Мәнгілік ел ата-бабам аңсаған,
Келбетіне қайран қалам тамсанам.
30 елдің қатарына қол созған,
Талай елдер таңдай қағып таң саған.
Қазақстаным сүйікті ұлы өлкем,
Өзіңменен мақтанып өмір кешем.
Өзіңсің мақтанышым қорғанышым,
Әрқашанда саған бәрі туған өлкем.
Кең далалы кеңпейілді қазақпыз,
Құл емеспіз еркін жанбыз азатпыз.
Қас тағдырдың қиқанына көнбейміз,
Ел намысын ешбір жауға бермейміз.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жатыр дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Қара жерде қылтыңы жок бір елміз,
Әрі биік әрі кеңбіз тереңбіз.
Әніміз бар асқақ жалау сықылды,
Көтерілсе тік көтерер жұртымды.
Сенікі мендегіні бәрі сендік,
Өзіңе әрі налып әрі сендік.
Ұраны өмірімнің сияктанып,
Тұрады көз алдымда бір әсемдік.
Өзіңсің Қазақстан ән арманым да,
Аяулым алтын бесік қара орманымда.
Бір нәрсе жетпейді деген қате болар,
Өзіңдей ұлан байтақ жер барында.
Жұмағалиева Зере 10 жас
Ақтау қаласы