Сәләф-ус-Салихин деп аталатын әулиелердің кейбір қасиеттері:
» Ықыласты еді.
» Аз жейтін, аз ішетін.
» Білімдерімен амал ететін.
» Істері сөздеріне сай еді.
» Зұлымдыққа сабыр ететін.
» Діндерін толығымен үйренген еді.
» Бәріне жылы, жұмсақ мәміле жасайтын.
» Бүкіл армандары – Аллаһ разылығы еді.
» Сұхбаттарға көп мән беретін.
» Жомарт еді және жәрдем беруді жақсы көретін.
» Өте әдепті және ар-ұяты мол еді.
» Дін бауырларының кемшіліктерін жасыратын еді.
» Жұбайларының жаман мінезіне сабыр ететін еді.
» Үндемей жүретін, сөйлесе де хикметті сөздер айтатын.
» Атақ-даңқ және абырой иелеріне жақындамайтын еді.
» Достықтары адал және берік еді. Бәрін іздеп, хабар алып тұратын.
» Басқалардың айыптарымен емес, өз айыптарымен әуре болатын.
» Соңғы демде имансыз кетуден өте қатты қорқатын еді.
» Өздерін көре алмаушыларға да қайырлы, игі дұға ететін еді.
» Сөз тыңдайтынын, қабыл ететінін сезген адамдарға насихат беретін.