Қонаққа құрмет ету үлкен сауап. Қонақты ниғмет деп білу керек. Әр ниғмет бір қиындықтың нәтижесі екенін ұмытпау керек. Қиындықсыз ниғмет болмайды. Әрине, қонақтан қиындық келеді. Ауырсынбай қызмет ету керек. Қонақты ғанимет деп түсіну керек! Хадис шәрифте былай делінген:
«Аллаһу та’ала бір қауымға қайырлы мирас берген кезде, оларға сый ретінде қонақ жібереді. Қонақ өз ризығымен келеді. Аллаһу та’ала да үй ішіндегілерді кешіреді.»
Хақ та’аланың сыйы болған қонақты құрметтеу керек. Қонақ келмесе мұңаю керек. Өйткені хадис шәрифте, «Қонақ кірмеген үйге періште де кірмейді» делінген. Қонақтың келмеуін қалау дұрыс емес. Өйткені сүйікті пайғамбарымыз, «Қонақ келуін қаламаған адамда қайыр жоқ» деген.
Қонақ үшін тым артық құрмет пен қиындыққа түспеу керек. Өйткені қонақ ыңғайсызданады. Хадис шәрифте:
«Қонақ үшін өздеріңді әурелемеңдер, қонақ бұдан ыңғайсызданады. Қонағын ренжіткен адам Аллаһты ренжіткен болады. Аллаһты ренжіткенді Аллаһ жек көреді» делінген.
Хазреті Әли былай деген:
«Достардың ең жаманы – көз бояушылық еткен, айтқанын істеуге сені мәжбүрлеген, сені кешірім сұрауды талап ететін істерге итермелейтін адам.»