Мағжан ағам – ұлы ақын,
Жыл сайын еске аламыз оның қалпын.
Ол кісі өзі өлсе де,өлеңі бар,
Қазіргі жас арттырар оның даңқын.
1938 көктемде,
Ұлы ақынның даңқы сонда өшкен бе...?
Өлген кезде қырық бес жаста ғой әлі
Өмірінен өте ерте кеткен бе ?
19-ы наурыздың,өлім келіп жеткенде,
Ойланған,артынан із қалдырып кеткен бе?
Ойының жетіп өзі шыңына,
Сол жерде өлең жазған өрт кеуде.
Кесілген ату деген жазаға,елі үшін
Құтылғысы келген еді жиып күшін.
Тағдырдың жазғаны ғой бар ма шара,
Сезіп еді сол күні ақын сана.
Төрт жасынан оқытқан бұл дананы,
Құрметтеді халық Бекен атаны.
Оқып,жазу үйренді ұлы Мағжан,
Солай ғана бағындырды кең даланы,
Кішкентайдан үйренген білімді,
Бар білгенін үйрету де тиімді.
Сол үшін де ұстаз болған ағамыз,
Қызылжарда үйреткен орыс тіліңді
Бердіғалиева Зарина 13 жас
Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы