2018 қазан Балалар бақшасы

Астана
Астана, неткен ғажапсың!
Бейбіт елсің азатсың.
Сені мақтан етемін
Бәрінен де озатсың.

Аралбаев Досым 8 жас БҚО,Зеленов ауданы, Погодаев ауылы

 

Тақпақ 
Болашақ тобы алға!
Биіктерге самға.
Достығымыз бар да.
Жүреміз тек алға!

Айдын Ақбота 13 жас

Күн шуағы
Айнала кең пейілді, кең дала,
Күн шуағы жарқырайды айнала.
Күннің жылы лебін ұнатамыз,
Шаттанамыз қуанамыз бәріміз.

Төлеш Жансая 8 жас Павлодар облысы,Ертіс ауданы, Ынтымақ ауылы

Анашым
анашым асыл анам, есіл анам.
Елжіреп есіркеймін есіме алам
Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді
Ақтамасам несіне боп жүрмін адам.

Нұрболат Зарина 10 жас Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы

Жанұям
Әкем бар менің асқар тауым,
Анам бар менің кең таудай.
Осындай ата – анам бар,
Бақытты едім мен қандай.
Ағам бар менің жан-жақты,
Әрі батыл салмақты.
Әпкелерім бар менің тамаша,
Ойнап күлер балаша.
Сіңілдерім бар менің,
Үшеуі де бір қызық.
Аруна, Сабина, Медина,
Менің жанұям керемет.

Жанель Көшербай

Ұстазым менің, ұстазым!
Әрбір оқушының өз жүрегіне жақын сүйікті ұстазы болады. Ұстаз былайша айтқанда, мектептегі екінші анамыз. Осындай менің сүйікті ұстазым – Қырмызы Камақызы. Ұстазым өз мамандығын сүйеді, сабаққа жан-жақты дайындықпен келіп, биік шеберлігімен, қарапайымдылығымен, адамгершілігімен бізді баурап алды. Сабаққа қызықтыру мақсатында сыныптан тыс іс-шараларды жиі өткізеді. Апайымыз бізге білім беруге, ой-пікірімізді тиянақтауға бар күшін жұмсап атсалысады. Білгенін үйретеді. Оқушының жаманын жасырып, жақсылығын асырады. Мен өзімнің сүйікті ұстазыма шығармашылық табыс, қажымас қайрат, отбасына амандық, мықты денсаулық тілеймін.

Нұрпейіс Динара 7 жас БҚО Орал қаласы, Казталов ауданы

Отбасым
Мейірімді – анам бар,
Қайырымды – әкем бар,
 Көмекші – ағам бар,
Сүйкімді бөпешім мен
Еркелейтін қарындасым бар.
Қарайтын – әпкем бар,
Аймалайтын – әжем бар,
Күлдіргі – інім бар,
Құт береке – атам бар,
Отбасымен бірге мен
Көңілді болып жүремін!

Ернұр Рахымжан 7 жас Түркістан қаласы

Абай – ұлы тұлға
Абай! Осы есімді атағанда,оның кемеңгерлігін, қазақ үшін қандай заңғар биік екенін, даналығын бірден еске аламыз. Абай – қазақ поэзиясының алтын діңгегі, асқар тауы. А.Байтұрсыновша "Абай-шырайлы ойдың шебері", Ғ.Мүсіреповше толғансақ:"Абай – заманының алысты болжай алған ілгері сүйреген ойы". XIX ғасырдың асқар беліне, заңғар биігіне айналған дана ақын туралы айтылған бұл пікірлер, әрине, орынды. Елбасымыздың: "Абай – қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес, ол – қазақ халқының ел болуына ұлан-ғайыр еңбек еткен дана. Абай – әлемдік ойшылдардың қатарындағы ғажайып тұлға... Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болу керек. Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Менің балаларым мен ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауы тиіс " деуі ұлы тұлға рухына әділ тағзым деп түсінуге тиіспіз. "Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба" және де "Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге"- деп екі ауыз өлеңімен өмірлік бағдарды көрсетуінің өзі қаншалық! "Болмасаң да ұқсап бақ" деп жақсыдан үлгі алып , өз кемшіліктеріңді жойып, қатарға қосылуды кеңес етіп тұр. Осы кішігірім үзінділерден-ақ біз Абайдың әр сөзінде үлкен ой, философиялық тұжырым айтылғандығын түсіне аламыз. Ал " Қыс"өлеңінде "Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап келіп қалды." Абайды нағыз суреткер деп ойлаймыз. Суық та қаһарлы қысты адам іспетті кейіптеп, тәтті тілмен жеткізген. Сол себепті де Абай шығармашылығын құныға, қызыға оқимыз. Абай атамыз бізге жақсыдан үйрен, жаманнан жирен деп өсиет етті. Ал біз болсақ бұндай ұлағатты сөздерді тыңдап та жүрген жоқпыз. "Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ"- осы бес нәрседен қашық болуды айтып кетті. Осы бес нәрсеге мен алтыншысын қосар едім. Ол –ұрлық. Ұрлық өзгенің затын ұрлау, рұқсатсыз алу болып табылады. Бұл дінімізде де айтылған. Сол себепті біреудің ала жібін аттамайық. Ал бес жақсылық "Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақымға" қосарым-қолда барды бағалау. "Қолда барда алтынның қадірі жоқ" деген дана халқымыз. Сондықтан да қолда барды бағалай білейік. "Әсемпаз болма әрнеге". Бұл өлеңнің негізі болған тақырып әрі өсиет өлеңнің мәнін ашып тұрған нақылы да. Әсемпаздық меніңше ой түзеу мен бой түзеудің айырмасына мән бермейтін жандарға тән секілді. "Әркімге еліктеп, алтын уақытыңды босқа сарп етпе" деген түсінікке саяды деп ойлаймын. А.Құнанбайұлы тек әдебиетпен шектелмей, қазақ әндерінен де ойып тұрып орын алған тұлға. Бізге Абайдың сыршыл да сұлу жиырма шақты әні белгілі. Соның ішінде ең бір керемет те әдемі әндері: "Желсіз түнде жарық ай", "Қараңғы түнде тау қалғып", "Бойы бұлғаң", " Айттым сәлем, Қаламқас",т.б. Абай әндері Ақан сері, Жаяу Мұса әндеріне ұқсамайтын өзгеше ән. Айырмасы –Абай әндерінің мазмұны ашық, сөзі жеңіл, әрі әуенінде жаңалық мол. Абай әлем әдебиетімен, әсіресе, Байрон, Пушкин, Лермонтов, Гетенің шығармаларын аударғанымен қатар біразына ән де жазған. Осындай керемет адамы бар қазақ қандай бақытты! Абай десе бүкіл әлем тік тұрар еді. Бұған М.Әуезовтың еңбегі зор. Өйткені, А.Құнанбайұлы әлем тілдеріне аударылған төрт томдық "Абай жолы "роман әпопеясы арқылы танылған жоқ па?Қазірде Мәскеуде, Францияда, Пекинде Абай атында көшелер, ескерткіштер бой көтерген. 2015 жылы Шанхай қаласында Абай академиясы ашылды. Ал Семей Абай ауданы, Жидебай аулында Абай атамыздан қалған үй бар, ол қазір мұражай қызметін атқаруда. Онда ақынның тұтынған заттары сақталған. Абай туралы зерттеулер, еңбектер де көп. Абай оқулары жарысында өлеңді мәнерлеп оқудың өзі жас ұрпақ тәрбиесінде маңызды рөл атқарады. Абайтану бұдан да жоғары деңгейге шығатынына сенімім мол.

Манай Гүлжайна 14 жас Алматы қаласы

Соңғы қоңырау
Жиырма бесінші мамыр, ұмытылмас үн.
Қоңыраудың сыңғырын, естейтін күн.
Мектеппен қоштасып, күзде келеміз.
Сағынып, тамсанып, үніне ереміз.
Сөйтіп қоңырау, сыңғырлап соғылар.
Соғылар тағы да, соңғы қоңырау.

Сүйенішқызы Аяулым 10 жас

Ана
Анашың өмірдегі тірегің.
Анашың кеудеңдегі жүрегің,
Анашың жаныңдағы жақұтың,
Анашың басыңдағы бақытың.
Ол жоқ болса жүрер ме едің мұнда сен?
Ол жоқ болса көрер ме едің жарықты?
Ол жоқ болса сүйсінер ме едің адамға,
Ол болса болар ма едің адам сен?

Кенжебекқызы Қырмызы 10 жас Орал қаласы Жәнібек ауданы

Мектебім
Білім берген біздерге,
Жақсылыққа баулыған.
Өзіңде өсіп көктедім,
Рахмет саған, мектебім!
 
Көп нарсені үйрендім,
Оқу, сызу, жазуды.
Өлең, тақпақ шығарып,
Өз ойымды  айтуды.

Абзалбек Салман Қызылорда қаласы

Өтірік өлең
Тең емес бірақ қызықты,
Құмырсқа пілмен шайқасты
Алтын медаль иленіп,
Құмырсқа батыр атанды.

Нұртаза Ерасыл 13 жас Жезқазған қаласы

Менің өлкем
Қазақ деген жерім бар, әсем байтақ елім бар,
Түрлі-түрлі орманы бар, биік-биік таулары бар,
Әсем мөлдір бұлағы бар, әдемі көркем өзені бар,
Сары-қызыл гүлдері бар, көрікті кең өлкем бар,
Қазақстанда бәрі бар, зәулім-зәулім үйі бар,
Осындай әсем жерімді, мен елімді сүйемін.

Нұртаза Малика 10 жас Жезқазған қаласы

Атама
Еңбек етіп тер төккен, күндіз-түні аянбай,
Қадірлі менің аташым, ауырманыз ешқашан.
Ортамызда бәйтеректей төрімізде отырған,
Ақылын айтып кеңесін беріп, ақылшы менің аташым.

Нуртаза Малика 10 жас Қарағанды облысы Жезқазған қаласы

1 шілде – Ұлттық домбыра күні
Дом­­быраның қазақ өмірінен алар орны үлкен. Өскелең ұрпақ­ты ұлтжандылыққа, рухани терең­дікке тәрбиелейді десек кателеспеген боламыз. Бұған Елбасымыз да өзі­нің «Рухани жаңғыру» бағдар­ламалық ма­қаласында айрық­ша назар аудартқан болатын. Дом­быра секіл­ді басқа ешбір музыкалық аспап ұлтымызды осылай бірік­тіріп, рухымызды көтере аламайды. Көмейінен күмбірлі күй төгіл­ген қасиетті қазақ аспабы, міне, енді дәстүрлі түрде жыл сайын ұлттық деңгейде аталып өтілетін болады. Айтулы мерекеге орай Мереке ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен "Күмбірле қара домбырам" атты кітап көрмесі жасақталып, оқырмандарға шолу жасалды. Көрме барасында  ұлт рухын асқақтататын күйлер орындалып, әндер шырқалып, жырлар оқылады.

Ақнұр Мусабаева Қостанай облысы, Наурызым ауданы Мереке ауылының кітапханашысы