2018 тамыз Балалар бақшасы

Ана
Ана – үш сөзден тұратын кейелі сөз. Ана деген де толғанбайтын жүрек жоқ шығар. Барлық жұлдыз, ақын, жазушы, ұстаз анадан туған. Адам баласы дүние есігін алғаш ашқанда ең алғаш анасын көреді. Ал ана болса өзінің бар мейірім шапағатына баулыйды. Анаңды үш рет меккеге арқалап апарсаңда, анаң алдындағы парызыңды өтей алмайсың, деген біздің дана қазағымыз. Және де әлемдегі бақытты адам – ол бай адам емес анасы бар адам. Сондықтан аналарымыз аман болсын.
 
Ата
Төрде отқан кәріміз,
Ата біздің дәріміз.
Атаны біз мәңгілік.
Ардақтаймыз бәріміз.

Анеля 10 жас Ақтөбе облысы Шалқар ауданы

Наурыз
Наурыз келді, кең байтақ менің жеріме,
Наурыз келді тату-тәтті еліме
Жер жаңарып, оянды жан-жануар
Наурыз шаттық ала келді жеріме.
Наурыз күні, ұлттық тағам пісірер,
Бір-бірімен төс қағысып көрісер.
Ұлыстың Ұлы күні оң болсын деп,
Бар ренішін ұмытып бір кешірер.
Дәстүрлі наурыз көже дастарханда,
Жеті түрлі тағамнан жасалғанда.
Молшылық пен береке болсын деген,
Ниет етіп барша жандар тілек айта.

Гүлжайна Рахметоллаева 14 жас Теміртау қаласы

Аташым
Аташым сен панасың,
Ең керемет данасың.
Ұзақ жаса қартайма,
Әрқашан бізге панасың.

Жанель Көшербай

Ережелерді Сақтау - Қауіпсіздік Кепілі
Сәлем, достарым! Менің есімім – Нұрсапа Жанболат. Осы мақала арқылы мен сендерді «Балалардың қауіпсіздік ережелері» атты ғылыми жобаммен таныстырғым келді.
Қазір әрбір бала қауіпсіздік туралы білуі керек. Бұл тақырыпты мен екінші сыныптан зерттей бастадым. Басында ата-анаммен бірге балалар қауіпсіздігі туралы көп ақпарат оқып, оларды еске сақтауды үйрендім. Ондағы мақсатым – болашақта өзімнің ініме үйреткім келді. Бірде анам маған: - «Балам, егер сен өзің жинаған осы ақпаратпен барлық достарыңмен бөліссең, онда көп балаға көмектескен болар едің. Өзің ойлап қарашы, сен үйреткен ережелер ең болмаса бір баланы мүмкін болатын қауіптен құтқарса – ол керемет емес пе?» - деді. Мен қатты қуандым. Осы жобамен айналысу маған өте ұнады.
Ең алдымен ұстаздарымның және ата-анамның көмегімен жоспар құрдым. Қауіпсіздік туралы сұрақтар ойлап тауып, оларды ата-анам мен ұстазыма көрсеттім. Сұрақтарды іріктеп, сауалнама жасадық. Екінші сыныпта жүргізген сауалнамаға менің сыныптас достарым қатысты. Барлығы 27 бала.
Алғашқы нәтижелер бойынша сыныптағы ұлдардың жартысы, ал қыздардың 71 пайызы өзінің мекен-жайын, ата-анасының телефон нөмірін жатқа білетінін анықтадық.
Менің достарымның барлығы үйде жалғыз қалғанда бөтен адамға есікті ашпайтынын айтты.
Сыныптағы қыздардың 100 пайызы кө- шеде танымайтын адаммен сөйлеспейді, ша- қырса бармайды, бөтен көлікке отырмайды, танымайтын адам балмұздақ немесе басқа да тәтті зат берсе алмайды екен. Ал ұлдардың 13 пайызы «танымайтын адаммен сөйлесемін» деп жауап берді. Екі бала «білмеймін» деген жауапты белгіледі.
Достарымның жартысынан көбі «үйдің кіреберісіне немесе жеделсатыға бөтен адаммен бірге кірмеймін» деп жауап берді. Ұлдардың кейбірі көшеге ойнауға шығып бара жатқанда ата-анасына кіммен және қайда болатындығын ескертпей кетеді екен.
Зерттеудің алғашқы кезеңін қорытындылай келе, біз сауалнамаға қатысқан ұл балалардың жалпы қауіпсіздік жайында бірнеше ережені білмейтінін анықтадық.
Жобаның нәтижесі бойынша біз сыныпта қауіпсіздік ережелерін талқыладық. Мен достарыма қауіпсіздік туралы айтып бердім. Осы ережелері бойынша парақшалар жасап, оларды мектепте және көшеде тараттым.
Үшінші сыныпта сауалнаманы қайта жүргізіп, нәтижелерін бұрынғымен салыс- тырғанда достарымның үйдегі және көшедегі қауіпсіздік ережелерін толық жаттағаны байқалды.
Біз жаңа сауалнаманы толықтырып, оған интернеттегі қауіпсіздік пен жол жүру ережелері бойынша сұрақтар қосқан болатынбыз. Соның нәтижесінде достарымның біразының телефонды көп пайдаланатындығы анықталды. Олар Ғаламторда түрлі ойындар ойнап, әлеуметтік желілерде адамдармен достасады екен.
Қазір жазғы демалысты пайдаланып интернет қауіпсіздігі туралы ережелер құрастырып жатырмын. Ережелерді өте маңызды деп білемін. Себебі оларды сақтау - қауіпсіздік кепілі!

Нұрсапа Жанболат Бауыржанұлы, 9 жаста Астана қаласының №66 мектеп-лицейінің оқушысы

Қиял ғажайып әлеміне сапар шеккен қыз
Ерте заманда бір кішкентай қыз болыпты. Оның кішкентайлығы сонша тіпті бір саусақпен бірдей. Бір күні ол орманға жеміс - жидек теруге шығады. Ол өзі секілді кішкентай құрмысқаның еңбектеніп жүргенін көреді. Орманның қызығына батып тіпті кеш батып бара жатқанын білмей қалады. Сөйтіп ол бір гүлдің тасасына тығыламын деп шешеді. Ол кезде түн болады қатты жел болып жаңбыр жауады. Гүлдің күлтесі түскені сол еді бір есік пайда болады. Ол есікті ашып кіре бастаған бойда оны Феялар алып кетеді. Артқы жағына қараса оның қанаты пайда болады. Содан бері ол қиял ғажайып әлемінде қалып қояды.

Гайсиева Айым 10 жас Орал қаласы

СЕН ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ НЕ БІЛУІҢ КЕРЕК?
Өзіңнің мекен-жайыңды, ата-анаңның толық аты-жөнін, мобильді телефон нөмірін ЖАТТАП АЛ.
Бөтен адамдарға «ЖОҚ!» деп айтуға ұялма!
КӨШЕДЕ
• Аулаға ойнауға шықпас бұрын ата-анаңа кіммен, қайда болатыныңды және нешеде келетініңді АЙТЫП КЕТ. Егер олар үйде болмаса хат жазып қалдыр. Кешігіп жатсаң міндетті түрде қоңырау шал.
• Көшеде танымайтын адам шақырса БАРМА, СӨЙЛЕСПЕ. Олар тәтті заттар берсе АЛМА!
• Танымайтын көліктерге ЖАҚЫНДАМА!
• Бейтаныс адам түрлі себеппен (мысалы, ком-пьютерлік ойындар көрсету үшін) үйіне шақырса БАРМА!
• Егер сені танымайтын адам алдап немесе күшпен алып кетуге тырысса «Бұл менің әкем (анам, туысым) емес! Бұл адамды мен танымаймын! ҚҰТҚАРЫҢДАР!» деп қатты айқайла.
• Гараждардың, жертөлелердің жанында, жолдың бойында, шатырларда ОЙНАМА!
ҮЙДЕ ЖАЛҒЫЗ БОЛҒАНДА
• Танымайтын адам есікті қақса ЕШҚАШАН ашпа. Бірден ата-анаңа қоңырау шал да, болған жайды айт.
• Егер де біреу пәтердің есігін сырттан бұзып жатса дереу 102 нөміріне және ата-анаңа қоңырау шал.
• Ата-анаң үйге оралғанда күні бойы болған оқиғаларды, есікті қаққан және пәтердің жанында тұрған адамдар туралы хабарла. Бұл МАҢЫЗДЫ болуы мүмкін!
• Сіріңкемен ОЙНАМА!
• Өз бетіңмен терезені АШПА, терезенің үстінде немесе балконда ойнауды әдет қылма! Бұл ҚАУІПТІ!
КІРЕБЕРІСТЕ
• Кіреберіске (подъезд) және жеделсатыға (лифт) бөтен адаммен бірге жалғыз өзің КІРМЕУГЕ ТЫРЫС. Танысыңды немесе көршіңді күт.
• Егер сенің пәтеріңнің жанында танымайтын адам тұрса, оған ЖАҚЫНДАМА! Көршіңнің қоңырауын бас. Ол есік ашқан кезде көмек сұра.
• Қараңғы сатымен жалғыз КӨТЕРІЛМЕ!
• Егер жеделсаты бұзылып тоқтап қалса, одан өз бетіңмен шығуға тырыспа. Дереу ЖЕДЕЛ ШАҚЫРУ түймесін бас!
• Жеделсаты төменге құлап бара жатса, онда әйнегі бар тұстарынан АУЛАҚ ТҰРУҒА тырыс.
• Құлап бара жатқан жеделсатының ішінде қабырғалардан ұстап, үздіксіз секіре бер. Себебі соққы кезінде аяқтарың еденге тиіп тұрса ауыр жарақат алуың ықтимал.
Парақша Астана қаласының № 66 мектеп-лицейінің бастауыш сынып оқушысы Нұрсапа Жанболат Бауыржанұлының «Балалардың қауіпсіздік ережелері» атты ғылыми жобасының аясында жасалды

Достық – алтын қазына
Дос дегеніміз кім? Кез келген адам осы сұраққа талай рет жауап іздеді. Әрине әр адамның өз ойы бар. Менің ойымша дос дегеніміз адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Шын мәнінде адам досты өз қалауымен таңдамайды. Досты өмір өзі саған қосады.
Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілі тұрады. Алдымызда 1-мамыр Халықаралық достық, бірлік, ынтымақ күні келе жатыр. Осының өзінен қазақ халқының досшыл, бауырмал екенін көруге болады. Тіпті Абай атамыз “Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп” айтып кеткен. Қазір біз басқа ұлттармен тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Оның бәрі біздің бір-бірімізге деген ыстық ықыласымыз.
Адамдардың арасындағы қарым-қатынастың іргетасы – адалдық. Өзін адал болмай, өзгеден адалдықты күту бекер. Достықта да адалдық болмаса, ол мәңгілекке ұласа алмайды. Сондықтан дос алтыннан да қымбат деген сөзді әрқашан жадымызда сақтайық. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Көптілеу Ақмарал Ақтөбе облысы, 7-сынып оқушысы

Ұстазым, алтын ұстазым
Бірінші сыныптан оқытқан.
Аяулы ұстазым, ардағым.
Миыма бәрінде тоқытқан,
Өзіңсің алтын ұстазым.

Сүйеніш Аяулым 10 жас Құдайкөл ауылы