Жақсы ата-ана деген кезде, балаларына көңіл аударып, жақсы тәрбие беріп жетілдірген адамдар еске түседі. Мыналарды еш ұмытпау керек:
– Балаға әлі кішкентай деп қарамаңыздар, тәрбие бесіктен басталады.
– Бір шешімді болу, баланың жаман әрекет жасауына жол бермейді.
– Баламен дос ретінде қарым-қатынаста болып, құрметпен қарау керек.
– Жанұядағы ұрыс-керіс балаға кері әсерін тигізеді.
– Баланың жаман қылықтарына барлық уақытта көз жұмып қарамау керек.
– Баланың қателерін ашуланбай, үйрету арқылы түзеу керек.
– Балаға ешқашан өтірік айтпау керек.
– Бір қылығына біресе жақсы, біресе жаман демеу керек.
– Ой-пікірлерді сендіріп қабыл еттіру керек.
– Балаға аса қатал болу да, аса мейрімді болу да зиянды.
– Баланың сөзіне қарағанда, іс-әрекетіне көп көңіл бөлу керек.
– Бала тәрбиесіне ата-ана жауапты.
– Балаларды ешқашан жамандамау керек.
– Баланың жанында құпия нәрселерді айтпау керек.
– Адал екеніңізді балаға сендіруіңіз керек.
– Балаға құр сөзбен ғана емес, іс-әрекетпен де тәрбие беру керек.
– Баланың тәкәппарлығына көз жұмып қарамау керек.
– Басқа адамдарға қол ұшын соза білуді балаға үйрету керек.
– Балаға өмірдің қиыншылықтарын да үйрету керек.
– Балаға сабырлы, төзімді болуды үйрету керек.
– Баланың әр айтқанын орындай бермеу керек.