Жетелейді бір арман алыстарға,
Самғар көкке, тұңғиық-ғарыштарға.
Өз жолымды табамын, жеңілмеймін
Жеңілмеймін кеудемде намыс барда!
Жетелейді бір арман заңғар көкке,
Қол созамын мейлі азды, мейлі көпке.
Қол созамын, күйем деп қорықпастан,
Жарық күнге әлемге нұрын төккен.
Жетелейді бір арман болашаққа,
Болашақта ер азамат болар шаққа.
Жетейді алыс асу-асқар тауға,
Қиялыммен барып келем сол жақтарға.
Жетелейді бір арман алда күткен,
Бәлкім жалған болуы ойлап көрсем...
Жетем деп үміттеніп, қол созамын
Жетегінде кетпеу үшін сол арманның.
Серікбай Гүлжауһар 15 жаста
Қызылорда қаласы