Кешке жақын ерте ұйықтау

/upd/2016/0609/146545239257590768717cd9.08075166.jpg

Асан түні бойы отырып теледидар көруді әдетке айналдырды. Анасы: “Ұлым, түннің бір уақыты болды. Ертең азанда сабаққа баруың керек. Қане, тез жат, төсегіңе!”,- деп қанша рет айтса да, анасының айтқан сөздеріне құлақ аспай, әр түрлі сылтаулар айтып, түннің бір уақытына дейін теледидар көреді. Алайда азанда ұйқысы қанбай, мазасызданып зорға тұратын болды. Сонымен қатар сабақ үстінде мұғалімнің айтқан сөздерін тыңдамайтын, үй жұмысын да орындамайтын болды және сабақ үлгерімі де нашарлап кетті. Асанның ата-анасы оның бұл халіне қатты ренжіді. Анасы оған: “Егер ерте жатып, ұйықтасаң ғой, бұндай әлсіз болмас едің және сабағың да нашар болмайтын еді”,- деді. Сонда Асан анасының айтқан сөздеріне құлақ аспағаны үшін қатты өкінді. Бұдан былай күнде кешке теледидар көрмей, ерте жататын болды. Осылайша азанда ұйқысы қанып, сабағына да жақсы қатысып, озатты оқушылардың бірі болды.