Жұмыртқа

/upd/2016/0609/1465452208575906b08aa594.41203107.jpg

Жұмыртқа – витаминдермен минералдарға өте бай азықтардың бірі. Құрамында Е, К, РР, В1, В6, В12 сияқты әртүрлі витаминдер мен фосфор, ферум және кальций сияқты бірқатар минералдары бар. Протеинге өте бай. Ағзаның минералдарға және витаминге деген қажеттілігін қамтамасыз етеді, фосфор арқылы күш-қуат береді. Балалардың өсуін және жетілуін жеңілдетеді. Қан көбейтеді, миды сергітеді. Бір жұмыртқа, бүкіл азықтардың беретін витаминдері мен минералдарын береді. Европалық емшілер, әлсіреген корольдеріне қайта қуаттануы үшін көп-көп жұмыртқа беретін. 60 граммдық бір жұмыртқа 60 кг бір адамның 24 сағаттық азық қажеттілігін қамтамасыз етуге жеткілікті. Балғын жұмыртқа қаншалықты пайдалы болса, тұрып қалғаны да соншалықты зиянды болады. Жұмыртқаның балғын немесе балғын еместігін былай біле аламыз:
1) Жұмыртқаның ұшында ауа бөлімі деген бір ойық бар. Жұмыртқаны күнге қаратқан кезде ойық үлкен болса тұрып қалған, кішкентай болса балғын болғаны.
2) Жұмыртқаны іші тұзды суға толы бір ыдысқа салған кезде егер ыдыстың түбіне түсетін болса өте балғын болғаны. Судың орталарына келсе онша ескі емес. Егер судың бетінде тұрса, ол жұмыртқа тұрып қалған.