Мектеп
Біз мектепке барамыз,
Мектептен білім аламыз.
Есептерді шығарып,
Кілең бестік аламыз.
Біз ақылды баламыз,
Біз бақытты баламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Айтқан тілді аламыз.
Төлеш Жансая, 8 жас
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ынтымақ ауылы
Таныстыру
Армысыздар сәлем беру салтым менің
Амандықпен сөз бастаған алтын елім
Үкілі кәмшәт бүрмелі көйлек киген
Еркежан атты қызымын батыр елдің
Қазағымның бас ием салт-санасына
Сөз жетпейді кең байтақ даласына
Биік қойған жанынан қыздың арын
Қызықпасын кім қазақтың баласына
Жүріп келем ұстаздық атты ұлы жолда
Педколледжім тарихы терең орда
Өнерге баулып, шет тілін меңгертуде
Үштілділік жалауын беріп қолға
Алға қойған мақсатым анық менің
"Жастар жылы" деп үлкен бағыт бердің
Жас болсамда таудайын арманым бар
Бағы болу өзіңдей бақытты елдің
Мухтасар Каусар
Семей қаласы
Бес туыс
Ары оқы, бері оқы,
Өзгермейді ол сөздер.
Бір-біріне туыстар,
Бес туыс олар:
Ата, апа, ана, аға,ана.
Кері оқып көріңдер,
Туыс сөздер біліңдер!
Сүйенішқызы Аяулым, 11 жас
Екібастұз қаласы
Отан
Тәуелсіз елдің түлегі, Мен бақытты ұланмын. «Отан» деп соғар жүрегі, Елін қорғар қыранмын! Мен тәуелсіз елдің ұланы болғаныма шексіз қуанамын. Менің Отаным – Қазақстанды бүгінде әлем таныды. отан деген – кең - байтақ жерің, орман - тауың, ауылың, ата – анаң, отбасың. Отан – әрбір адамның киелі мекені. Менің де өз Отаныма пайдам тиіп жатса, одан асқан бақыт бар ма? қазақ батырлары мен баһадүрлері, кешегі Бауыржан, Әлия, Мәншүк, Қайрат, Ләззат сынды аға – апаларымыз ел үшін қанын төкті. Ортақ үй – Отанымыздың желегін от шалмасын деді. Абай , Жамбыл аталарымыз халықтың мұң-мұқтажын жырға қосты.
Серік Дария, 8 жас
Шу қаласы
Бүгінгі күн ертеңгі тарих
Иә, бұл күнде тууды. Яғни кешегі күні Қазақстан атты егеменді, Тәуелсіздік жолында күрескен, 30 елдің қатарына қосылу жолындағы нақты міндеттер қоя білген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз орнын босатты. Бұл мен үшін күтпеген жаңалық болды. Жарайды қала әкімі ауысса ауыса берсін, бірақ бүкіл 17 000 000 халықты ұстай білген, қазақ елін бейбітшілікке, татулыққа үйрете білген елбасымыз жұмысынан кетсе көңіліміз құлазып, көзге жас шығады. Бір өзі қазақ деген қайсар елге елбасы боламын деген кезде барлығы жамандап, аузына келгенін айтып, қатты уайымдады. Ал, қазір ше бәріміз қалың қол болып оны қимай, елбасыға деген адал махаббатымызды көрсетіп отырмыз. Бірақ, өкінішке орай көп адамдар бұл жаңалықты естіген де қуанған шығар. Бұндай адамдарды мен түсінбеймін. Несіне "елбасы кетті, енді бостандыққа қол жеткіземіз" деп жетісіп жүр екен. Бұрынғы елбасымызбен бірге өткізген тәуелсіз күндер мен дала кезіп, Тәуелсіздік іздеген босқындардың тағдырын салыстырып, неліктен жаратқанға шүкіршілік етпейді? Қазақ халқы талай рет Ресей бодандығында болды. Бірақ, бір өзі қайсарланып бұл қазағыма Тәуелсіздік сыйлаймын деген адам болмады. Мен халқымызды қорқаққа теңеп тұрғаным жоқ,бірақ бұл ащы болсада шындық емес пе. Шындық қашанда ащы болады деп талай адамдар ақиқатты жасырып, бүгіп қалып отырған жоқ па?! Менің жасым бар болғаны 11-де болсада елбасымен өткізген әрбір жиналысымыз, әрбіз күніміз елестейді. Бірақ бұл жаратқанның бізге тағайындаған жаңалығы болар. Бірақ, бұл жағдайға көне отырып уақытша елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаевқа үміт артуымыз керек. Сөзімді аяқтар болсам, елбасы сіз менің жүрегімнің төрінде сіз. 19.03.2019 жыл сағат 19:00 бұл күн ертеңгі тарих!
Әділова Диана
Ақтөбе қаласы, М.Ғ.Құрманғалиева атындағы
№32 мектеп-гимназиясының 6"А" класс оқушысы
Батыр батыл болайық!
Батыл батыр болайық
Батыр болып туайық
Елімізді көркейтіп
Батыр болып шығайық.
Солай біздер есейіп
Әлия мен Манчуктей
Патриот болып өсейік.
Батырлардың балдары,
Батыр болып шығады.
Әлемге әйгілі болады
Еліміздің балдары
Алаш елін көркейтіп.
Қазақ жерін көркейтіп
Бауыржанддай батыр боп,
Елі үшін соғысып
Ұрпағы үшін жан қиды.
Қайырғали Дулат
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
№3 жалпы білім беретін мектеп 4 "А"сынып оқушысы
Дос
Достық əлсізденген сайын сыпайылық арта түседі. Достық асықпай өсетін өсімдік секілді. Ол пісіп-жетілуі үшін талай сыннан өту керек. Өмір сүрудің екі заңдылығын білген адам бақытты болады. Бірі – не болса соны жей бермей, азығында талғаммен қарайтын жан, екіншісі – кім болса сонымен дос болмай, айналасындағы достарын жөнімен таңдай білетін адам.
Қасымда бір болатын,
Жасысам сынға алатын.
Жапанда жаяу қалсам,
Аямас мінген атын.
Көңілге нұр беретін,
Өмірге бір келетін.
Не көрсе бір көретін,
Бір досым керек екен.
Мұханова Инабат, 12 жас
Қызылорда қаласы
Кітап
Біз ақылды баламыз,
Білімді кітаптан аламыз.
Әріптерді қосып ап,
Сөздерді оқи аламыз.
Бағдат Айдос, 7 жас
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Алтықарасу ауылы
Спорт
Шынығу керек балалар,
Шынықсаң жақсы дем алар.
Қолды созып аспанға,
Аяқпен жүгір шаршама.
Бағдат Айдос, 7 жас
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Алтықарасу ауылы
ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық, инновациялық технологияларды қажет етіп отырған кезеңде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өз назарында ұстап отыруының орны ерекше. Ол өзінің халыққа дәстүрлі Жолдауында білім, ғылым саласын дамытуда көп міндеттер қойып, сенім артып отыр. Заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Қазіргі қоғам үшін информатиканың, кибернетиканың, экологияның, микроэлектрониканың жəне т.б. жаңа ғылымдардың рөлі мен мəні туралы түсініктерді дамыту – қазіргі кезең – ғылыми-техникалық төңкерістер кезеңіне тəн ерекшеліктердің бірі. ХХ ғасырдың 50-60 жылдары басталған бұл даму осы ғылымдардың қалыптасуына жəне адамзат əрекетінің көптеген салаларына, яғни өндірістік кəсіпорынға, ғылыми зерттеулерге, білім беруге, əлеуметтік мəселелерге жəне т.б. əсер етті. Бұл жүйелерде өзін-өзі ұйымдастыру, өзі-өзі дамыту, жүйелілік жəне басқару сияқты факторларды ескеру қажеттігіне алып келді. Бүгінгі басты мәселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы – білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану. Келешек қоғамымыздың мүшелері-жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді. Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса сабақтарды компьютердің, ақпараттық технологиялық құралдардың көмегімен өткізе білу-кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз- білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны оқушыға беру процесі. Оқытудың нәтижесі – терең білімді, өз ойын дәлелдей алатын, білімін қоғамдық пайдалы мәселелерді шешуде жүзеге асыра алатын, жауапкершілігі мол , елжанды тұлғаны дамыту. Осы міндеттердің жүзеге асуын қамтамасыз ету үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу керек. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.
Тоғжан Мейіржан
Алматы қаласы