Денсаулықтың кейбір сырлары


/upd/2015/1205/14493102765662b8449ea068.90770189.jpg» Бір күнде 2-2,5 литр су ішуге тырысыңыз! 
» Әр жемісті және көкөністі өз (маусымында) уақытында ең аз дегенде екі рет жеңіз! 
» Балалар үшін сүтті, ересектер үшін айранды дастарханнан үзбеңдер! 
» Аурымасаңдар да шипалы өсімдік және көкөністерді қолданыңдар! 
» Үйде әрқашан жалбыз, жөке, сәлбен, тасшөп, итмұрын, райхангүл, зімбір, қарақұлақ, даршын және шай болсын. 
» Сарымсақ, пияз, екпе шиырмақ, ақжелкен, жалбыз, аскөк,райхангүлді көбірек жеңдер! 
» Салаттарыңды түрлі-түсті қылып жасаңдар! 
» Дайын сорпаларды (пакеттегі, тез пісетін) ішпеңдер. 
» Қызанақ – керемет бір антиоксидант. Қызанақ соустарын үйде жасаңыздар. 
» Бір күнде 3-4 дана бадам, жаңғақ  және фундук жеу, сізді қуатты қылады. 
» Бір аптада ең аз дегенде 2 рет бұршақты дақылдар және балық жеңіздер! 
»Тамаққа қыштан, болаттан және шыныдан жасалған ыдыстарды пайдаланыңыздар! 
» Қыста апельсин, лимон, грейфрут және мандарин жеңдер! 
»Қыста күндерді қара нанмен бастаңдар! Ақыл-оймен жұмыс істейтіндер кептірілген жүзім жесін! 
» Арпадан жасалған нанды жеңіздер! 
» Әр күн тәңертең 20 минут  дем алып шығару жаттығуларын жасаңдар! 
» Таң ертең уйіңізді және жұмыс орныңызды 5 минут желдетіңіз! 
» Әр күні 30 минуттай қарқынды түрде жүруге тырысыңыз! 
» Түнгі ұйқының аз болғанында, шаршаған кезде де түске таман қысқа уақытты ұйқы жақсы! 
» Денеңізді қатты жауратпауға тырысыңыз! 
» Таңғы аста әрқашан столдың үстінде бал тұрсын! 
» Тұз және шекерді мөлшерден артық қолдану зиян! 
» Маргариннен ұзақ тұру, жүрек және тамырларыңызға жасалған ең үлкен жақсылық! 
» Бір күнде бір алма немесе сәбіз жеу, денеге өте пайдалы!