Үйдегі қауіпті заттар

/upd/2015/0825/144049210655dc2a4a8f8a87.05655560.gif

    Үйіңізді өрттен қорғау үшін, электр тогымен және газбен істейтін құралдарға және жанатын, тез тұтанатын заттарға абай болу керек. Мысалы:
♦Газ және тоқ жіберетін плита.
♦Розеткаға қосулы қалып кеткен үтік.
♦Жанармай секілді тазартқыш заттар.
♦Тұтатылып, ұмытылып қалып кеткен темекі.
♦Көп жасанды сым оралған сақтандырғыш (предохранитель).
♦Жерге тұйықтау желілері болмаған розеткалар, штепсельдер.
♦Өшірілмей қалып кеткен электрлі пеш.
♦Газ жіберетін су ысытқыш.
♦Тоқ жіберетін кір жуғыш машина.
♦Қосылып қалып кеткен теледидар.
♦Қағаз немесе пластиктен жасалған абажурлар.
♦Өшірілмей қалып қойған шам (свеча).
♦Тоқ жіберетін басқа да құралдар.
  Бұл айтылғандар бір қарағанда тым қарапайым, маңызсыз болып көрінуі мүмкін. Алайда өрттің көпшілігі осы себептерден туындауда. Сондықтан бұларға немқұрайлы қарамау керек.