Көктем
Келді міне әсем көктем,
Жадырата жанымды.
Далада әсем гүлдер өсіп,
Құлпыртады даланы.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылы
Т.Әубәкіров атындағы орта мектептің
2 «А» сынып оқушысы Мәулет Медина
Анашым
Ақ сүтін берген анашым,
Ақылды менің данашым.
Өзіңдей жанды әлемнен,
Қайдан табамын анашым.
Мейірім төккен баршаға,
Онымен өмір қаншама.
Анасыз өмір бола ма?
Айтыңдаршы баршаң да.
Туған жер
Қазақ елі – ұлы ел менің өлкем,
Бауыры талай жанға болған мекен.
Әр ұлттың басын қосқан бір анаға,
Туған жер ата қоныс атамекен.
Анеля 10 жас
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы
Астанаға ақ тілек
Бақ болып қонған төріме,
20 жыл көрік берген жеріме,
Арман қала Астанам
Құт-береке шаш еліме!
Елбасы жасап бастама,
Гүлденіп өсті жас қала,
Жылдан жылға жаңарып,
Асқақтай берсін Астана!
Асқар шынмен таласқан,
Сұлулығы жарасқан,
Астанасы көркейген,
Елімде болсын көк аспан!
Жантлесов Алдияр 10 жас
Әулиекөл ауданы Құсмұрын ауылы
Қыс қызығы
Қыс – ерекше мезгіл. Қыстың алғашқы айы желтоқсанда менің туған күнім болады. Бұл мезгілді асыға күтуімнің бір себебі осы десем де болады. Қардың жауғаны, онымен ойнаған ұнайды. Жұмсақ, мамықтай. "Қонжық" балабақшасында болған кездерімізде қыс мезгілінде апайларларымыз далаға алып шығып, шаңғы тепкізетін. Кейде қатты жел соғып, боран болғанмен, қорықпаймын, тоңбаймын. Өйткені күртешем қалың, жылы. Қыс – қызыққа толы мезгіл.
Бексұлтан Бабық
№36 қазақ орта мектебінің 1-сынып оқушысы
Су – тіршілік көзі
Су – адамзатқа, табиғатқа қажетті заттардың бірі. Сусыз тіршілік болмайтыны белгілі. Адам бірнеше күн нәр татпауы мүмкін, бірақ шөлге шыдамайды. Бірақ ішуге жарамды тұщы сулар жер бетінде азайып бара жатыр. Неге? Өйткені адамдар суды болмашы затқа пайдаланып, ысырап қылуда. Өнеркәсіп орындарында суды көп қолданып, тіпті кейбір жерлерде сулар өндіріс қалдықтарымен ластануда. "Судың да сұрауы бар" демекші, ол – біздің құнды байлығымыз екенін ұмытпауымыз керек. Елімізде қазіргі кезде судың тапшылығы аса байқалмаған елдердің қатарында, бірақ Арал-Сырдария және Нұра-Сарысу су шаруашылық алаптарында басқаша. Су қоры тапшы өңірлердің экологиясы құлдырайтыны белгілі. Еліміздің экологиялық жағдайы қалыпты болсын десек, табиғатымызды аялап, су ұқыптылықпен, қажетімізге ғана пайдаланайық.
Айымбибі Мирамбайқызы
М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды
балаларға арналған мектеп-интернатының 6-класс оқушысы
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Әр адам өз денсаулығын сақтауға және ғұмырын ұзартуға жауапты. Дені сау адам болу үшін, әр адамның өмірлік ұстанымы болуы керек. Денсаулық – бақытты болудың алғы шарты. Адамдар кездескен кезде бір-бірінен денінің саулығын сұрайды және денінің сау болуына тілек білдіреді. Кейде кейбір адамдар өз денсаулығына немқұрайлы қарап жатады. Ішімдік ішу, ескірткі заттарын қолдану, шылым шегу, дұрыс тамақтанбау т.б адам денсаулығына кері әсерін тигізеді. "Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде" деген нақыл сөз бар. Сондықтан да, денсаулығымызға бүгіннен бастап мән беріп, зиянды заттардан бойымызды аулақ салып, салауатты өмір салтын сақтап, жиі спортпен айналысып жүруіміз керек. Егер осы айтылғандары үнемі сақтап жүрсек, деніміз сау, жарқын болашақтың иесі болатынымыз сөзсіз.
Бағдатова Шұғыла Дарханқызы
Алтықарасу мектеп-балабақшасының
Жұмбақ
Келер жылы менің атам
Толады жасы жетпіске
Әжем болса жетпіске
Төрт жылдан соң толады.
Атам менің әжемнің
Жасы қазір нешеде?
***
Үйге қонақ келгенде,
Атам менің қой сойды
Қойдан алдым екі асық
Болды сонда он асық.
Сонда өзімде бұрыннан
Қанша асығым бар еді?
Бижанова Жібек Алматқызы 10 жас
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Иіркөл ауылы
Жаңа жыл
Келді міне жаңа жылым қазағыма,
Ойнақ салып билейміз шаттығына.
Шыршаны безендіріп, әшекейлеп,
Шуағын төгіп тұр ғой айналаға.
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ынтымақ ауылы
Еркін Айсана 4-сынып оқушысы
«Тарихы терең, өндірісті, өнерлі Ақтөбем!»
/Ақтөбе қаласына 150 жыл/
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев: «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» деп нақты айтып келеді. Осы тұста Ақтөбе қаласының тарихын еске алып, көз жүгіртетін болсақ Ақтөбе бекінісінің негізгі қалануы және оның уездік қаласына айналуы тарих дамуының кезекті бір сатысы іспетті еді. 1869 жылдың мамыр айының басында Елек және Қобда өзендерінің аралығына №4 Орынбор казак батальонының екі ротасынан, жүздеген Орынбор казактарынан, губерниялық батальонның 169 адамдық тобынан және 14 артиллеристен құралған отряд Елек уезі қазақтарының көтерілісін басуға және Орта Азияға жылжуына тосқауыл қою үшін пайдаланатын плацдарм болатын бекіністің негізін қалау үшін жіберілді.
1869 жылдың 14 мамырында полковник Ю.Борхтың басшылығымен отряд Қарғалы мен Елек өзендерінің қиылысына келді. Бес күннен кейін артиллериялық қарудың атуымен және Торғай облысының әскери губернаторы Л.Баллюзектің қатысуымен Ақтөбе бекінісінің негізі қаланды. Бекініс құрылысының жоспары алғаш рет 1874 жылы жасалды. Шағын бірінші аудандар құрылды: Құрмыш, Татарская слабодка, Оторвановка. Алғашқы көшелер Гарнизонная, Крепостная, Оренбургская, Елекская, Георгиевская деп аталды. 1891 жылы Ақтөбе гарнизондық бекінісі Торғай облысының Ақтөбе қаласына айналды.
Ақтөбе, сенсің менің сайран бағым,
Кетпестей кіндігімнен байланғанмын.
Табысың, тамашаң да толып жатыр,
Баяндап тауысайын қайдан бәрін, - деп өлкеміздің көрнекті ақыны Мұхтар Құрманалин жырлағандай бүгінде Ақтөбе қаласы күн сайын өркендеп келе жатқан қалалардың бірі және орасан зор экономикалық, мәдени, туристік потенциалы бар өңірге айналып келе жатқанына биыл 150 жыл. Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арнаған тартуы ретінде «Ақтөбе қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ «Тарихы терең, өндірісті, өнерлі Ақтөбем!» тақырыбында «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік кешенінде жылжымалы тақырыптық кітап көрмесін жасақтап, барша қала тұрғындарына, мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымына, жоғары, орта оқу орнының студенттеріне библиографиялық шолу жүргізіп келеді. Көрменің басты мақсаты – қаламыздың тарихы, мәдениеті, ұлттық құндылықтары және жергілікті ақын-жазушылармен тереңнен таныстырып, құндылығы мол Ақтөбе өңіріне деген махаббатты асқақтату. Көрме негізгі 3 бөлім бойынша насихатталып, әрбір бөлімде тақырыпқа сай кең көлемде ақпараттар берілген.
I бөлім - «Руханиятқа толы қазына» деп аталып, Тәуелсіз Қазақстанымыздың тарихын таныстыратын Ж.Бейсенбайұлының «Ұлы даланың ежелгі тарихының этномәдени төркіндері», «Қазақстан» энциклопедиясы, «Менің Отаным Қазақстан», т.б. кітаптары арқылы сыр шертеді.
II бөлім - «Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ғылымда» тақырыбында Ақтөбе қаласының кешегі мен бүгінгі тіршілігі, әсем де көрікті жерлері туралы мол ақпарат қамтылған. Көрмеге Ақтөбенің тарихы туралы Ақтөбе облыстық мұражайында жиналған мәліметтер незігінде жазылған Рысжан Ілиясованың «Далам тұнған шежіре», «Қазына» атты кітаптарымен қатар өлкеміздің ержүрек атақты тұлғалары туралы, атап айтсақ қалмаққырған шайқастарда қол бастаған хас батыр Баһадүр батыр Бөкенбай, Әбілхайыр хан, Әйтеке би, Мөңке би, Молдахмет Қаназ «Жанқожа», Б.Құрманбеков «Алтай батыр», И.Сұлтан «Асау Барақ», Идош Асқар «Шығанақ өнегелі өмір» және өлкеміздегі қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мақсатында шығарылған кітаптары қойылған.
III бөлім - «2019 жыл – Жастар жылы» болып жариялануына орай үшінші бөлім «Жарқын болашақ жастар жолымен» деп аталды. Бұл бөлімде өлкеміздің жастарын кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, өлең-шумақтар, дастандар арқылы білімдерін кеңейтіп, мәдениетті болып өркендеп, биікке самғап талаптары оза шапсын деген мақстатта Ақтөбе деп аталар киелі топырақта дүниеге келген көптеген ақын-жазушылардың «Ақтөбе кітапханасы» сериясымен басылып шыққан көп томдық кітаптары қойылып, оқуға ұсынылды.
«Тұғырың дәйім биік болсын деп,
Лаулатып саған бақ төгер едім.
Дұғам: «Өркендеп жиек толсын» - деп,
Арайлы мекен Ақтөбем менің!», - деп №4 М.Горький атындағы қалалық кітапханасы жанынан ашылған «Жалын» клубының мүшесі, жас ақын Әсел Еркінқызының әдемі өлең шумақтарын ұсына отырып, барша қала тұрғындарын ұлы той - Арайлы Ақтөбенің 150 жылдық мерейтойымен құттықтай келе, «Тарихы терең, өндірісті, өнерлі Ақтөбем!» атты жылжымалы тақырыптық кітап көрмесімен жақын танысуға Батыс-2 ауданы, Тәуелсіздік даңғылы 14 Б. көшесінде орналасқан «Анаға тағзым» рухани - адамгершілік кешеніне шақырамыз. Көрме 2019 жылдың қаңтар айының 10-ы күнінен бастау алып, ақпан айының 10-ы күніне дейін жалғасады. Жылжымалы кітап көрмесі алдағы уақытта «Керуенсити» ойын-сауық кешені, «Сапар» жолаушылар вокзалы, шығармашылық академиясы орталықтарында барша қала тұрғындарына ұсынылып, кең көлемде насихатталатын болатынын хабарлаймыз.
Ақтөбе қ., №4 М.Горький атындағы қалалық
кітапханасының кітапханашысы Н.А.Кульжанова
Әкеме
Әкешім менің асқар тауым,
Отбасымның тірегі.
Өзіңнен бастау аламын
Асқар тауым әкешім.
Жанель Көшербай