Астана
Астана қандай тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Қандай керемет тамаша,
Зәулім-зәулім үйлері.
Тамсана көп қараймын,
Сағынғанда жүгіріп келемін.
Жүрегім соғады тамсана,
Менің елім астана.
Саздыбай Аяла 5 жас Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы
Күз
Жапырақтар ағаштан құлады,
Құстар жылы жаққа ұшады
Бұлттар қаптап аспанда,
Сосын суық болады.
Совет Тамерлан 8 жас Павлодар қаласы
Мектеп
Асанәлі мектепке келеді,
Білім нәрімен сусындап,
Сабақ біткен соң
Үйге қарай кетеді.
Болат Расул 3 а сынып оқушысы Павлодар қаласы
Ана
Ана деген түсінік көп адамда,
Сыйғыза алмас соны ешкім бір бағанға.
Жер ана, отан ана деген бар ғой,
Мен үшін бірақ, ең бастысы туған ана.
Анашым саған шексіз алғыс айтам,
Алғысымды қайталаймын қайта–қайта.
Алақаның көпшіктен де жұмсақ деп,
Еш кідірмей,еш тоқтаусыз тағы да айтам.
Алпысбаев Алиби 12 жас Ақтөбе қаласы
Әкетай
Әкетайым асқар тауым,
Қамқоршымсың данасың.
Бар жақсыны көрсеткен
Әкетайым қамқоршым.
Ұстаз
Жарқын жүзді ұстазым,
Білім кілтін ұстаттың.
Қырық екі әріпті,
Ерінбей бізге жаттаттың.
Жанель Көшербай
Мектеп
Бір күні Жанар барлығынан:
- Неге мектепті ойлап тапты? -деп сұрайды. Балалар оған жалт қарап тұрғанда шеткі жерден мұғалім кіріп қалады. Ол Жанардың сөздерін естіп одан
– Жанар сенің сұрағыңа мен жауап берейін, -дейді мұғалім. Егер мектеп болмаса, мұғалімдер болмайды, ал мұғалімдер болмаса оқушылар қалай білім алады? Ал егер сендер білім алмасаңдар, өскенде далада қаласыңдар. Сондықтан әр адамға мектеп керек,- деп айтады. Жанар басын түсіріп:
- Мұғалім, сізді мен түсіндім. Егер қазір мектеп болмаса, мен осылай сөйлей алмас едім. Менің білімім де болмас еді. Мен сізден кешірім сұраймын. Маған мұның бәрін түсіндіргеніңіз үшін алғыс айтамын,- деп Жанар қуанып кетеді.
Сагдива Саяжан 9 жас Павлодар қаласы
Арифметика сабағы
Арифметика сабағы – өте қызықты. Бірнеше тəсілде есептер шығарасың, ойша да жəне ауызша да есеп шығарасың. Арифметика сабағын біз жарыса өтеміз. Ол жерде менің досым – Ибраһим бар. Екеуміз бір-бірімізден озып шығаруға асығамыз. Жаздыгүні арифметикадан халықаралық олимпиадаға қатысып, 1-орын иелендім. Олимпиадаға бірнеше мемлекеттен 942 оқушы жиналды. Маған өте қатты ұнайды менталды есеп шығару.
Дарханқызы Айжан 7 жас Астана қаласы
Достық – асыл қазына
Дос – адамның өміріне жол сілтеуші. Доссыз өмірдің түкте мәні де, сәні де жоқ. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз дос өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу қиын, ал оны сақтау одан да қиын. Достыққа нәзіктікпен қарап, оны берік сақтау керек деп ойлаймын. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Менің достарым Шұғыла мен Айда есімді қыздар. Олар менің жан достарым. Біздер бір сыныпта оқимыз. Ол екеуі өнерлі биге де, әнге де жақын. Мен олармен бірге жүргенді, бірге әңгіме айтқанды ұнатамын. Олар өте әдемі, ақылды, мейірімді қыздар. Мен қиналғанда қол ұшын беруге тырысады. Мен достарымды асыл қазынаға теңеймін. Ешқашан оларды ұмытпаймын. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде ешқашан жалғыз сезінбейді. Айнымас досы бар адам ең бақытты адам деп есептеймін. Мен достарыма сенемін.
Бағдат Дилянора 12 жас Атырау облысы Жасқайрат ауылы
Өзін-өзі тану пәнінен үйренгенім
Маған «Өзін - өзі тану» пәні ұнайды. Өйткені, ол адамды әдептілікке, адамгершілікке, жақсы істерге, тәртіпке үйретумен бірге мейірімді, ақылды, жақсы адам болудың жолдарымен таныстырады. Бұл сабақ тек маған ғана емес, көп адамдарға да қатты ұнайды деп ойлаймын. «Өзін-өзі тану» пәні адамды рухани жетілдіреді және сол руханилықпен біз сусындаймыз. Сабағымыздың тыныштық сәтінде біздің сынып тынышталып, ұстаздың айтқанын тыңдап отырсам менің бүкіл денеме нұр шашылып, жақсылық таралғандай сезіледі. Біздің өзін-өзі тану пәні ұстазы Нұрсәуле Асқарқызы әр сабақ сайын адамдарға жақсылықты ойлауға, жақсы ізгі істер жасауға, өзгелерге қиянат жасамауға, сүйіспеншілікпен қарауға баулиды. Осы пәнге мен құрметпен қараймын және мақтан тұтамын!
Ернарұлы Бекнұр 3 «ә» сынып оқушысы БҚО, Орал қаласы
Анашым
Анашым, менің анашым,
Жер бетінде данасың.
Ақылды, ең әдемі,
Баға жетпес панасың.
Анашым, менің анашым,
Сендей болу арманым.
Сенің берген тәрбиеңмен,
Талайларды асамын.
Мақтанамын сендей анам барына,
Жыр жазамын жүрегімнен қуана.
Сендей болу басты арманым өмірде,
Көңілі кең, мейірімді аруана.
Қамза Асылназ Қызылорда қаласы №112 орта мектеп
Кітап – рухани жаңғыру құралы
Әліппеден әріп танып, білімнің сан түрлісін игеріп, тұлға ретінде қалыптасуға рухани азық беретін «кітап» атты киелі ұғым тарихтардың жалғасы, мәдениеттіліктің мәртебесі, тәрбиенің ұтымды құралы болып табылады. Сондықтан осы Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай «Кітап – рухани жаңғыру құралы» атты №2 Облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының Балалар әдебиеті бөлімімен мектеп кітапхаларының ұйымдастыруымен балалар кітап апталығы өтті. Осыған орай әр күн сайын бірнеше іс-шара ұйымдастырылды.«Рухани жаңғыру» аясында қала мектептерімен бірлесіп «Кітап – рухани жаңғыру құралы» айдарымен Ш. Уәлиханов атындағы №1 мектепте ашылу салтанаты болды. А. Құнанбаев атындағы № 6 мектептің 3 «В» сынып оқушылары және сынып жетекшісі Садуова Жанар балалар кітап апталығын ашып берді. Балалар мерекелік бағдарламада ойын ойнап викториналық сұрақтарға жауап беріп сыйлықтар таратылды. Апталықтың екінші күні № 4 мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Астана – еліміздің жүрегі» атты тақырыпта өлеңдерден сайыс, көрініс және музыкалық нөмірлер қойылды. Үшінші күні №4 мектепте, №2 мектептің ұйымдастырумен «По следам сказок Шарля Перро» (390 жас) тақырыбында әдеби мереке болды. Ы. Алтынсарин атындағы гимназияның 5 сынып оқушылары «Күлшеқыз» кітабынан ағылшын тілінде көрініс қойса, ал № 2 мектептің оқушылары «Қызыл телпек» ертегісін сомдады.Соңынан ертекші әжей шығып кітап көрмесін таныстырды.Төртінші күні А. Құнанбаев атындағы № 6 мектептің кітапханашыларының ұйымдастырумен «Бақытты балалар жыршылары» (М. Қабанбаевқа70 жыл, М.Әлімбаевқа 95 жыл, Е. Өтетілеуовке 80 жыл) шығармаларынан әдеби қонақжай өтті және соңынан балалар жазушылары мерейгерлерінен көрме-викторина жасалды. Марат Қабанбаевтың «Бауырым» атты шығармасынан оқушылар көрініс қойды. Өте қызықты және сәтті аяқталды. № 2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде, балалар кітап апталығының жабылуы өтті. Шағын концерттік бағдарлама мерекені жандандыра түсті. Балалар бөлімінің кітапханашылары Қоян мен Маймыл киімін киеп қарсы алды. «Ғажайып алаң» атты танымдық ойын-сайысын ойнатып, жаңадан келіп тускен кітаптармен таныстырды. Кеш соңында белсене атсалысқан оқырмандарымызға, қалалық мектеп кітапханашыларына, №6 мектептің 3 «В» сынып оқушылары, сынып жетекшісі Жанар Садуоваға ерекше алғыс білдіріп, мақтау қағаздарымен мараппатталып, түрлі сыйлықтар таратылды. Қазақтың көркем тілі – қазақ тілі қазақтың көркем әдебиетінде. Ал әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың өзіне керек. Қазіргі қазақ қоғамының алдында жас ұрпақты кітапқа, оның ішінде қазақ тілінде жазылған кітапқа баулу біздің парызымыз деп білемін. 2 сәуір – Халықаралық балалар кітаптарының күні күнделікті баланың өмірінің дағдысына айналса игі ағайын.
Марал Әскербайқызы №2 ОӘҒК Балалар бөлімінің қызметкері, Арқалық қаласы