» Шаяндар және кейбір өрмекшілер балаларын арқаларында тасиды. Шаян 60-қа жақын жұмыртқа жұмыртқалайды. Балаларының аяқтары жабысқақ болып келеді. Аналарының арқасына жабысады.
» Жұптасудан кейін, ұрғашы шаян еркегін жейді. Қаражесір өрмекшісі және дәуіт те еркегін жейді.
» Үш апта бойынша мұз қалыбында қатырылған шаян, мұз ерітілгенде жүріп, қайта қалыпты өмірін жалғастырады.
» Шаяндар бір жылдық аштыққа және сусыздыққа шыдай алады. Жұлынған мүшелері
қайта орнына келеді. Радиация сәулелеріне қарсы өте қатты шыдау қасиеттері бар.
» Шаян мен өрмекшілер көруге қарағанда тию және сезу мүшелері болып табылатын қос мүйізшелерін сезімшіл радардай қолданады. Торға түскен қоректерін дірілдерінен сезіп, тұрған жерлерін анықтайды.
» Өрмекші торларының жіптері жібек болады. Бұл иірілген жіптері дәл сондай диаметрдегі болат сымдардан әлдеқайда мықты болып келеді. Тынық мұхитының оңтүстігінде өмір сүретін ірі өрмекшінің бір түрінің торысы, балық аулауда қолданылады.