2018 сәуір Балалар бақшасы

Анашым
Мен анамды жақсы көремін. Өйткені, ол мейірімді, ақылды, әрқашан менің жанымда. Ең жақын адамың кім? десе, анам дер ем. Біз екеуміз қыдырамыз, ойнаймыз, сабақ жасаймыз. Мен анама үй жинауға көмектесемін. Анам ең жақсы адам.
Анам менің сұлу жан,
Еркелеймін мен оған.
Жақсы оқы, деп маған
Ескертеді әрқашан.

Тұрсынхан Мариям №31 орта мектебінің 1 «Ә» сынып оқушысы, Алматы облысы, Іле ауданы, Комсомол ауылы

Ана – ғұмыр
Құдіреттің шеберіне қарашы,
Анасына табындырған баласын.
Дүние деп сыйға берген жарықты,
Ризалықпен жүзіне бір қарасын.

Байдан Раяна, №31 орта мектебінің 1 «Ә» сынып оқушысы, Алматы облысы, Іле ауданы, Комсомол ауылы.

Құрметті Сұлушаш Ауғанқызы!
Сізді  8 Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
Жан жадыратар қуанышыңыз мол болсын! Асыл армандарыңыз орындалып, денсаулығыңыз  мұқалмасын! Балаларыңыз мұратқа жетіп, немерелереңіздің қызығын тауыса алмай кенеле беріңіз.
Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып қала беріңіз! Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп жүре беріңіз! Көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын! Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілейміз! 

Тілек білдірушілер:
Малайсары орта мектебінің 4 сынып оқушылары мен ата-аналары

Қыс
Аппақ тонды жамылып,
Келіп қалды қыс-аппақ!
Су мен көлді мұз басып,
Тұрғандай жауып бір қақпақ.
Балалар жүр сырғанап,
Жаурағаны білінбей,
Біреуі жасап аққала,
Келбеті адам түріндей.

Тоқсанбай Жансая № 80 мектеп-лицейінің  8 «Ә» сынып оқушысы, Шымкент қаласы

Мезгілдер
Қыс келді балақай,
Қар атысып ойнайық.
Көктем келді балақай,
Гүлдер теріп алайық.
Жаз келді балақай,
Жемістерді асайық.
Күз келді балақай,
Мектепке жол тартайық. 
 
Туған  елім
Биіктеген әсем қалам – ТҮРКІСТАН,
Саған арнап жазылады осы  ән.
Дами берші, өркендеші Отаным,
Үлесімді менде соған қосамын.

Жанель Көшербай

Баба жолы – бата жолы
Мен бұл ғылыми-зерттеу жұмысымды қазақ халқының
аяулы перзенті – Бауыржан Момышұлына арнаймын
Бұл ой маған А.Бектің «Арпалыс» кітабының 3 томын оқығаннан кейін келді. Батыр атаның өміріне қызыққаным соншалық – «Ұшқан ұя», «Айтылмаған ақиқат» З. Ахметованың «Шуақты күндер», «Бабалар аманаты», Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз», М.Қалдыбайдың «Мен халқымның Бауыржанымын!» кітаптарын бір мезетте оқып шықтым. Кішкентай кезінде «Шаңтимес» атанған бабамыз жігітке қажетті жеті өнерді игерген. Бір өзінен қаржыгер, басшы, қолбасшы, әскери жазушы, аудармашы, ақын, ұстаз келбеті көрінеді. Есейген шағында туғандары оны «Әйей аға» деп атаған. Бауыржан атамызға  әкесі  Момыш кішкентай кезінен бастап жыл аттарын, жеті атасын  үйреткен. Үлкендерді құрметтеп, оларға сәлем беру – тәлім-тәрбиенің көрсеткіші екенін ұқтырған. Ұшқан ұясы мен алған тәрбиесі оны жиырма екі мың адамға қолбасшы болуға жеткізді. Осы  жобаның I бөлімін Сіздерге ұсынып отырмын.
«Майданда менен де өжет, менен де қайсар батырлар көп болды, әттең  олардың ғұмырлары қысқа болды» деп жазған батыр. Халқымыздың құрметі мен махаббаты атамызға бұйырған. Оның бастауы бабамыздың алған батасында жатқан сияқты. Алғаш  дүниеге  келгенде үлкендер «Төл немерең – бел немерең», батаны өзің бер деп сұрағанда Имаш бабасы:
Алатаудың қыраны мол еді – қырағы болсын, құлыным
Қойнауы суға мол еді – бұлағы болсын, құлыным.
Елінің  тілегі зор еді – шырағы болсын құлыным.
Ата тілегі оң еді – құмары болсын құлыным.
Бұл жер батырлар төрі еді – сыңары болсын құлыным, - деп бата береді.
Арада екі-үш ай өткеннен кейін анасы кішкентай Бауыржанды күн көзіне шығарады. Көктем кезі болса керек. Имаш ата ағаш отырғызып жүр екен. Сізге қолқабыс беруге келді, - деген келінінің қолынан алып, сәбиге жас бұтақты ұстатып:
Құрық деп берсем, құл болма,
Шыбық деп берсем, шіл болма,
Бәрінен де, шырағым
Баяны жоқ ұл  болма, - депті.
1936 жылы Казвоенкоматқа шақырту алған Бауыржанға 80-дегі әкесінің берген батасы: «Ақ жүрек болып жолдасың, адалдық сені қолдасын. Жақсылық үшін  тірессең, жаныңды арың қорғасын. Арынды болсын шабысың, алымды болсын табысың, найзадай болсын намысың. Ер жігітке бәрі сын. Қиындық көрсең мұқалма, ауырлық көрсең жұқарма, қамқоршы бол кішіге, үлкенді үлгі тұт  алға!» Міне, осы батаны «Әкемің ақ батасы менің арымның, азаматтығымның, адамгершілігімнің ақ туындай, төбеме көтеріп келемін» деп еске алады Бауыржан Момышұлы. 1943 жылы  Сәбит Мұқанов батырды Жамбыл Жабаевқа сәлем беруге алып барады. Сонда Жамбыл: «Батырдың жолы болсын! Самсаған қолы болсын! Түсі де суық екен, Ісі де долы болсын, Аллаһу әкбар!» –деп бетін сипайды. Жерден тіленген тілек, көктен келіп бабамыздың жолы болды...
Үлкендерге сәлем беріп, қолға су құйып, кішілерге көмек қолын созып, көбірек бата алайық, баянды жігіт болайық, достар!

Әсет  Ермағанбет, 10 жас Орал қаласы

 

Қош келдің, бірінші оқырман!
Кітап – біздің рухани байлығымыз, жан азығымыз. Кітап адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Ол елді, жерді сүюге талапты, кішіпейіл болуға мейірімділікке төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үйретеді. Кітап оқу дегеніміз – оқырманның рухани өмірінің бір жағы. Бар білім де, ақылдың нұр сәулесі де кітаптан тараған «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» - деп  ұлы Абай атамыз таңырқап, тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз бен кітабымыз. Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық – деп, қаңтардың алғашқы күндерінде № 2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі алғашқы оқырманын қабылдады. Бұл мерекеге орай кітапхана іші безендіріліп, кітапханашылар ертегілер әлеміне бүлдіршіндерді саяхатқа шақырды. Оқырмандар алуан түрлі кітаптармен мен кітап кейіпкерлерімен танысып, қазақтың «Алтын сақа», «Ұр тоқпақ», «Тазша бала» ертегілерінен қойылған сұрақтарына жауап берді.
2018 жылдың «Бірінші оқырманы» деген атаққа № 4 орта мектебінің даярлық сынып оқушысы Исабеков Сұлтанбек ие болды. Анасының тәрбиесімен  кітап оқуға деген құлшынысы өте жоғары.  Олай болса, біз кішкентай бүлдіршіндерімізді үнемі компьютер мен ұялы телефонда отырмай, оларды да өз мөлшері мен уақытында ғана қолдануға үйретейік. Тіл мәдениетін, сөйлеу мәдениетін жақсы білгіміз келсе «кітап оқиық» дегіміз келеді. Кітапты көбірек оқуға шақырамыз.

Жұлдыз Қасымбекқызы №2 ОӘҒК-ң балалар әдебиеті бөлімінің кітапханашысы

Рухани жанғыру жан азығы
Рухани жанғыру – біздің ұлттық санамызбен тығыз байланысты. Ең бірінші бірлігі жарасқан елдің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын сананың ашықтығын, адами құндылықтарын кемелденуін негізгі факторларға аламыз. Нақтырақ айтқанда, әрбір адам XXI- ғасырға лайықты тың идеалармен алға жылжып, ұлттық қасиеттердің өмірде көрініс табуына жол ашу керек. Оған біздің мүмкіндіктер жеткілікті сондықтан, ұлттық  холоритімімізді сақтай отырып Цифлы Қазақстан, мәдини және конфессияаралық келісім үш тілде білім беру, Латын әліпбейін меңгеру. т.б. бағыттағы жүйелі жұмыс істеуіміз керек. Елбасының көрегендік саясаты бүкіл  әлемге үлгі боп, қазақ елінің  басындағы бағы зор Мәңгілік ел екендігін  дәлелдейтін ұстанымдарға барынша атсалысып ұстаздар қауымы сапалы білім, саналы тәрбие беруге міндеттіміз. Жанғыру ұғымы өзі мейілінше көнерген, жақандық әлемнен қалыспайтын кейбір дағдағылар мен  әдеттерден  арылу дегенді білдіреді,- дейді Н.Ә. Назарбаев. Сондықтан рухани жанғыру саясатын дер кезінде қабылдаған оң шешім деп танимын. Қазақ бекер айтпайды, бір жағадан бас, бір жеңінен қол шығаруға немесе жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, ел болып, жұрт болып, ұлттық брент пен шоуымызды сақтай отырып, алға жылжуымыз керек.Парасат пен пайым, көкірегі ояу көзі ашық жанның жүрегінде орын алса оны басқаратын оқиға, рухани кемелденген, ой өрісі биік тұлғаға айналып жатсақ нұр үстіне нұр емес пе. Өткенге оралып, ата-баба дәстүрін кейінгі ұрпаққа үйретіп, бойына сіңіру де туған ел, туған жерін сүюге деген көзқарасын жаңғырту болып табылады... Адам алдына мақсат қоя білу керек. Сол мақсатқа жетудің жолдарын жанғырған санамыз арқылы іске асыру, өркениетті елдің түп тамырын, яғни діңін берік ұстап, әрбір адам темірқазыққа  айналуы керек. «Елбасы болашаққа бағдар рухани жанғыру» атты мақаласында тарихтың өткеніне көз жүгіртті.Осы идеяны мен басшылыққа ала отырып, жуырда мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту, әрі сана-сезімдерін ояту үшін өзім сабақ беремін сыныбыма тәуелсіздік ел тірегі атты тәрбие сағатын өткіздім. Онда мақал-мәтелдер мен сөзжұмбақтарды пайдалана отырып, жаңа дәуір мен өткен уақытты байланыстырдым.
Қорыта келгенде, рухани жанғыру біздің еліміз үшін жаңа ғасырға нық қадам. Біз ұстаздар қауымы соған лайықты ат салысып, қазақ елінің өркендеуіне барынша өз үлесімізді қосуымыз керек. Бүгінгі шәкірт – ертеңгі ел болашағы екенін естен шығармағанымыз абзал. Ендеше, рухани жанғыру қашан да жан азығы.

Қуаныш Жұмабекова