2019 қазан Балалар бақшасы

Тәуелсізбіз
Сенде, менде тәуелсізбіз, еркінбіз,
Күліп - ойнап шаттанамыз, бәріміз.
 Міне, бүгін азатпыз, енді біз,
Елім, жерім бала менен кәріміз.
Тәуелсіз бүгін айдын шалқар көлімде,
Тәуелсіз бүгін жайқалып тұрған гүлімде.
Тәуелсіз бүгін ұлан-байтақ жерімде,
Тәуелсіз бүгін Қазақ деген елімде.

Нұртаза Ерасыл, 14 жас
Жезқазған қаласы, Қабден Шыңғысов атындағы №5 мектеп оқушысы

Қасымда мәңгі болыңыз!
Әлпештеп бізді өсірген,
Аяулы менің анашым
Шын жүректен сізге мен,
Бұл өлеңді арнаймын
Аяулы асыл анашым,
Сырымды менің ұғатын
Тілеймін сізге анашым,
Бақыт пенен денсаулық
Аяулы менің анашым,
Бізге ылғи жанашыр
Күлімдеп күнде жүріңіз,
Қасымда мәңгі болыңыз!

Нұртаза Ерасыл, 14 жас
Жезқазған қаласы, Қабден Шыңғысов атындағы №5 мектеп оқушысы

Сүйемін
Сүйемін туған тілді – ана тілін.
Бесікте жатқанымда ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан.
Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Омар Рысгүл, 9 жас
Қызылорда қаласы

Қазақ елі
Қазақ деген елім бар,
Көк байрақ асыл туым бар.
Ұлан-байтақ далам бар,
Көз тартар әсем қалам бар.
Оңтүстігім күріш пенен мақтаға,
Солтүстігім алтын менен астыққа,
Орталығымыз көмір менен мысқа бай,
Батысымыз балық пенен газға бай,
Шығысымыз күміс пенен көлге бай.
Айдынды шалқар көлім бар,
Асқардай асу тауым бар.
Сырдария, Жайық өзенім,
Ержүрек қазақ елім бар!

Нуртаза Ерасыл, 14 жас
Жезқазған қаласы, Қабден Шыңғысов атындағы №5 мектеп оқушысы

Табиғат
Табиғатты құрметтейік балалар,
Қоқыс тастап ластамайық ауаны.
Зиян келер табиғатқа бір күні
Сондықтанда ойлан досым.
Табиғат қой адамдардың мекені
Табиғатты ластамайық сол себепті!

Айтбек Айнара 10 жас
Алматы қаласы

Қызықты өлең
Айға барып қорықпаймын,
Шүу дегенде жорықтаймын.
Секіремін мен айға жерге,
Көп қызықты тамашалаймын.

Өмірзақ Ақтоты, 8 жас
Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Изенді ауылы

Әжем
Ең асыл жан менің әжем,
Айналып мені еркелеткен.
Барган сайын ауылға мен
Әнін айтып бір тербеткен.
Әжетайым әжем менің,
Немерем деп аймалаған.
Арқашан маған қамқор алып,
Жылулық пен нұр сыйлаған.

Кабибулла Камила 7 жас
Атырау қалаыы қаласы

Көктем
Көктем келді, көктем келді,
Күн жылынып, қар еріді.
Құстар сайрап, гүлдер жайнап,
Күн шуағын жерге төкті.

Нуртаза Ерасыл, 14 жас
Жезқазған қаласы, Қабден Шыңғысов атындағы №5 мектеп оқушысы

Жазғы демалыс
МЕН №67 гимназиада оқимын. Есімім Алия болады. Окуды аяктап, жазғы демалысқа шықтық. Жазғы демалысты да босқа өткізіп жатқан жоқпын. Мектеп жанындағы ағылшын үйірмесіне қатысып жүрмін. Ағылшын үйірмесінің жетекшісі - Калиева Шынар Алимжановна. Ағылшын үйірмесінде күнде бір кызықты нәрсе үйренеміз. Түрлі спектакльдер, ойындар ойнаймыз. Ертегілер окимыз, ән айтамыз,ағылшын тілінің грамматикасын да үйрендік. Жаттығулар, тапсырмалар орындадық. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні үйірмесіндегі оқушыларға қонаққа бардық. Онда да әдеби кітапттар мен қызықты ертегілер оқыдық. Сөзімді қорытындылай келе, жазғы демалыста тек ойнап қана қоймай, болашақта керек нәрселерді үйренген дұрыс деп есептеймін. Пәндік үйірмелердің балаларға берері өте көп.

Махаш Алия, 11 жас
Нұр-Сұлтан қаласы

Ана
Менің анам көрікті,
Хош иісті гүлдей ғой.
Жайқаласыз құрақтай,
Ару анам бір өзің.

Айдаркулов Шерхан, 11 жас
Жаңатас қаласы

Менің сыныбым
Мен сыныбымды, сыныптастарымды, апайымды жақсы көремін. Осы мектепке ауысып келгеніме көп болмаса да сыныптастарыммен жақын дос болып алдым. Бір үйдің балаларындай бірге оқып, бірге ойнаймыз. Бір-бірімізге көмектесіп, бірлесіп тапсырмаларды орындаймыз. Апайым менің екінші анам сияқты мейірбан. Сондықтан мен сыныпта өзімді еркін сезінемін. Мен сыныбыммен мақтанамын. тернатБейнеу мектеп-ины Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы 3-сынып оқушысы Айымбай Ақжүніс

Айымбай Ақжүніс, 9 жас
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы 3-сынып оқушысы

Жетісу суреттері
Жер тапқан саған Жетісуым:
Күркілдек, Көксу, Лепсі, Іле, Шуым...
Ну тоғай, қоғалы көп, қоңыр құмым.
Асқардан ақтарыла арқыраған,
Кім сүймес Жетісудың балдай суын!
Жетісу, кеудең-асқар, аяғың-көл,
Қойның-құм, мықыныңда бар сексеуіл.
Тау жайлап, қоңыр күзеп, құмды қыстап,
Ол бір мың мал өсірген өлкедегі ел.

Дүйсен Сабина, 11 жас
Приозерск