Кітапхана мен кітаптың маңызы

/upd/2015/0825/144048929055dc1f4abcf107.86879309.jpg

     Кітап – білім қазыналарының кілті, жастық шақты жаман әдеттерден және жаман достардан қорғайтын қалқан. Адамның білімімен ой-өрісін дамытатын, сезіну және ойлау қабілетін арттыратын нәрсе кітап болып табылады. Кітапты жақсы көретін адамның іші пысу, қыдыру, тіпті оған достың да қажеті қалмайды. 24 сағат оған аздық етеді.
      Кітапханалар білім беру және оқытудың ең үлкен қолдаушысы және өмірдің ажырамайтын бір бөлігі. Дамыған елдерде шамамен бір адамға жеті кітаптан тура келсе, бізде бір кітапқа жеті адамнан тура келеді. Саяси шешімдер институтының мәлімдеуінше еліміздегі ірі қалаларда тұратын халықтың 4/1 бөлігі бір жыл ішінде мүлде кітап оқымаған немесе өмірі кітап бетін ашпаған. Кітап оқитындардың көпшілігі де егде жастағы кісілер, ал оқымайтындардың көпшілігі жастар.
      Ел болашағының атар таңы – бүгінгі жастарды кітап оқуға ынталандыру керек. Ата-бабаларымыздың кітап және кітапханаларға көп мән бергені тарихтағы іздерінен көрініп тұр. Білім берудің және оқытудың кітап арқылы жүзеге асатынының шындық екені ойланып қаралатын болса, әр мектепке кітап қоры көп бір-бір кітапханадан керек екені аңғарылады. Педагогтарды дайындайтын оқу орындарына кітапханашылық сабағы енгізілу керек, сонда оқытушылар да оқушыларға кітап оқу құштарлығымен дағдысын қалыптастыра алады.   
Кафелер жалқаудың төсегі, уақыт өлдіру және бос отыратын жерлер халіне келген. Ондай жерлер, келушілердің отырып кітап, газет, журнал оқуларына жағдай жасалатын жерлерге айналу керек. 
Кітапханалар, ішіндегі кітаптардың оқылуы үшін құрылады. Бірақ өкінішке орай кітапханаларға келушілер өте аз. 
     Ислам дінінің алғашқы әмірі «Оқы» деген сөзімен басталуы және артынша «Қалам»ның айтылуы, кітап және оқудың маңыздылығын көрсетеді.