиіспедім.
- Мені алдама! Түріңнен көрініп тұр.
- Анашым, кешірініз, өтірік айтқаныма. Оның добын тартып алдым.
- Мараттан барып кешірім сұра да добын қайтарып бер, - депті анасы. Ерік Мараттан кешірім сұрап, добын қайтарып беріп, барлығы тату тәтті дос болыпты.

Өмірзақ Ақтоты, 8 жас
Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Изенді ауылы

Ана тілің – арың бұл
Ана тілі... осынау ғаламдағы ең ғажап тіл-қазақ тілі. Әрине, тоғыз мың ғаламдағы тіршілік иелерінің өз тілі мен жеке түсініктері бар. Ал соның ішінде мен үшін қастерлі де, қасиетке тұнған тіл – қазақ тілі. Осыдан жетпіс жыл бұрын орыс үкіметінің боданында болып, қазақшамызды ұмытып, орысшаға көшкен кезімізде болған, «Көш жүре келе түзеледі»,-дейді емеспе халқымыз?! Ал енді біз өз азаттығымызды алып, еңсемізді көтердік. Қазақтың қара сөзін иығымызға көтеріп жүретін уақыт келді. Біз қазақы қаймағы бұзылмаған Қызылордада туып өстік. Мұнда келген қандайда болмасын ұлт өкілі, қазақшаны өз тіліндей жетік меңгеріп кете алады. Мысалы, Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Марина Вольнова. Біздің қастер тұтатын тіліміз, ана тіліміз-қазақ тілі! Қазақ тілінің бастауы сонау Қыпшақтардан басталса, кейін бүкіл қазақ жеріне жайылды. Алғашқы қазақ әліпбиін Ахмет Байтұрсынов атамыз қаласа, Тәуелсіздік жылдары Мұхтар Шаханов қазақ тілі үшін шырылдап, жан аямай тер төкті. Иә, осындай тамаша еңбектерді келешек ұрпақ, яғни біз ақтап, қазақ тілін әлемге танытуымыз керек!

Тұрсынбай Тоғжан, 8 жас
Қызылорда қаласы

Ұстаз – ұлы тұлға
Жаздың жайма шуақ күндері бітіп, қоңыр күз де келіп жетті. Сыңғырлаған күміс қоңыраудың үні бүкіл ауыл балаларын ғана емес , ұстаздар қауымын да қуантуда. Бірі – мектепке келгеніне қуанса, екіншісі – сүйікті оқушыларымен қауышқанына мәз. Міне, алғашқы қоңырау үні де соғылды. Шуылдаған қуанышты балалар мектепке асығып кіруде. Әрқайсысы өз сыныбына , өз ұстазына жетіп барғанша асық. Қандай керемет көрініс десеңші.... Ұстазы құшақ жая қарсы алып жатыр. Бала мәз. Жазда көріп–білгенін, қалай демалғанын жамырап, бір-бірімен жарысып айтуда. Соның бәрін тыңдап, бәріне жылы сөзбен жауап қайтарып үлгеріп жатқан бір жан бар. Ол – ұстаз. Жан-жағынан улап-шулап жатқан балалардың көңілін тауып, ентіктерін басып, халдерін сұрап та үлгереді. «Бір әріп үйреткен ұстазыңа қырық жыл басыңды иіп өт» деген сөзді оқығанмын. Сонда бізге бір әріп емес, қырық екі әріпті үйреткен, оған қоса санауды, қосуды, алуды түрлі амалдар мен тәсілдерді үйреткен ұстазымыздың дәрежесі қандай? Бастауыш сыныпта сабақ берген Жолдасбаева Ажаркүл апайдың еңбегі ұшан теңіз. Оның әрбір іс-әрекетінен біз үлгі алып өстік. Ол біз үшін екінші анамыз секілді, күндіз сабақ беріп, қай балаға қандай тәсілмен білім берсем деп түн ұйқысын төрт бөліп сабақ жазып келесі күнге дайындалды. Соның арқасында біз қазір көп жерлерде өз-өзімізді дұрыс ұстап, әдепті жүруге дағдыланғанбыз. Ал өз анам Абилдаева Айнұр да осы мектепте ұстаздық қызметін атқарып жүр. Ол жоғарғы сыныптарға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. Үйде анамның түн жарымына дейін отырып қағаз жазатынын, шұқшиып келесі күннің сабақтарына дайындалатынын өз көзіммен ес білгелі көріп келе жатырмын. Әр сабақта әртүрлі ойындар арқылы жаңа тақырыпты түсіндіреді. Бізге талапты қояды. Анам болған үшін мақтап отырғаным жоқ, жалпы оның ұстаз екеніне көзім жеткендіктен. Білесіздер ме, мұғалім мен ұстаздың арасында қандай айырмашылық бар деген сауалды өзіме қойып жүретінмін. Кейін оқи іздене келе, көп адам мұғалім бола алады, бірақ ұстаз болу көп адамның қолынан келмейді деген шешімге тоқтадым.Ұстаз болу – жүректің кеңпейілдігі, жанның мейірімділігі, оқушылармен тіл табысып, әрқайсысының жүрегіне жол табуында. Міне, мен де келешекте қандай маман иесі болсам да, апайым сияқты, анам сияқты өз ісімнің шебері, майталманы болғым келеді.

Мектепбай Асанәлі, 7 жас
Қазалы ауданы

Ана тілі
Ана деген сөз қандай керемет, Ана деген сөз не деген күшті. Анамыздың орнын ешқашан да, ешкім басып алмас. Ананың тілі ақкөңіл мен мейірімді, Ешқашан ана тілін ұмытпайық, қастерлейік!

Оралбай Аружан, 10 жас
Алматы қаласы

Жақсылықпен жаным дос
Жақсы адам – береке,
Жақсы ниет – мереке.
Адамдарды ешқашан,
Қылмайықшы келеке!
Сүйемін туған елімді,
Сүйемін туған жерімді.
Бұл дүниеде сүйемін
Мұсылмандық дінімді.
Сүйемін мөлдір көлімді,
Сүйемін алтын күнімді,
Бәрінен де сүйемін,
Қазақ деген тілімді!
Мен таңдайтын мамандық
Әнші болсам егер де,
Ән айтамын әр елде.
Қазақ әнін шырқаймын,
Танытамын көп елге.

Маткеримова Арайлым, 13 жас
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

Ұстаз, ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық. 
Әль Фараби.
Тамаша мереке – Мұғалімдер күні қарсаңында өзіміздің сүйікті ұстаздарымызды осы бір айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын. Мен оқитын білім ордасы – Алтықарасу мектеп-балабақшасы. Біз сәби шағымыздан осы мектеп-балабақшаның табалдырығын аттап, онда қызықты да терең білім алып, «БІЛІМ» тылсым дүниені танып келеміз. Ұстаздарымыз бізді білім тұңғиығынан нәр алдырып, ізгілік пен адамгершілікке баулып, табандылықпен еңбек етіп, алдымызға биік мақсаттар қоюды үйретіп келеді.  Мектеп атты білім кемесіне, тарыдай боп кіріп, таудай боп шығатын әрбір шәкіртке үлкен үлес қосатын ұлы тұлға -ол сіздер, аяулы ұстаздар! Құрметті де, аяулы ұстаздар қауымы, сіздерге денсаулық, бақ-береке тілеймін. Шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін! Мерекелеріңізбен, асыл жандар!!!

Бағдатова Шұғыла
Алтықарасу мектеп балабақшасының 7 сынып оқушысы