Ана
Ана деген жылы сөз ғой киелі,
Ана деген бақыты ғой баланың
Ана үшін бала қымбат бәрінен,
Сондықтан да аналарды құрметте!
Нұртаза Ерасыл 13 жас №5 мектеп, Жезқазған қаласы
Ата
Сен асқарсың, құшағың далама тең
Арнапсың өміріңді «балама» деп
Қуанғанда аспанға қарап қоям,
Мен үшін бір марқайып қала ма деп.
Ақылбек Жандәулет, 7 жас Қызылорда қаласы
Ұлы ақын Абай
Білесіздер ұлы ақын Абайды,
Жұрт Абайды бас ақын деп санайды.
Ғылым үшін бір күні босқа өтпепті...
Еңбек пенен талапты Абай қалайды.
Қасиетті Абайдың қара көздері,
Өсиетті Абайдың паң кездері
Мағынасы терең биік мазмұнды,
Өнегелі Абайдың қара сөздері.
Каналқұл Гүлсая 14 жас Оңтүстік Қазақстан
Медина
Медина менің сіңілім ,
Балдай тәтті қылығың.
Жайнай берші мәңгілік,
Медина менің сұлуым.
***
Универсиадаға арнау
Жақты міне алауды,
Жастарды қолдап елбасы.
Барлық адам қуанып
Қолдады универсиаданы.
Жанель Көшербай
Анам – өмірім
Тоғыз ай, он күн көтерген,
Түн ұйқысын төрт бөлген.
Анашым бір сен данасың,
Жер бетінде дарасың.
Өмір сыйлап, өсірген,
Қателігімді кешірген,
Тәрбие берген ақылшы
Алып адам өзіңсің.
Мақтанамын өзіңмен, мақтанамын
«Анашым – өмірім» деп жар саламын.
Маған сенген үмітіңді ақтау менің,
Өмірдегі ең қымбат басты арманым.
Әжіғали Назбек Қызылорда қаласы
Арқа төсіндегі ару қала – Астана
Сайын Сарыарқа төсінде Қазақ елінің тәуелсіздігінің нышаны іспеттес әсем қаламыз Астананың бой көтергеніне де 20 жыл толып отыр. Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен осынау аз ғана жылдың ішінде елордамыз дәулеті тасып, сәулеті асқан жер жаһандағы сұлу шаһарлардың біріні айналды. Тарихтан ерекше орын алып, қарыштап дамыған мемлекеттің әрі мәңгілік достықтың символына айналған Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Мереке ауылдық кітапханасы «Арқа төсіндегі ару қала – Астана» атты арнайы дайындалған кітап көрмесін оқырмандарға ұсынды. Аталған шараның мақсаты – Елордамыздың 20 жыл ішінде даму жолдары мен тарихи кезеңдерін насихаттау арқылы Астананың абыройын асқақтату. Тақырыпқа сай безендірілген көрме «Астана тарихы – ел тарихы», «Астана – Елбасының ерлігі», «Тәуелсіздік тұмары – Астана» атты бөлімдерден құралған. Көрме Қазақстан Республикасының астаналарының қысқаша тарихын, Елбасының жаңа астана салу идеясын ұсынуы мен жүзеге асырған кезеңдерді және Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуын қамтиды. Көрмеге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасын тұлға, әлемдік деңгейдегі саясаткер, елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріндегі жасампаз өзгерістердің бастамашысы, қатысушы ретінде сипаттайтын түпнұсқалық тарихи әдебиеттерді, баспасөз материалдарын, Елбасының жаһандық деңгейдегі кемеңгер саясаткер ретіндегі рөлі жан-жақты көрсетілген әдебиеттер қойылды. Қазақстан Республикасының астаналарының қысқаша тарихы мен Астана туралы 20-ға жуық фотосурет, елорданың өткенінен және бүгінінен сыр шертетін туындылар, Астананың қазіргі келбетін баяндайтын мол әдебиеттер қойылды. Сонымен қатар Зәкір Зарина ағылшын тілінде Астана күнін құттықтап жылы лебізін білдірді. Кеш сонында флеш моб билеп, Астананың 20 жыл толуына орай ашық аспанға 20 шар ұшырдық. Кеш өте тартымды, танымды өтті. Астанада ғасырлар бойы Қазақстан халқының азат ойы мен мүдделері, асқақ арманы мен мақсаттары іс жүзіне асырыла беретін болады. Елордамыздың туған күні құтты болсын ағайын!
Қостанай облысы, Наурызым ауданы Мереке ауылының кітапханашысы Ақнұр Мусабаева
Əке-ана
Ана деген алтын адам мен үшін!
Ана деген алтын адам сен үшін!
Əр қашанда қадірлеиік ананы
Аямады ешнəрсені біз үшін!
Əкемді қадірлеймін, анамды құрметтеймін!
Екеуінде сыйлаймын, олардан еш нəрсемді аямаймын!
Ажихан Жұлдыз 11 жас Тараз қаласы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы
Ойын
Ойын маған ұнайды,
Көп ойнауға болмайды.
Күні бойы доп қусаң,
Білім-ақыл қонбайды.
Леспек Раяна 5 жас СҚО, Шал ақын ауданы, Жаңасу ауылы
Ғажайып қала – Астана
Астана – халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры. Президенттің перзентіндей болған Астанаға Елбасының идеялық еңбегі ғана сіңген жоқ, қаланы жасыл желекке көмкерген бас бағбаны да, ажарын сәнді еткен бас сәулетшісі де Мемлекет басшысы болды. Сондықтан да Елбасы мен ел орда – егіз ұғым. Уақыттан оза шапқан бүгінгі Астана – тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімінің көрінісі, арманы мен тілегінің кепілі. Осыған орай А.С.Пушкин атындағы балалар кітапханасы Астананың 20 жылдығына орай №37 мектеп жаныңдағы лагерь балаларымен «Ғажайып қала – Астана» атты мультимидиялық викторинаны өткізді. Балаларға еліміздің бас қаласы Астана туралы мәлімет беріліп, «Астанаға саяхат» атты видеоролик көрсетілді. «Ойлы болсан – озып көр» атты Астана туралы викториналық сұрақ айдары өткізіліп, кітап көрмесіне шолу жасалды.
Орал қаласының А.С.Пушкин атындағы балалар кітапханасы Джумағалиева Лола Темирбекқызы
Бұл мен емес
Наурыз мерекесі өткеннен кейін Аишаның бала-бақшада ұлттық киіммен түскен суретін алып келдік. Қоңыр қызыл түсте тігілген, үлкен сәукелесімен, алқасы бар, сырғасы да салбыраған бойжеткендерге лайықты киімде тұрғанына қарап «бұл мен емес, ол Ардақ әпке»,- дейді. Неге олай дейсің бұл сенің суретің түскен десем, біраз қарап тұрып «бәрібір мен емеспін, ол Ардақ әпке»,- дейді.
Телефонмен сөйлесуге болмайды
Бірде қыздарыммен сурет сабағында жұмыс жасап отырдық. Мен оларға тапсырма беріп қойдым да, шырылдаған телефонға жауап бермекші болдым. Ал Мерей болса, апа телефонды шұқыламаңыз, қойып қойыңыз. Біздің апай біз ұйықтағанда ғана телефон ұстайды, деп менің сабақта телефонмен сөйлеспеуім керек екендігін ескертті.
Майдагүл Қыдырбайқызы
Ерке мінез дара туған,
Дидарыма дала тұнған.
Ғанидің сұлу қызымын,
Бақытты боп жаратылған.
Аманғалиева Аида Ғаниқызы 4 жас
Достары жанында бірігіп,
Өмірге тұлпар баптады.
Ұстазы үшін - ұлы үміт,
Ата-ана үшін мақтаны.
Қалданбек Амира Қайырбек қызы 4 жас
Ұшқанда қиял таңына,
Адам боп шықсын ең кемі.
Маман боп олар тағы да,
Болады елдің ертеңі.
Бақытжан Ықылас Қуандықұлы 5 жас
Бақытжан Аида Қуандыққызы 4 жас
Мінезін түгел аштырған,
Күлсе де шыншыл күледі.
Лүпілдеп алға бастырған-,
Білім ал дейді жүрегі.
Молдабай Сымбат Серікқызы 4 жас