2019 мамыр Балалар бақшасы

Ұстазыма ұқсағым келеді
Мен мектеп табалдырығын  аттаған сәттен бастап  менің алғашқы ұстазым пайда болды. Ол ұстаз Найманбаева Галина Бокаевна. Ол маған  өз бар білгендерін үйретіп, білім нәрімен сусындатып жүр. Мен өз ұстазымды жаксы коремін. Ұстаз оқушының екінші анасы болып саналады. Ұстаз болмаса, өмірдің мәні жоқ, яғни білімді бізге кім береді?
Менің ұстазым – ешкімге ұқсамайтын еңбекқор, білімді, мейірімді жан. Бәрімізді өз баласындай көріп, ақыл айтып, көп нәрселерді үйретіп жүреді. Ұстазымыз бізге үнемі «Біз бір отбасымыз, бір ұжымбыз»деп айтып отырады. Сол себепті біз сыныпта бәріміз тату және әрқашанда бір-бірімізге достық көмек қолын созуға дайынбыз.
Менің ұстазым әр сабағын қызықты өткізеді. Сабақта жұптық, топтық әр түрлі жұмыс түрлерін жүргізеді. Сондықтан да біз әр күн сайын сабаққа қуанышты көңіл күймен келеміз.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей менде өскенде өз ұстазыма ұқсап үлгілі, ұлағатты ұстаз болғым келеді.

Нұр-Сұлтан қаласы №32 мектеп –гимназиясы 3 « Ғ» сынып оқушысы Тастанбек Сезім 

Адам болғым келеді
Ойы терең мұхиттай дана болғым келеді,
Көңілі аппақ сүттен де таза болғым келеді.
Адалдықты сүйетін жүрегімен, жанымен,
Балбұлақтай мөп-мөлдір асл болғым келеді.
Отты, ойлы жыры бар ақын болғым келеді,
Қиындықтан қайтпайтын бала болғым келеді.
Адамдардың бәрінен кіші болғым келеді,
Ең бастысы өмірде – адам болғым келеді

Байсейт Қарлығаш 11 жас
Шымкент қаласы

Демалыс
Сабақты біз оқыдық,
Санамызға тоқыдық.
Сабақ оқып шаршадық
Демалысты аңсадық.

Бағдат Айдос 7 жас
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Алтықарасу ауылы

Жалғыз Отан

Отан – елдің анасы,
Отан – жердің анасы.
Бақытты ма дәл мендей?
Отансыз ел баласы!
Бар байлықтың басында
Туған Отан тұр биік,
Пейілі үшін қазақтың
Маңдайынан тұр сүйіп.
Тыныш – менің Отаным,
Ырыс – менің Отаным.
Ардақтайтын Отанын
Мен Отаншыл ботамын.
Жалғыз Отан өзіңсің,
Жүрегімнің түбінде.

Исказынова Әдина 8 жас
ШҚО, Катонқарағай ауданы, Балғын ауылы

Өшіргіш пен Қарындаштың айтысы
Өшіргіш пен Қарындаш, өте жақын дос болды,
Бəрін бұзған айтыста, осы жерден басталды.
Келіп міне өшіргіш, қарындашқа мақтанды
Қарындашта қосылып, ашуланып қақталды.
Сонда өшіргіш: қорықпаймын өзіннең,
Жазуыңды өшірем. Қатеңді де жоямын,
Сондықтанда мықты мен! Түсіндің бе Қарындаш?
Түк білмейтін Ұзынбас! деп Өшіргіш сайрады,
Сонда Қарындаш айтады. Мақтанасың неге сен,
Мақтаншақты мен сендей, өмірімде көрмеп ем.
Жүгінесің тіліне, Қарамайсың ісіңе.
Тәртіпсіздік көрсету, жарасама кісіге?
Ашу қызып, тарады. Өшіргіш шыдамай барады.
Мен дегендер соңында, Жалғыз болып қалады.

Серікұлы Асылбек 11 жас
Барқытбел ауылы

Менің ұстазым
 Әр бала білім алу үшін  ұстаздың алдынан өтеді. Мейлі ол ғарыш болсын, мейлі көшбасшы немесе ғалым барлық адам ұстаз алдында бас иеміз. Ұстаз мен үшін ардақты есім. Ұстаз біздің екінші анамыз. Ұстаз өз шәкірттерінің бойындағы жақсы қасиеттерін ашуға көп еңбек етеді. Сол ұстаздардың бірі маған білім беріп жатқан ұстазым -  Айгерім Дәулетқызы. Ұстазымның әдемілігі, сабақ түсіндіруі, кішіпейілділігі мені қатты қызықтырады. Ол кісі әр сабағын қызықты етіп өткізеді. Мұғалімімнің берген білімін ынтамен ұғып, санама құюға тырысамын. Ол ешкімге ұқсамайтын еңбекқор, білімді және мейірімді жан. Бәрімізді өз баласындай көреді, ақыл айтып отырады, көп нәрселерді үйретіп жүр. Оның әрбір сабағы қызықты да, сапалы болып өтеді. Өмірде өз анаңнан кейінгі қадірлі тағы бір адам болса, ол — алғашқы ұстаз. Мен алғашқы ұстазымды  мақтан тұтамын!

Алматы облысы Еңбекшіқазақ  ауданы И.Шорманов атындағы  орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығы мен коммуналдық мемлекеттік мекемесі
1 «А» сынып оқушысы Жұмабек Іңкар

Туған  елім
Биіктеген  әсем  қалам – ТҮРКІСТАН,
Саған  арнап  жазылады  осы  ән.
Дами  берші, өркендеші Отаным,
Үлесімді  менде  соған  қосамын.

Жанель Көшербай

Есеп
Шалбарда екі жанқалта,
Артында тағы екі қалта
Жейдемде екі төсқалта
Күртемде екі іш қалта
Сонда менде неше қалта?

Бижанова Жібек Алматқызы 10 жас
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Иіркөл ауылы

Туған жерге тамырын терең жіберген дала жыршысы
 А. С. Пушкин атындағы орталық  балалар кітапханасының оқу залында  «Әдеби кездесулер» клубымен ардақты жазушы, еліміздің танымал тұлғаларының бірі – Сәкен Жүнісовтің 85 жас толуына орай «Туған жерге тамырын терең жіберген дала жыршысы» атты әңгіме – танысу өткізілді. «Әдеби кездесулер» клубының ең басты мақсаты – кішкентай оқырмандарымыздың арасында төл әдебиетіміздегі ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау арқылы патриотизмге тәрбиелеу. Солардың бірі – Сәкен Жүнісов. Жазушы, драматург, әдебиет сыншы, қоғам қайраткері ретінде әдебиетінің өте маңызды кезеңдерін бейнелеген сүбелі шығармалар берген, халық өмірінің көркем шежіресі секілді сыр шертеді. Ол – ел жұртына кеңінен танылған, халықтың сері азаматы, қадірменді ұлы, шын мәніңдегі халық жазушысы. Оның қаламынан шыққан әрбір еңбегі үнемі халықтың журегіне жол тауып, рухани асыл қазынасына айналып отыр. Ол әдебиет пен өнер шеберлерінің ішіндегі аса дарындыларының бірі екені сөзсіз. 

Орал қаласының А.С.Пушкин атындағы балалар кітапханасының кітапханашысы Джумағалиева Лола Темирбекқызы

Мәңгілік Ел
Мәңгілік Ел – ол тарих қой мәңгілік,
Өз болмысын біле білген тән қылық.
Әнұраны, Туы және Елтаңба,
Айтатұғын ұрпақтары ән қылып.
 
Мәңгілік Ел – құдіретті ол тілі,
Салт – дәстүрі, ғұрпы менен ол діні.
Мәңгілік Ел ұрпақтары білімді,
Болашағын бағамдайтын ол біліп.
 
Мәңгілік Ел – рухы биік, асқақ ел,
Өрге сүйрер батырымен бастап ер.
Мәңгілік Ел – қиындықты жеңген ел,
Талай-талай белестерден асқан ел!!! 

Бағдат Рүстембек

Денсаулық – зор байлық

Уа, халайық, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда.
«Денсаулық – терең бақыт» деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы ойшыл, данамыз да, - демекші сыныбымызда әр жұма сайын ьәрбиелік мәні зор тәрбие сағаттары өткізіліп тұрад. Дені сау адам- ең бақытты адам дейді ұстазымыз Жансауле Какімжанқызы. Шынында  да қазіргі кезде көп балалар компьютер не теледидар қарап, өз денсаулықтарына мән бермейді. Таза ауада көп жүру, шана, шаңғы, коньки тебу денсаулыққа өте пайдалы. Ата-анаммен, бауырларыммен таза ауада серуендегенді қатты ұнатамын.

Орал қаласы №46ЖОББМ 3 «д» сынып оқушысы
Аяпберген Іңкәр

Кітап
Кітап – алтын қазынам, Халқымның жыры жазылған.
Даналар сөзі ақылды, Оқысаң кітаптан табылған.
Кітап-білім бұлағы, Рухани мұра тұрағы.
Көп оқыған балаға, Білім нәрін құяды.

Қауранбек Лашын
Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалаулы ауылы

Cыныбым - менің мақтанышым
Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өміріндегі ең ұмытылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатыны рас. Мектеп - білім айдынындағы үлкен кеме. Ал, мұғалім оның ішінде сынып жетекшісі осы қоғамдық орында баламен, ата-анамен ынтымақтаса байланыста жұмыс жасайтын негізгі адам. Сынып жетекшісі болу - бұл өз оқушыларының ортасындағы қарым - қатынас қуанышына кенелу. <>,- деп А.С.Макаренко айтқандай бала жанын түсінетін бірден-бір тұлға ол - сынып жетекшісі. Менің осы 4-сыныпқа жетекшілік еткеніме 4 жыл уақыт болыпты. Мен өз сыныбымды мақтанышпен айта аламын. Сыныбымдағы 9 ұл, 11 қыз баланың әрқайсысы да мен үшін орны бөлек. Сыныбым білімде де, өнерде де өте алғыр. Оларды біріктіретін ортақ мақсат, ол - білім алу, өнерге үйрену және өмірді түсіну. Ұстаздық жолында менің түйгенім: «Бала - нәзік тамыршы». Ол - ең адал, пәк мінезді, турашыл, айтқаныңды бұлжытпай орындайтын, сенімшіл, болашаққа ақиқатпен қарайтын нәзік жан. Ендеше, ұстазы әділ, адал болса, шәкірт озады. Алда, алар асуымыз, бағындырар белесіміз әлі де көп. Алдағы уақытта бірлігіміз нығайып, биік белестерді бағындыра берейік деп тілеймін.

Буйенбаева Ғалия Советовна №1 Азат орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Домбыраның ақылы
(ертегі)
Бір күні қобыз, жетіген, сыбызғы үшеуі кездесіп қалады. Олар өзара әңгімелесіп отырып, ең көне тарихи аспап болуға таласып қалады. Қобыз: -Мені ойнағанда аспанда қара бұлт торлайды. Мен адамдардың мұң-шерін айтамын. Сондықтан тарихи аспап мен болам,- депті. Ал жетіген болса, қобызжан, сенің екі шегің бар болса менің жеті шегім бар. Жеті шегімнен жеті түрлі үн шығады емес пе? Менің үнім адамдарға жақсы көңіл күй тарту етеді, сол себепті мен көне аспаппын - дейді. Сол мезгілде сыбызғы: -Жо-оқ достарым, мен сызылған үніммен кең даланы нұрға бөлей аламын, көне аспап мен боламын»- деп дауласа кетеді. Кенет қазақтың қоңыр үнді домбырасы келіп, сіздер неге сонша дауласасыңдар. Біз бәріміз де көне аспаптармыз, бәріміз бірге қосылып әдемі күй шығарып, адамдарға көтеріңкі көңіл күй сыйлаймыз,- деп үш аспапты татуластырыпты.

М.Мақатаев атындағы №140 гимназиясының 3 «Ж» сынып оқушысы Кеңес Асылжан Жасұланұлы