2019 сәуір Балалар бақшасы

Отбасым асыл қазынам
Отбасым – бақытым,
Отбасым – шаттығым.
Отбасым – асыл қазынам,
Мақтанамын жазып ән.
 
Әжем – үлкен Бәйтерек,
Бауырында біз – гүлміз.
Үмітін ақтап әжемнің
Зерек болып өсеміз.
 
Әкеме қарап өсемін,
Ержігіт боп келемін.
Анам айтқан ақылмен
Ылғи алда жүремін.

Қызылорда қаласы, Ахмадеева Нағима атындағы
№112 орта мектеп оқушысы Сейдахмет Нұрбақыт

Аяулы ана
Мейірімді күн төгілер көзінен,
Жауһар лебіз сезіледі сөзінен.
Аяулы алақаны ып-ыстық,
"Ана" деген қымбат екен бәрінен.
Менің анам, асыл адам, ардақты,
Биязы, мінезі бар салмақты.
Бұл тірліктің күйбеңіне қарамай,
Баласына бар өмірін арнапты.
Аяулы ана, сізге бақыт тілеймін,
Көңілі-күн,жанары-жаз, мерейлім.
Отбасыңмен бақытты да шаттықты,
Күндеріңді өткізуді тілеймін.

Қауранбек Лашын, Алматы облысы
Кеген ауданы, Жалаулы ауылы

Есеп өлең
Менің болды жалғыз қойым,
Егіз тапты осы қойым
Биыл жазда өзі туды,
Тағы екі қозы туды.
Сонда бәрі неше қозы?
***
Жеті тауығым туды,
Тумады тек бесеуі
Сегіз үйрегім туды
Тумады тек үшеуі
Барлық құсым нешеу еді?

Бижанова Жібек Алматқызы 10 жас
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Иіркөл ауылы

Туған жер
Əр пенденің жүрегінде – туған жері,
Туған жерін білмегеннің түспейдіме беделі?!
Ауылымды еске аламын, сағынсам,
Барқытбелім Үржарымның тірегі.
Таулары асқар, бұлағы тасқан далама,
Осы айтшы жететін жер болама?
Жерұйықтай табиғатты көргенде,
Қаласыңда бір қуанып таңдана.
Ауылымның басқалардан несі кем?
Өзі кіші болғанымен, іші кең.
Ауылымның адамдары əртүрлі,
Жылы күлкі байқалады жүзінен.
Туған жерді ойламасаң болама,
Туған өлкен қалсын мәңгі сананда.
Туған жерім,ауылыма не жетсін!
Саған жетер жер бар мекен ғаламда?!

Серікұлы Асылбек 11 жас
Барқытбел ауылы

Ана
Кішіпейіл болу да,
Әдептілік білгенге.
Кішірейіп қалмайсың.
Қыздарға жол бергенге.
Қонақ келсе қуанып,
Скрипка тартып беремін.
Қуанғанын қонақтың,
Мен де жақсы көремін.
Тілін алып анамның,
Бөлмемді өзім жинаймын.
Өйткені мен анамды,
Жақсы көріп, сыйлаймын.

Жақсыгүл Қалжанова (Сыпайылық-сұлулық кітабынан)

Өтірік өлең
Биік таудың басында,
Құмырсқа өмір сүріпті.
Дос болып қыран, бүркітпен
Әлемді шарлап ұшыпты.

Алматы қаласы, №156 мектебінің
2 «в» сынып оқушысы Еркіндәулет Жасмин

Тәуелсіздік  таңы атты
Тәуелсіздік таңы атты,                                                                                                             
Әлемге нұрын таратты.                                                                                                           
Көк туымыз  желбіреп,                                                                                                           
Соқты,  жүрек елжіреп.
Айдарынан  жел ескен,
Бар  дүниемен  теңескен.                                                                                         
Мақтан  етем  елімді,                                                                                                           

Достық, бірлік  үні екен.
Кең далама қарасам,                                                                                                             
Арман қуып бел асам.
Қуат алып өзіңнен,                                                                                                               
Жыр жаздым шын көңілден.
Атар таңым  арайлы                                                                                                             
Әлем бізге қарайды.                                                                                                            
Жаса, Елім мәңгілік                                                                                                              
Атсын  алдан таң  күліп.

Орал қаласы №46 ЖОББМ
3 «д» сынып оқушысы Исатай Нұркерей

Өзім туралы
Жамбыл Аиша. Астана қаласындағы № 60-шы мектеп-лицейінің 1 «С» сынып оқушысымын. Сүйікті ісім (хоббиім): сурет салу, тілдер үйрену, би билеу. Менің қызығушылығым өте көп. Мысалы, сурет салғанды ұнатамын. Әсіресе ертегі кейіпкерлерінің суреттерін салған ұнайды. Сонымен қатар би өнерін де үйренудемін. Тілдер білуге деген қызығушылығым да бар. Бос уақытымда англо-африкандық апайдан дәріс аламын. Қазір ағылшын тілінде еркін сөйлеймін, түрлі жарыстарға қатысамын. Ал сабақ барысында тақырыпқа сай әңгіме, ертегі жазғанды ұнатамын. Бұл жұмыстарымды сыныптастарыма арнаймын.
 
 
                  
«Қалайша мысық адамның досы атанды» ертегі
Ертеде мысық орманда өмір сүріпті. Ол қоянмен жақсы дос болды. Олар бір үйде тұрып, бірге ойнап  тамақтаныпты. Қыс мезгілінде мысық қоянға ілесе алмай одан адасып қалады. Ол тоңып бүрісіп отырғанда оны бір аңшы көріп аяп, үйіне алып кетеді. Мысықты жылы жерге орап жатқызып қояды. Мысық ұзақ ұйықтайды. Оған үйде адамдармен бірге тұрған ұнап қалады.  Содан бастап ол адамның досы болып кетті.

Алаш мұрасы
Халел Досмұхамедұлы ұстаз, дәрігер, тарихшы, этнограф, биолог, табиғаттанушы, лингвист, фольклорист, аудармашы болған. Х.Досмұ- хамедұлы дарынды ерекше тұлға бола тұра, терең біліммен латын, араб, парсы, түрік, неміс, француз тілдерінде жетік меңгере біліп, сөйлей білген алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері. 1917 жылдың Ақпан революциясынан кейін Халел Досмұхамедов Қазақстанның батысында Алаш қозғалысын өрістетіп, 1917 жылы 19-22 сәуірде өткен 800-ден астам делегат қатысқан Орал облыстық съезінің жұмысына белсене араласып, облыстық комитет мүшелігіне сайланды. Осыған орай №37 ЖОББМ қабырғасында «Жас өлкетанушы» клубы мүшелерімен Халел Досмұхамедовтың 135 жылдығына орай тарихи өлкетану сағаты болып өтті. Кітапханашы Х. Досмұхамедовтың өмірбаяны, шығармашылығы, Алаш қозғалысының тұлғасы ретінде танылып, тарих бетінде өшпес із қалдырғаны туралы слайд арқылы әңгімелеп берді. Оқушылар бейне-ролик арқылы балалық, студенттік шағымен, өмір жолымен, мұражай-ескерткіштерімен  таныстырылды. Әрі қарай «Алаш мұрасы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

А.С.Пушкин атындағы балалар кітапханасының кітапханашысы
Рахматтулина Қымбат Жансейітовна

Рахмет қайда
Аиша бала бақшада, Мерей тамағы ауырып үйде қалды. Үйге қыздардың тәтесі  тәтті сыйлықтарын алып келіпті. Мерей өзінің сыйлықтарын күні бойы жеп тауысты. Кешке Аиша бала бақшадан келді. Сыилықтарын көріп қуанып, дәмін көре бастады. Мерей жәй ғана қарап тұрды да рахмет қайда деді. Мен Мерейге де бөліп беретін шығарсың деймін. Айша волшебное слова қайда дейді ғой.

Майдагүл Қыдырбайқызы

Мен бақытты баламын!
Мен бақытты баламын! Өйткені менің отбасым,достарым бар.Олар әрдайым маған көмек береді. Мен де оларға  әрдайым көмектесуге  дайынмын. Үйде мен анама үй жинауға көмектесемін. Сіңілімді саябаққа апарып ойнатамын. Кейде достарыммен серуенге шығамыз. Егер менің көңіл күйім болмаса, олар менің көңілімді көтеріп, әрқашан жанымнан табылады. Менің осындай отбасым мен достарым барына қуанамын. Мен оларды жақсы көремін!

Ақтөбе қаласы № 61 ЖББОМ 3 «В» класс оқушысы Қолғанатқызы Әсемай
Жетекшісі: Нағи Гүлнұр Сағидұллақызы

Алтын теңгеге-25 жыл.
Мереке ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Алтын тенгеге -25 жыл» атты атты әңгіме өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарға Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру.
Кітапханашы Мусабаева Ақнұр: «Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы. Теңге өмірге оңайлықпен келген жоқ. Елбасымыз өз теңгемізді шығаруға қаржыгерлерге арнайы тапсырма берді. Ұлттық валютамыздың өз дизайні, өз идеясы болуы керектігі қатаң тапсырылды. Қазақстан аймағында ерте кезеңде қандай ақша болғаны, тарихта бұл жөнінде қандай деректер бары іздестірілді. 1992 жылы тамыздың 27-сі күні Ұлттық банк басқармасы теңге купюрасының үлгілерін бекітті. 1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінңі ең соңында рубль аймағынан шықты. 1993 жылы қарашаның 12-сі күніЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» жарлыққа қол қойды...» - деп ақшаның пайда болу тарихы, Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы - теңгенің айналымға енуі, жасалуы және теңге банкноттарын дайындаған авторлар туралы кеңінен мағлұматтар берді. Сонымен бірге кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Оқырмандар әңгіме барысында өздерінің төл теңге туралы білетін жайттарымен бөлісіп, сұрақ-жауап ойынына қатысты. Барлығы-15 оқырман қатысты.

Қостанай облысы, Наурызым ауданы
Мереке ауылдық кітапханашысы Мұсабаева Ақнұр

Рухани жаңғыру – жастарға жарқын жол
2019 жыл жастар жылына орай Ел ертеңi – бiлiмдi жастар. «Бұлақ көрсең көзiн аш» дегендей, қазақ жастарын бiлiмге бағыттау бүгiнде аса маңызды мәселе. Қай елдiң болсын ұлттық ерекшелiктерiнiң сақталып, дамытатын, еңселi ертеңiмен жалғастырар алтын көпiр – кітапхана . Елімізде жастар мәселесіне кеңінен назар аударылып келеді.Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған барлық Жолдауларында. 18-29 жас аралы­ғын­дағы жастар. Жаңа заман тәуелсiз ел мұраты – жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр. Аудандық орталық балалар кітапханасының « Рухани жаңғыру – жастарға жарқын жол» атты риясыз кездесуді Аманкелді жалпы білім беретін орта мектебінің 9- сынып оқушаларымен өткізді. Кездесу барысында  жалынды жастардың елге, жерге деген патриоттық рухын оятып, жігерін жанитын мысалдар келтіріп, өнегелі пікірлерін ортаға салды. Осылайша, рухани жаңғыру жолына түскен аудан жастары игі шара шеңберінде тағлымы мол, өнегесі өрнекті кездесуге куә болды.

Қостанай облысы, Амангелді ауданы
Аудандық орталық балалар кітапханасы
Исмайлова Таңшолпан