Ахмадеева Нағима Абдулқызы

Мінекей келді, жетті бір қуаныш,
Баяндайын себебін сіз сұраңыз.
Қанша жыл мектеп үшін терін төккен,
Өмір бойы бала үшін еңбек еткен.
 
Оқушының жүрегіне нұрын сеуіп,
Ұрпағына мәңгі өшпес із қалдырған.
Биология, химия сабақтарын,
Үйретуден ешқашан жалықпаған.
 
Татардың этно мәдениетін
Негізін қалаған да осы адам.
Семейдің мұғалімдер институтын
Бітіріп білім жолына қадам басқан.
 
Жүз он екінші орта мектебінде
Директор болып қызмет еткен.
Аянбай еңбек ету арқасында
Бірнеше орден, медаль табыс еткен.
 
Бұл кім деп танымадым десеңіздер
Кітапхана есігіне кіріңіздер,
Неліктен Нағима Абдулқызы
Есімі берілгенін түсінесіздер.
 

Ерқанат Бекзат № 112 Н. Абдулқызы атындағы орта мектептің 9 «А» сынып оқушысы Қызылорда қаласы