Анам
Анам менің тұмарым, гүлдей тәтті жұпары.
Жақсы көрем анамды, әрқашан ыстық құшағы.
Анашым маған қымбатты, сұлу әсем сымбатты.
Айналдым мен анамнан, әрқашан бізге жанашыр!
Нұртаза Ерасыл 13 жас Жезқазған
Туған жер
Туған жерім киелі, әр тасыңды сүйемін.
Тарихыңа бас иіп, санама ой түйемін.
Ұлан-байтақ даламда, өтті небір дана да.
Батырларды ержүрек, еске алмауға бола ма?
Қойның толған қазына, қарайды бәрі қызыға.
Киеге тұнған мекенім, орның жүрек тұсында.
Аяжан Төре Алматы қаласы
Мінез
Адамнын кейбір мінезі
Жаныңды баурап алады
Мұңайтып кейде жаныңды
Бір оқ боп мəңгі калады
Әуесхан Ақбибі 11 жас Арал қаласы
Менің әжем
Қараңғыда сәуле түсті жарық шамдай,
«Сырғаш әжем бе?» дедім мен таңырқамай.
Жылулық пен мейірімділік сезіледі,
Шырайлы күн күлгендей, атқан таңдай.
Менің әжем салды міне дара жолды,
Көмек керек жандарға жалғап қолды.
Мен әжеме ұқсағым келет мәңгі,
Әжемнің қазынасы сырға толы.
Әжетайым арайлы таң шуағысыз,
Сіз өмірдің таңысыз, жанысыз
Ардақтап өтер сізді келер ұрпақ,
Сіз елдің жылу сыйлар ханымысыз.
Жанель Көшербай
Диллярамен доспын
Диллярамен доспын,
Мəңгі бақи қоспын.
Достығымыз жарасқан,
Бұлттарменен таласқан.
Ұрыспаймыз ешқашан,
Дос боламыз əрқашан.
Сəби Аянат 10 жас Астана қаласы
Қыс
Қыстың кезі – күн аяз,
Тоңдық біздер біраз.
Сонда да біз далада,
Жасадық қардан аққала.
Мұратова Назерке 7 жас Атырау қаласы
Аналар
О, аналар, біргемін мен сіздермен,
Ыкыласына еш нарсені теңгермен.
Сағынышым – сары ормандай самсаған,
Әлі күнге еркелеймін мен саған.
Мен анамның жүрегіне үңілемін
Қай қыз болсын, өзінше ол маңызды.
Исабек Еділ 12 жас Астана қаласы
Егер мен Президент болсам!
Егер мен Президент болсам, менің армандарым өте көп болар еді. Мен ең бірінші Президент болуға лайықты болуым керек деп ойлаймын. Мен ол үшін сабағымды өте жақсы оқып, барлық жағынан зерек болуым керек және өзге елдермен жақсы қарым-қатынас жасау үшін көп тілді меңгеруім қажет. Мен Президент болсам, елімді, жерімді көркейтер едім. Мен өзім ауылда өсіп туғаннан кейін, ауылдық жерлерді қала етуге талпынып және балаларымыз өнерлі, білімді де білікті азамат болсын деп үлкен мектептер мен университеттер ашар едім. Мен Президент болсам ең бастысы барлық бала ата-ананың қарамағында болуы тиіс деген заң ашар едім. Себебі қазіргі уақытта жетімдер үйі көбейіп бара жатыр. Сондықтан мен оған жол бергім келмейді. Президент болсам, тәуелсіз ел ретінде өзге елдермен жақсы қарым-қатынаста болуға тырысар едім. Айта
берсем менің еліме деген арман мақсаттарым өте көп. Мен өз еліме адал қызмет етемін деп сөз беремін.
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылы, №98 орта мектеп Төлепбергенова Жұлдызай Шынболатқызы 4-сынып оқушысы
Кәсіпкер көжек
Мамық – сүйкімді көжек! Өзі сондай "Қоянмын" - деп тұрған жоқ... Ешкімнен қорықпастан есігінің алдынан дүкен ашып қойды. Тіпті егіз қонжықтар Томпи мен Монтиды күзетші қылып жалдап алды... Əртүрлі жеміс-жидектер мен жаңғақтардан тосап қайнатып дүкен сөрелеріне тізіп тастады! Еттартқыштан сəбіз, қызанақ, пияздарды өткізіп, бұрыш қосып тəтті салаттарды да жасап қойған... Тəтті бəліш, самса, бауырсақтың да неше атасын пісіріп, аспаздықты жайнатып жіберіпті. Таң атпай сылаң қағып Түкең келді:
- Сəлем Мамық! Жаңа піскен тəтті - дəмдіңнен не бар? –
Сəлем бердік Түлкі апай! Алдыңыздағының бəрі жаңа піскен! Қайсысын салайын?
- Самса нешеден?
- Самса - 120, бəліш - 70, бауырсақтың келісі - 700 ден деді Мамық.
- Маған 5 самса, 7 бəліш, жарты келі бауырсақ жəне анау 500 теңгелік тосаптан екі құтысын бере ғой,- деді Түкең. Қане балақандар?! Кім есепке жүйрік? Түлкі қанша ақшаға сауда жасады?
Гүлмекен Қасенбай Алматы қаласы
Қу түлкі
Түлкі деген қу ғой!
Жүрген жері шу ғой!
Жатып алып жағада,
Іздегені ду ғой!
Омар Рысгүл 8 жас Қызылорда
Біз жақсы сөздер айтамыз!
Немере қызым Мерей екеуміз физиодан келе жатқанбыз, алдымыздан үлкен ит шыға келді, әрине жетектеген иесі бар. Мерей қорқып қалды, бірақ сабырмен байқатпайды. Мен бисмиллә рахмани-рахим дедім. Кішкене ойланып қалған Мерей: апа, бұл сөзден иттер үрмей өте ме? деді. Ия,бұл өте киелі сөз, осы сөздерді қайталап жүрсең ешнәрседен қорықпауға болады деген едім. Осы оқиғаны жадында сақтап қалған Мерей, үйдегі сіңлісіне: Аиша, иттен қорықпау үшін, қандай киелі сөз айту керек екенін білесін бе? Аиша сөздің аяғын күтпестен:»пошел» деу керек деп айғайлап жіберді. Еріксіз күліп алдық. Мерей жоқ олай емес деп түсіндіре бастады. Бұдан былай киелі, қасиетті сөзді барлық істі бастардың алдында айтып жүруіміз керек. Мен қыздарымның қасиетті сөзді қалай үйренгені туралы айтқым келді. Сіздерге қызық болса, Мерей мен Айшаның қызықтары туралы жазып тұрамын.
Ең жақсы адам – ол менің папам
Мен теледидардан айтыс қарап отырып қазақтың жігіттері осындай болса деп сүйсінгенімді білдірдім. Сондағы Мерейдің айтқаны «Апа мен сіздің кімді айтып отырғаныңызды, кімді өте жақсы көретініңізді білемін. Ол менің папам!» деді.
Майдагүл Қыдырбайқызы
Тұңғыш президент
Тәуелсіздікке жеткізген,
Президент ол атамыз.
Арманы оның көп әлі де,
Болашаққа жеткізер.
Құдайбергенов Рахмади 1-сынып оқушысы 7 жас Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ынтымақ ауылы
Бірінші желтоқсан
Алғашқы президент күнін,
Еліміз тойлайды бүгін.
Халқымыз паш етіп жүреді,
Елбасының ерең еңбегін.
Төлеш Жансая 3-сынып оқушысы 8 жас Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ынтымақ ауылы
Отбасы
Керемет қой отбасың
Мейіріммен толықса,
Жəне тағы керемет
Сүйіспеншілікпен жалғасса,
Бұл отбасы керемет
Қызыға сың көргенде,
Тәлім алғын сен де
Қуана сың күнде.
Карбозова Аружан 12 жас Шымкент қаласы
Тәуелсіздігім – тірегім
Біздің Отанымыз – Қазақ елі.Ол әлемге 1991 жылы танылды. Біз Отанымыздың болашағымыз, ұрпағымыз,гүліміз. Мен өз жерімді, елімді жақсы көремін. Себебі, жерін сүю – ол менің қанымда да, жанымда да бар. Ер түркілер ұрпағы сонау сақ пен ғұндардан бастау алатыны тарихтан белгілі. Біздің ата-бабамыз көп қиындық көрді. Ерте кезден-ақ қазақ еліне қара бұлт үйіріліп тұрған еді. Жан-жақтан шабуылдан көз ашпаған халықтың басынан не өтпеді? Келер ұрпаққа жеткізе алмаған тілектері көп болды. Бірақ батырларымыз елімізді жаудан қорғап қалды. Ұл-қыздары жеңіске көп үлес қосты. Тек найзаның күшімен ғана емес, қаламның ұшымен де жауға қарсы күрескен «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» ұлы тұлғаларымыз да бар. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісі болды. Онда да Қайрат, Сәбира, Ләззат секілді апа-ағаларымыз Тәуелсіздік үшін күресті. Олар «өзіміз өмір сүреміз» деп басын қосып бар ауыртпалыққа асқан төзімділікпен шыдай білді. Соның арқасында осыдан 25 жыл бұрын Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл – ғасырлар бойы қазақ халқының аңсаған арманы еді. Міне, осы арман орындалды. Осындай нұрлы күнге жетуіміз – Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың арқасы. Президентіміз біздің жарқын болашағымыз үшін көп еңбек етті. Күн демей, түн демей елдің қамын ойлап, әртүрлі елдермен қарым- қатынас жасап, жаңа жобалар мен жаңа кәсіпорындар ашып, халыққа қалай еңбек ету керектігін көрсетті. Абай атамыздың «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген нақыл сөзін іс жүзінде дәлелдеп берді . Біздің кішкентай Сарбұлақ атты Отанымыз бар. Осындай кішкентай Сарыбұлақтардан үлкен Қазақстан құрылады. Бұны бізге мектебіміздің аяулы да ардақты ұстаздары үйретті. Шынында, үлкен ғимарат салу үшін кішкентай кірпіштер қажет емес пе?! Біз де, сол кірпіштер секілдіміз.Қаланып- қаланып, үлкен адам боламыз. Мен соған қатты сенемін. Мен болашағыма сенемін. Біздің болашағымыздың аспаны ашық, күні жарқын, таңы арайлы. Осындай жайлы жағдайда білім алсын деп, ауылға биік зәулім жаңа мектеп салынды. Ауылымызда сәулетті мешетіміз, жаңа медециналық бекет, мәдениет үйі мен ауыл кітапханасы біздің игіліміз үшін қызмет атқаруда . Олай болса, Тәуелсіздік тұғыры биік, шуақты күніміз мәңгі болсын!
Әбдуали Бибіайша 11 жас Қазалы