Сені қосқан талай ақын жырларына,
Сені қосқан талай ақын арманына.
Туған жерім, байтағым Қазақстан,
Бүгін сені қосамын жырларыма.
Туған жерім Қазақстан елімдей,
Қандай жер бар қасиетті өзіңдей.
Сендей жерді таба алмаспын ешқашан,
Асан Қайғы Жерұйығын іздегендей.
Табиғаты қандай ғажап жерімнің,
Сұлулығы қандай әсем елімнің.
Бурабайдың толқындарын жырлаған.
Қасым ақын табиғатын елімнің,
Елбасымыз жырлаған туған елім,
Өзіңдей ел жоқ маған туған жерім.
Көркейткен елбасыма алғысым көп,
Туған жерім, аңсаған алаш жұртым.
Гүлжайна Рахметоллаева 14 жас
Теміртау қаласы