2019 тамыз Балалар бақшасы

Елім менің
Елім менің, қазағым қалың елім,
Шегі жоқ, ұлан-байтақ мынау жерім.
Жанға жайлы ауасы дем алғанда,
Көгорай шалғын, мөлдір бұлақ, жасыл белім.
Бау-бақшада жайнағаннәзік гүлдер,
Қозы-лақтар ойнаған бір-бірімен.
Күн қызарып ұясына батарда,
Солтүстіктен еседі самал желдер.
Ей адамзат! Қадірлеңдер туған жерді,
Аяландар! Құрметтеңдер туған елді.
Арта берсін ырысымыз,берекелі,
Қазақстаным жас отаным елім менің!!!

Нұртаза Ерасыл 13 жас
Жезқазған қаласы, 4 сынып оқушысы

Менің анам
Анам менің жайма шуақ көктемім,
Сол көктемнен нәр алып мен көктедім.
Айналайын анашымның арқасы,
Күліп ойнап бұл өмірге жеткенім.

Исказынова Әдина 8 жас
ШҚО, Катонқарағай ауданы, Балғын ауылы

Шешендік
Жақсылардың үлгісі,
Жанып тұрған шамдай.
Шешендердің сөздері,
Ағып тұрған балдай
Ине көзінен сынады,
Шешен сөзінен сынады.
Жүздік біреу – шешен, мыңнан біреу – көсем.
Көре-көре көсем болады,
Сөйлей-сөйлей шешен болады.

Халық жауы
Әділетсіздік болған бүкіл ғасырда,
Қазір де бар,болған еді бұрын да.
Кесірінен құрбан болған ақын да,
Сол ақынның бірі Мағжан ақын ба?
Халық жауы атағы оған берілген,
Кесірінен соның жазаға кесілген.
Кітаптары жойылып барлық жерден
Оқуға тыйым салды делінген.
Ер есімі ел есінде емес пе,
Қазір ақын шығармасы жетіп жүр ғой белеске.
Ол үшін ашылды мұражай да,
Мұнан артық дәлел сізге керек пе?
Алаштың арысы еді ақын Мағжан,
Халық жауы деп шешті оны қайдан?
Әділдікті қолдап өлең жазса да,
Қызыл қырғын құрбаны болған ағам.

Бердіғалиева Зарина13 жас
Ақтөбе, Шалқар

Жыл құсым 
Шошытпандар сəбиді,
Асыраңдар аялап.
Тыңдайық бір əн,күйді,
Құшағында саябақ.

Сəттер Сабина
Тараз қаласы

Алғашқы ұстазым
Ерлер көктен түскен жоқ, Әйел – оның анасы. Біздің сыныпта 17 оқушы оқиды. Мұғаліміміз Жанар Ташкенбайқызы барлығымызға бірдей қарап, білімін аямайды. Кең пейілді, жарқын мінезді мұғалима бізді үнемі биіктерден көргісі келеді. Ұстазымыз бізге әрбір сабақты қызықты да, тартымды қылып түсіндіреді. Ұстазымызды да қимайтынымызды жасырып қайтейік. Өйткені, біз ол кісінің алдына келгенде, мүлде сауатсыз едік. Көп шаршаттық. бірақ еңбегі далаға кеткен жоқ. Есті, намысты оқушылар болдық. Сондай жанды, әрине қимайсың. Ол кісіні қашанда құрметтеп, тек жақсы жағымыздан көрініп, қуантып жүрсек деп ойлаймыз.

Тенгизбаев Даниял 8 жас
Шу қаласы

Менің анам
Ана – жарық сыйлаған жан екенсің,
Ана – шуақ шашатын таң екенсің.
Ана – өмір, ана – бақыт, ана – жүрек,
Деп соққан жүрегімнің әні екенсің, - деген өлең жолдарын анама арнағым келеді. Менің анамның аты-жөні Габдулкаримова Гүлмаржан. Анам өте әдемі, ақылшым, төрт баланың анасы. Анам балаларға тәрбие мен білім беретін – ұлы ұстаз. Анамды 8-наурыз халықаралық аналар күнімен құттықтап, ұзақ өмір тілеймін.

Нариман Хамза
3 «д» сынып оқушысы
Орал қаласы, Иіркөл ауылы