Қазақтың кең жерінде,
Қарқаралының төрінде,
Қайсар рухты, дауылпаз,
Қасымдай ұлы бабам бар.
«Ей, тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы!
Танисың ба сен мені,
Мен қазақтың баласы».
Осылай деп жар салып,
Дүниені қаратқан,
Таңғалдырып баршаны,
Жырларымен боратқан.
Жасындайын жарқ етіп,
Күркіреген найзағай.
Алмаш қылыш жырлары,
Өткір аса найзадай!
Өлмес өлең – жырлары,
Мәңгі мұра ұрпаққа әр.
Есте сақтап сырларын,
Ұрпақтары жыр жаттар.
Аты өшпейді ешқашан,
Дауылпаз ақын мәңгілік!
Бізге кеткен жырларын,
Мұра қылып қалдырып!
Атың өшпес ешқашан,
Ұрпағың бар ізбасар.
Хатың өшпес ешқашан,
Жүректесін әрқашан!»
Бағдат Рүстембек