Мектебім
Мектеп – үйің, ұстаз – ана шынымен,
Ән шырқаймын бүгін осы жырыммен.
Ұстаз берген тәрбие мен білімнен,
Таныласың ғажайып көп қырыңнан.
Мектептің берері мол балаларға,
Баулиды әр түрлі мамандыққа.
Алар асу тым биік, біл достарым,
Сондықтан да қазір оқы жасқанбағын.
Қызылорда қаласы Ахмадеева Нағима атындағы
№112 орта мектеп оқушысы Бекназар Қайсар
Есеп өлең
Бірге қосшы екіні,
Екіге қос жетіні,
Оған қостым тоғызды,
Қоссақ оған он бірді,
Қанша болды шешуі?
***
Орманда жүр қу түлкі
Қосаяқ жүр егісте,
Сегізаяқ жүзеді,
Шалқып жатқан теңізде,
Қанша аяқ бар бәрінде?
Бижанова Жібек 10 жас
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Иіркөл ауылы
Диқаншы
Адамдық диқаншысы қырға шықтым,
көлі жоқ, көгал жоқ, құрға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым ектім,
көңілін көгертуге құл халықтың.
Ерденқызы Еркеназ 10 жас
Өскемен қаласы
Ұстазым
Бізді оқытқан, білім беріп,
Көп нәрсені үйреткен.
Ұстаз – ана, ұстаз – пана,
Құрметке лайық сен ғана.
Ғалым, ұшқыш бәрі де,
Сенен алған білімді.
Жас та, үлкен, кәрі де,
Бас иеді өзіңе.
Өзіңнен үлгі аламын,
Үлгілі бала боламын.
Ата-анамды қуантып,
Биік шыңға шығамын.
Қызылорда қаласы
№112 орта мектеп оқушысы Аманбек Нұргүл
Елін сүйген – елбасы !
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды,
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды.
Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды,
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды,
Тәуелсіздікті елге сыйлайды,
Бейбітшілікті қалады,
Орындалып арманы,
Халқымызда ажарлы,
Осының бәрі әрине,
Елбасының арқасы.
Бахитова Алтынай
БҚО,Орал қаласы, Сайқын ауылы
Сыпайылық-сұлулық
Мен әдепті баламын,
Үлкендерді сыйлаймын.
Даланың әсем гүлдерін,
Әпкем үшін жинаймын.
Жаны жомарт баламын,
Қарттарға қамқор боламын.
Көмектесіп әжеме,
Алғыс, бата аламын.
Елгезекпін, ешкімге де,
Өкпе, назым жоқ менің.
Кішіпейіл, ақжарқын,
Достарым да көп менің.
Жақсыгүл Қалжанова
Еліне елеулі Елбасы
Бұған Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы, оның бірлігін қамтамасыз етуші, ел Конституциясын, адам мен азаматтың құқы мен бостандығын қорғаушы ретіндегі рөлі негіз етіп алынған. Шын мәнінде, Елбасының елімізді аяғынан нық тұрғызып, әлемге танытудағы еңбегі ұшан – теңіз. Ауылы мен қаласы қатар өскен – қуатты Қазақстан! Бүгінде Қазақстан кемел ел, ынтымағы жарасқан мемлекетке айналды. Тарихта жеке адамның рөлін ешкім жоққа шығара алмайды.Н.Назарбаев уақытын безбендеп, заманын таныған, болашақты болжаған ірі саясаткер.Елдің басшысы қандай болса, халқы сондай. Н.Назарбаев - елі еріне, ері еліне сенген ұлы тұлға! 1 Желтоқсан Тұңғыш перзидент күніне орай Аудандық орталық балалар кітапханасы оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбайевтың өмірі мен шығармашылықпен атқарған істері туралы мәлімет беру, сонымен қатар оқушыларды өз Отаның, халқын сүйетін азамат болып өсуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында «Еліне елеулі Елбасы» атты әдеби сазды кеш ұйымдастырылды. Кеште Ә. Боранбайев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 4 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Утеулина Жұлдызай Алпыс қызы ат салысып Елбасымызға арналған тақпақтарын нақышына келтіріп жатқа оқыды, сонымен қатар флеш моб билеп, Елбасымыздың ерен еңбегі насихаттау барасынба бейне ролик көрсетілді. Кешке ауданымыздың 4 мектеп оушылары мен мектеп мұғалімдері көрермен ретінде қуанышпен тамашалады. Қатысқан оқырмандарға балалар кітапхананың атынан естелік кітаптар табыс етілді.
Қостанай облысы, Аманкелді ауданы Аудандық орталық балалар кітапханасының қызметкері Қабілдина Жазира
Конфеттен басқа сатып ал!
Мерей мен Аишаның атасы қыздарын еркелеткенде айтатын әні бар. Магазинге барамын, конфетті сатып аламын деп атасы әнін бастай бергенде, Мерей ата қашанға дейін конфет ала бересің, енді біз өсіп келеміз, бізге сақина, сырға, алқа сатып алшы деп айтып тастады.
Аиша келісім берді
Бір күні ата өз әнін айта бастады. Аиша атасына бірнеше рет сізге қазір далаға шығуға болмайды. Дала суық, жер тайғақ, әрі қараңғы деді. Атасы менімен апаң барады дегенде, Аиша олай болса, маған тәтті шырын алып келіңдер деп оңай келісімін берді.
Майдагүл Қыдырбайқызы
Жыл мезгілдері
(Ертегі)
Ерте, ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде. Ақ жайықтың жағасында еліне елеулі,халқына қалаулы,бір домалақ ана өмір сүріпті. Сол анадан тараған төрт қызы болып бар екен. Олардың ауыз десе аузы, күндей жаркыраған көзі бар. Дүниенің сұлулығын өздеріне дарытқан сұлу қыздары болыпты. Анасы жақсы тәрбие беріпті, үлкен қызының есімі "Көктем". Ол ақ жарқын, мінезі нәзік. Екінші қызының есімі "Жаз" жарқырап, жайдарлы, әр уакытта күлімдеп, нұрын шашып жүреді. Үшінші қызы "Күз"басқа қыздарға қарағанда жылауық, жаңбырлы болады, бірақ қолы ашық мырза екен. Ал кіші қызы "Қыс" басқа қыздарына қарағанда салқын, қаталдау. Қыздары бой жетіп, саналы да салмақты қыз болып өсіпті. Осы қыздарын домалақ ана болып өсіпті. Осы кыздарын домалақ ана өздерінің құтты орындарына кондырыпты. Үлкен қызы арыстай үш ұл дүниеге акеліпті, үшеуіде ел қорғаған батыр болып өсіпті. Екінші кызы үш кыз дүниеге акеліпті, үшеуі де адамзатқа жан жылуын сыйлай білетін мейірімді қыздар атаныпты. Үшінші кызы жаздай жайдарлы үш дүниеге әкеліпті. Төртінші қызы берекесі мен ырысы мол, колдары. Ашық келген конакты қадір тұтатын, қонақжай төрт қыз өсіріпті. Осы төрт қыздан өрбіген ұрпақтары елге, халыққа пайдасын тигізіп, ел аузында аттары аңызға айналыпты. Олар жылдың төрт мезгілі мен он екі айы екен.
Бахитова Алтынай Сатыбалдықызы
БҚО, Орал қаласы Бөкей Орда ауд. Сайқын ауылы
Үш уəзір
(Ертегі)
Баяғыда бір ханның үш уəзірі болыпты. Бір күні хан уəзірлерін шақырып қолдарына қап беріп, оларға былай айтады.
- Сендер мына қапты алып, алма бақшасына барып, қапқа алма толтырындар,- дейді. Сөйтіп үшеуі қапқа алма толтырмақшы болады. Бірінші уəзір «Бұның артында ештеңе тұрмаған шығар»,- деп қапқа тас толтырады. Ал екінші уəзір «Бізге қап тасытатын шығар»,- деп шөп салады. Ал үшінші уəзір «Бұның артында бір нəрсе тұр»,- деп əдемі алмаларды жинайды. Сөйтіп ханға келеді хан оларға:
- Мен сендерді түрмеге үш ай қаматамын. Сендер терген алмалармен үш ай қоректенесіңдер,- дейді. Үш ай өткен сон түрмеден шығады. Бірінші уəзір аман шығады. Екінші уəзір əлсіреп шығады. Ал үшін уəзір тіптен өліп кетіпті. Көрдіңдерме, балалар! «Еңбек – барлығын жеңбек», деген осы.
Оразбек Ақарас 11 жас
Шымкент қаласы
Отан
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған.
Жаным менің, Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған.
Әлия Баянова 10 жас
Шымкент қаласы
Жыр арқауы «Шәлкөде»
Жадыраған жаздың күні «Шелек» ауылынан шығып көлікпен Кеген ауылына қарай сапарлап жолға шықтық. Саналы минутта Байсейіт ауылына да жеттік. Ауылға кіре берістен-ақ жолдың екі жағында сауда жасап тұрған сатушылар, неше түрлі көкөністер мен әртүрлі жемістер иісі бұрқырай аңқып қызықтырып еріксіз тәбетіңді ашады. Байсейіттен өтіп жыланша иірілген тау арасындағы жіңішке жолмен жүріп келеміз. Міне, жазыққа шыға берістегі Сөгеті ауылына да келіп жеттік. Сонау көз ұшындағы бұлдыраған тауға дейін кербеңдене керіліп жатқан мидай жазық дала, баяу желпінген самал желдің әсеріне бөленіп рахаттана тыныстап жатқандай.
Жазиралы дархан далам, сағым тербеп мұнартып,
Көрген сайын қызықтаймын, тамсанамын құмартып.
Күн нұрына қыздырынып жатқандай-ақ тыныстап,
Кербездене таудан алқа таққандай-ақ тұмар қып.
Сол жерде біраз аялдап, дем алып қайтадан жолға шықтық. Зырлаған көлік жолдың апшысын құрып, әне-міне дегенше Шонжының бұрылысына да келіп қалдық. Жолдың оң жағындағы таулар ұзыннан созылып бізбен жарысқандай әсер қалдырады. Тау етегі қыстақтар көзге әрең шалынса да тіршіліктің белгісі іспетті. Жолдың сол жағындағы таулар сағым көтеріп бұлдырап, бір нәрседен дірілдеп тұрғандай боп көрінеді. Содан ары Шарын Шатқалы жолға көлденеңдей созылып жатыр.
Көкшіл-қызғылт түрленіп,
Көзді арбап-көңіл толғандай,
Қожыр-қожыр жартастар.
Қолмен тізіп қойғандай.
Ғайыптан кеп хас шебер,
Әдейілеп пішкендей.
Қайталамас бір-бірін,
Бәсекеге түскендей.
Сай табанында Шарын өзені бір жаққа асыққандай жағаны созып, жылдам ағады.
Асау өзен шымырлап,
Сырғиды жылдам ағындай.
Күн нұрына шағылып,
Жалтылдайды сағымдай.
Біз осы зулаған бойда тау етегіне де іліндік. Тауды қиып салған жолмен көтеріліп келеміз.
Өрлеген сайын биіктеп,
Ерегіскендей керіліп.
Бұраңдаған жолы да,
Шегі жоқтай көрініп.
Ақыры тау басына да шықтық-ау әйтеуір. Осылайша Қайқы тауынан асып, Кегенге де келіп жеттік. Жаз ортасы болғанына қарамастан мұнда ауа райы салқын екен. Баяу ескен самалмен біраз тыныстап, шаршағанымызды басып, сергіп рахаттанып қалдық. Осылайша біраз аялдап Қарасазға қарай бет түзедік. Тегіс жолмен зымырап келеміз, жол жиегіндегі бағандар бір-бірлеп сәт сапар тіелегенде, артта қалып жатты. Жан-жағыма қарап қоямын, әр жаққа тарап көшіп жатқан жолдарға қарап үнсіз қиялдап келіппін.
Жолдар-жолдар шексіз-шексіз таралып,
Сапарларға тұрғандай-ақ шақырып.
Мүмкін болса осы жолмен әлемді,
Армансыз бір шарласам-ғой шарқ ұрып.
Осылай армандап отырып, Қарасазға келгенімді де байқамай қалыппын. Біз Мұқағали атамыздың мұражайының алдына келіп тоқтадық. Кішігірім болғанымен сырт көрінісімен-ақ өзінше бір ерекше нақышпен көз тартып, сол ауылға сән беріп тұрғандай.
Қадірлі ақын аға, биік таудай,
Пір тұтар өзіңізді мен бір киік.
Алыстан ат арылтып, бір көруге,
Кеп тұрмын сәлемдесіп басымды иіп.
Іштей осылай сәлемдестім де ішке кірдім. Аралап жүріп, өзгеше бір әлемге тап болғандай сезімде болдым. Ол жерде біз ақын ағаның қолданған заттарын, киген киімдерін, өзі тұрған үйінің көшірмесін тамашалап, біраз нық деректерді ұққандай болдық.
Содан шыққан бетте ақын ағамыздың жырына арқау болған, жанына азық, жырына шабыт берген бойына жігер құйған «Шәлкөде» жайлауын көріп шындығында да табиғаты ерекше әсем жер екендігіне көз жеткіздік. Айналаға қарап қызыға тамашалап тұрғанымда, даланың ерке самалы жайлап қана өзінің жіңішке де сүйкімді дыбысымен:
Шәлкөде сұлулықтың тәңірісі,
Безенген түрлі гүлмен жамылғысы.
Күн сайын көрген жанның көзі тоймас,
Арындап арта түсер сағынышы.
«Шәлкөде» жер жәннаты қайталанбас,
Саф ауа суы балдай шөлің қанбас.
Шалғыны сансыз баяу толқындаған,
Ақ ұлпа бұлттар көкте сырғып жанбас.
-деп құлағыма сыбырлағандай болды. Осылайша табиғат көркіне тәнті болдым. Келесі күні аты аңызға айналған Көлсайға қарай жол тарттық. Келіп жеткен кезде айнала тау қоршаған едәуір үлкен айнадай жарқыраған, аспан түстес көкпенбек көлді көрдім. Жан-жағыма тамсана, рахаттанып қызыға қарап қоямын. Табиғаттың шеберлігімен, сұлулығына осы жерде тағы да көз жеткіздім.
Көлсайдың көз тоймайды келбетіне,
Мұндай көрік бола ма жер бетінде.
Жасыл шалғын ән салар толқынданып,
Сыбырлап самал желмен тербетіле.
Көл беті қалғандай-ақ сағынысып,
Күні нұрмен қауышып шағылысып.
Толқындай сылқ-сылқ күліп жарысқандай,
Бір-бірін алқымдаған алып ұшып.
Аршалы-қарағайлы шатқалдарың,
Қарақат-бүлдіргенді қапталдарың.
Шабыт құйып жаныма шуақ сыйлар,
Арайлап әрбір атқан ақ таңдарың.
Неткен ғажап шіркін-ай неткен көрік,
Жасандырып қойғандай қолмен өріп.
Көрген сайын қанбайды құштарлығым,
Қиял мен көңілімде маздап желік.
Міне осылайша табиғаттың керемет сұлулығын тамашалап таза ауада еркін тыныстап, бойымызға қанат біткендей, ерекше бір шаттықпен дем алып қайттық. Жолда келе жатып, ақын ағамызды, ақын еткен туған өлкенің әсем табиғаты екенін білдім. Ол жақтың кез-келген ауылының тұрғындары кеңпейіл, ақ жарқын, шетінен әңгімешіл адам екен. Мен осылайша осы сапардан өзгеше бір серпіліспен көңілге әсерлі ой түйіп, жаңаша қараспен риза болып қайттым. Бұл күн де менің ойымда ұзақ уақыт сақталатыны анық.
Абдрахманова Аяла
Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауыл
№1 орта мектеп 6 «ә» сынып оқушысы