Әлемде 500 ден астам шыбын-шіркей жейтін өсімдік түрі бар. Азотсыз топырақтарда өмір сүретін бұл өсімдіктер, азотқа деген қажеттілігін жеген құрт-құмырсқа, шіркейлерден алады. Бұл өсімдіктердің жапырақтарында асқазан міндетін атқаратын бір бөлім бар. Жылтыр түсті жапырақтары шыбын және құрт-құмырсқалар, үстіне қонған кезде оларды жабыстырып алады. Кейін жапырақ бүктеліп өзінен бір сұйықтық шығарып, шіркейлердің жұмсақ жерлерін ерітіп жұтады.