Балықтардың көздерінің құрылысы өмір сүретін ортамына сай ерекшелікте болады. Күн сәулесінің оңай өтетін таза суларда өмір сүретін балықтардың көздері жақсы көреді және түстерді ажырата алады. Судың терең жерлерінде өмір сүретін балықтардың көздері өте үлкен болады, ал одан да терең жерлерде телескоп көзді балықтар да кездеседі. Балықтардың көздері екеу болып, көз жасы және көз қабақтары болмайды. Демалған кезде жақынды көреді, ұзақты көру үшін көздерін сәйкестендіреді. Сүтқоректілерде бұл жағдай керісінше. Кейбір ұрғашы сазандардың көздері көлденеңінен екіге бөлінген. Жоғарғы бөлігі ауада, астындағы бөлігі суда көру үшін. Мұндай балықтарды «төрт көзді» деп атайды. Караиб аралдарында және тропик суларда арасында төрт көзді көбелек балықтарының кейбір түрлерінде құйрығына жақындау жерінде көзге ұқсайтын жер бар. Үлкен балықтар шабуыл жасаған кезде ол жерін басы деп ойлап, тек құйрығына ғана зақым келтіреді.