Кит

       /upd/2015/1204/14492412495661aaa1ecbd16.81284550.jpgТеңіздегі ең ірі сүтқоректі жануарлар киттер болып табылады. Әсіресе «Көк кит» деп аталатын киттің ұзыңдығы 30 метрден, ал салмағы 150 тоннадан асады. Бұл киттің бойының ұзындығын түсіне алу үшін көз алдарыңа 5 қабатты үйді елестетіп көріңдер.  
    Бірақ осыншама үлкен және ауыр салмақты жануар теңіздің 800-1000м тереңдігіне батып, солжерден судың бетіне қалай шыға алады? Мысалы салмағы 150 тонна және ұзындығы 30 метр болатын үлкен бір кемені ойлап көріңдер. Бұл орасан зор кеме теңіздің 1000 м тереңдігіне дейін батса, оны қайтадан судың бетіне шығара алу үшін қаншама жылдық еңбек керек. Ал кит, Аллаh та’аланың берген күшімен 15-20 секунд сияқты қысқа ғана уақытта судың бетіне шыға алады. Өйткені киттің сүйектері кеуекті заттан жаратылған және сол сүйектердің іші маймен толған. Сол себепті киттер судың бетінде еш қиналмай тұра алады.  
      Және де киттер өте сүңгуір бір жануар болып табылады. Денесі теңіздің түбіндегі үлкен қысымдарға төзе алатындай дәрежеде жаратылған. Жануардың қанындағы және бұлшық еттеріндегі оттегі, судың астында демалмаған кездерде китті қоректендіретін химиялық заттармен араласады. Қанайналымы жүйесі қанды ішкі органдардан миға жібере алатындай дәрежеде жаратылған. Сол себепті киттер тыныс алу үшін судың бетіне шыққанға дейін денесіндегі оттегіні, оттегіге ең көп мұқтаж болған органға, яғни миына жібере алады.   
      Киттердің бастарының үстіндегі тесіктен су шашатынын көрген болуларың керек. Бірақ сол жер киттердің мұрны екенін білетін бе едіңдер? Киттер мұрындарын тек дем алып шығару үшін ғана пайдаланады. Кейбір адамдар киттерді сол тесіктен су шығарады деп ойлайды. Алайда киттер  өкпелеріндегі ауаны  шығаруда. Бұл ауа су буына қанық және сырттағы ауадан ыстығырақ болғаны үшін алыстан қарағанда су тіреуіші сиқты көрінеді. 
     Киттің көздерінің үстіндегі майлы және тұнық болған секрет бөлгіш жасушалар жануардың көздерін теңіз суының кері әсерлерінен қорғайды. Киттердің сезу және есту мүшелері өте жақсы жетілген. Су астында әр түрлі дыбыстар шығарады және сол дыбыстардың жаңғырығын тыңдап бағыттар таба алады. Бұл есту сезімінің қызмет  атқаруы, радарлардың қызмет атқару жүйесімен бірдей. Тіпті радарлар да киттердің осы ерекшеліктеріне қарап жасалған. Ғалымдар киттердің шығарған осы дыбыстарды бір-бірімен хабарласу үшін пайдаланылатын бір тіл екеніне сенеді.